Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет96/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Төртінші бөлім
Қазақтың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы
& 26-27. Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы


Қарастырылып отырған кезеңде қазақтар шағын ауылдарға шоғырланып тұратын. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Жекелеген аймақтарда егіншілік пен балық аулау кәсібі дамыды.

  1. Қазақ ауылы. Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елді мекендерде - ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды.

Ауылды жасы ең үлкен кісі, би немесе құрметті ақсақал басқарды. Әр ауыл көбінесе белгілі бір рубасының атымен аталды. Ауыл орманның шетінде, өзеннің не көлдің жағасында, ал таулы жерлерде шатқалдың ішінде орналасты. Орман мен тау қысқы суықтар мен борандар кезінде малды аман сақтаудың табиғи қорғанысы саналды. Ол жерлерден отын мен құрылыс материалдарын жинап алуға да мүмкіндік мол еді. Қоныс таңдаған кезде қазақтар су көздерінің - өзендер мен көлдердің, мол сулы бұлақтардың болуын мұқият ескерді. Олардан ауыз су алды, мал суарды. Ондай су көздері бол- маған жағдайда құдық қазып алуға тырысатын.

  1. Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлері. Қазақтар жаз кезінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй кей жағдайларда қысқы баспанасы да болды. Мұндай кезде ол үйді бірнеше қабат киізбен қымтап, іргесін қармен бастырып тастайтын. Ал елдің оңтүстіктегі жылы аймақтарында киіз үйде қысы-жазы бірдей тұра беруге болатын. Неміс ғалымы Ф. фон Шварц былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтардың қысы-жазы бірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үй адамның қашаннан бергі ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнер табысының бірі екенінде дау жоқ». Киіз үйдің ағаштан жасалатын бөліктерін арнаулы шеберлер - үйшілер, ал киізден жасалатын жабдықтарын киіз басатын әйелдер әзірлейтін. Үйдің бау-шуларын құрастыру, тігу мен жығу да әйелдердің үлесіне тиетін.

Қазақтардың төбесі шошақ қалмақы үйлері де болды. Бірақ олар өте сирек пайдаланылды. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын болып төр саналды. Төрге ең сыйлы адамдар мен қадірлі қонақтар шығарылады. Үйге бас сұққан қонақ қандай дін ұстанатынына, қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан, сол үй иесінің сенімді қорғауында болатын.
XIX ғасырдың 30-50-жылдарында қазақтарда отырықшы өмір салтына көшуге байланысты тұрақты баспана салу үрдісі орнықты. Қазақтар қыста тұратын баспанасын қыстау деп атады. Қыстау топырағы құнарлы жерлерге салынды. Оған жақын жерде, әдетте, рулық зират орналастырылды. Қыстаудың маңында егістік және шабындық жерлер болды. Далалықтар қыстауды адам өлімі көбейіп кеткен немесе мал қырылып, жұт болған кездері ғана тастап кететін. Қыстау әртүрлі құрылыс материалдарынан: тастан, ағаштан, шымнан және шикі кесектен салынатын.
XIX ғасырдың соңына қарай қазақтар төбесі шатырмен жабылатын үй салуды үйренді. Үйдің ішіне қазан асылатын, әрі үйді жылытатын пеш орнатылды. Терезенің көздері малдың тақыр қарнымен керіп тасталды. Қысқы баспана екі бөліктен тұрды. Олардың арасында пеш болды. Оның бір жағы кіреберістегі ауыз үй, екінші жағы адамдар түратын төр үй деп аталды. Төр үйдегі жер еденнің үстіне нар - ағаштан салынған аласа орын жасалды. Ауқатты қазақтардың үйіндегі бөлмелердің саны 3-4-ке дейін жетті. Ағаштан қиып салынатын, ағаш едендері бар үйлер де пайда бола бастады. Әдетте ондай үйлерді орыс ұсталары салатын. Қазақтар киіз үй мен қысқы тұрғын үйдің ішін қамыс пен қураған ағаш және тезек жағып жылытатын. Қазақтарда өсіп тұрған ағашты кесуге қатаң тыйым салынатын.
Тұрғын үйлер мен мал қоралары бір-бірімен жалғасып жатты. Құрылыстың мұндай жинақылығы қысқы суық пен боран кезінде ыңғайлы болатын. Аулада шаруашылыққа арналған төбесі күмбез төріздес шошала тұрғызылды. Онда ет және басқа да азық-түлік өнімдері сақталды, ас пісірілді. Қыс кезінде мал түн мезгілінде қораға қамалатын. Мал қораның үстіне көбінесе пішен жиналатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет