Оқулық а лматы, 2012 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата19.10.2019
өлшемі2,78 Mb.
#50297
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Mektepte deyingi pedagogika Aralbaeva


196

4. Білім берудің озықтық сипаты: топтық орындарда материалдардың 
15%-ы  келесі  жас  сатысындағы  балаларға  бағытталуы  керек  (диагно­
стика  үшін  негіз,  дамудың  эртүрлі  деңгейіндегі  балаларға  бағдарлау 
мүмкіндігі, танымдық белсенділікті жеделдету).
5.  Ортаның динамикалық-статикалық принциптері:
- орта жағдайлы,  тартымды  бола отырып баланың  өзгеруіне  қарай 
өзгеруі тиіс;
- баланың ортаны өзгертуге  өзі өзгеріс енгізе алатындай,  оны  өзіне 
ыңғайлайтындай мүмкіндігі болуы керек.
Айтылған  көзқарастарды  талдай  келе,  олардың  кейбір  ортақ 
тұстарын,  көптеген  принциптердің  мазмұны  жағынан  үндес  екендігін 
атап  көрсету  қажет.  Олар  педагогикалық  іс-эрекеттің  гуманистік 
бағытталғандығы, балаларды тұлғалық-бағдарлық тэрбиелеу мен оқыту 
мақсаттарын  жүзеге  асыруды  көздейтіндігі,  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың тұлғасын жэне іс-эрекетін дамыту үшін көпфункционалды 
кеңістік  құру  Дамытушы  ортаны  құру  принциптерін  анықтаудағы 
эртүрлі  көзқарастың  болуы  мектепке  дейінгі  мекеме  педагогтарына 
өз  көзқарасын  білдіруге  жэне  соның  негізінде  дамытушы  шарттардың 
оңтайлы кешенімен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Баланың даму ортасын жобалау процесі үздіксіз, оны аяқталды деу- 
ге болмайды. Мектеп жасына дейінгі бала өседі, дамиды, барлық салада 
онда өзгерістер  болады  (мотивациялық,  физикалық,  интеллектуалдық, 
коммуникативтік,  креативтік).  Баламен  бірге  оны  жаңа  белсенділік 
түрлеріне жетелейтін қоршаған кеңістік өзгереді. М. Н. Полякова педагог 
құрған бастапқы орта өз функцияларын екі айда орындайтындықтарын, 
одан кейін оның түрленіп  өзгеретінін айтады.  Оның үстіне  статикалық 
кезең  бойы  баланы  қоршаған  кеңістікке  түрлі  өзгерістер  енгізіп  тұру 
қажеттігін атап көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ортасын жобалағанда жэне 
құрғанда  педагог  мынаны  түсінуі  керек.  «.. .балалардың  өмір  сүретін 
ортасындағы  жағдай  оларды  тэрбиелеуде  еш  нэрсемен  салыстыруға 
келмейтін  зор  рөл  атқарады.  Орта  жағдайы  эсер  етпейтін  тэрбиенің 
ешқандай  жағы  жоқ,  баланың  тікелей  нақты  қоршаған  ортасының 
тэуелді емес қабілеті жоқ...»  - деп көрсетеді Е. И. Тихеева.
10.5 М ектепке дейінгі мекемеде дам ы туш ы  ортаны құрудың зама­
науи тұж ы ры м дам алары
Мектепке  дейінгі  мекемеде  дамытушы  ортаны  мақсатты  бағытты, 
педагогикалық  тұрғыдын  ақталған  жобалау  мамандардың  ортаның
197

тұлғаға  тэрбиелік,  оқытушылық,  дамытушылық  эсерін  жэне  қазіргі 
заманғы  балалардың іс-эрекетін айқын түсінудің негізінде  жүзеге  асы- 
рылуы тиіс. Бұл процесте түрлі факторлар кешенін есепке алу қажеттілігі 
мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  дамытушы  орта  құрудың  жалпы 
тұжырымдамасын  жасаудың  маңызының  жоғары  екендігін  көрсетеді. 
Ол педагогиканың онымен сыбайлас ғылымдардың ғылыми негізделген 
деректеріне  сүйенуі  тиіс,  оған қойылатын неғұрлым жоғары  талаптар- 
ды  ескеруі  керек жэне  жергілікті жерлерде  педагогтардың нақты  білім 
беру  мекемелерінің  ерекшеліктеріне  бағытталған  шығармашылығына 
кең жол ашып беру қажет.
Тұжырымдама  -   жобалау  түрі,  ол  арқылы  негізгі  көзқарас, 
жүйені  құрудың  жетекші  ойы  баяндалады.  Оған  оны  негіздейтін  тео­
рия  қосылады,  қарастырылатын  құбылыстың  түсініктемесі  енгізіледі, 
жүйені тікелей ұйымдастырудың теориялық қағидалары беріледі.
Мектепке  дейінгі  педагогикада  дамытушы  ортаны  жобалаудың 
тұжырымдамалақ негізін жасау С. Л. Новоселованың, Л. М. Кларинаның,
В.  А.  Петровскийдің,  Л.  П.  Стрелковтың,  М.  Н.  Полякованың  жэне 
т.б.  аттарымен  байланысты.  В.  А.  Петровскийдің  басшылығымен 
жасалған  тұжырымдамада  мектепке  дейінгі  мекемеде  дамытушы  орта 
құрудың маңызы мен принциптері анықталған, оны іс жүзіне асырудың 
нұсқалары ұсынылған.
М. Н. Полякова мектепке дейінгі мекемеде дамыту ортасының жал­
пы сипаттамасын анықтаған, онда дамытушы ортаны құру принциптері 
берілген,  бұл  принциптерді  педагогикалық практикаға енгізу  мектепке 
дейін білім беруді гуманизациялауды қамтамасыз етеді.
С. 
Л. Новоселованың жетекшілігімен Мэскеу аймақтық «Астана-лық 
білім беру» бағдарламасы аясында біртұтас тұжырымдама жасалды, ол 
тұжырымдаманың  ғылыми  психологиялық-педагогикалық  негіздерін; 
балалық  шақтың  дамытушы  заттық  ортасының  тұжырымдамасының 
негізгі қағидаларын; мектепке дейінгі мекемеде дамытушы заттық орта 
жүйесінің базалық компоненттерін негіздеуді қамтыды.
Тұжырымдамамен  дамытушы  ортаның  базалық  компоненттерін 
жобалау жөнінде эдістемелік ұсыныстар бірге жүреді.
Мынадай  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  С.  Л.  Новоселованың 
тұжырымдамасына қысқаша сипаттама берейік:  мектеп жасына дейінгі 
балалар үшін дамытушы ортаны жобалағанда педагог қандай теориялық 
негіздерге сүйенуі тиіс? Ортаның маңызды компоненттерін іріктей оты­
рып  нені  ескеруі  керек?  Тұлғаны  қалыптастыру  жэне  балалардың  іс- 
эрекеті үшін,  олардың субъективтік қасиеттері үшін олардың  қайсысы
198

қажетті (базалық)? Бала толыққанды, жан-жақты даму үшін орта қандай 
қандай негізгі талаптарға сай болуы тиіс?
Тұж ы ры мдаманы ң  ғы лы м и  психологиялық-педагогикалық 
негіздері
Тұжырымдама  эрекеттік-жас 
ерекшелікке 
негізделеді 
жэне 
іс-эрекетінің  заттық  сипатының  заманауи  түсініктеріне,  баланың 
психикалық  жэне  тұлғалық  дамуы  үшін  маңыздылығына  сүйенеді.
С.  Л.  Новоселова  іс-эрекет  өзінің  іс-эрекет  тэжірибесі  субъектісінің 
қорытындысына 
байланысты 
өзінің 
психологиялық 
мазмұнын 
үнемі  өзгертіп  тұратындығын  пайымдаған.  Іс-эрекеттің  бала  элемін 
қалыптастыратын  қорытынды  тэжірибесі  қандай  да  бір  іс-эрекетте 
нақты  істің  мақсаттарына  жету  жағдайында  бағдарды  анықтап  қана 
қоймайды,  оның  келесі  мазмұнын  байытады  (А.  В.  Запорожец,  П.  Я. 
Гальперин, Д. Б. Эльконин, М. И. Лисина). Іс-эрекет психиканы құрады, 
эрекетсіздік тұлғаны  депривацияға,  оның  мүмкіндігін  шектеуге  экеліп 
соғады.
Бала  дамуының  күшті  байытушы  факторы  -   элеуметтік-мэдени 
айналасы  жэне  оның  заттық  ортасы.  Әрбір  бала  өзінің  дамуында 
сөзсіз жанұяның,  оның тұрмысының,  мэдени  артықшылықтарын жэне 
үлкендердің  іспен  шұғылданатындығын,  бос  уақыт  мазмұнын  көреді. 
Мектепке  дейінгі  мекеме  білім  беру  орталығы  ретінде  «бағдарланған» 
мэдениет  зарядын  алып  қана  қоймайды,  балалардың  өмірін  түрлі 
жағдайларда  байытып  жүрген  мөлтек  ауданның,  қаланың,  ауылдың 
мэдени  ахуалын  да,  олардың  іс-эрекет  жэне  эмоционалдық-құндылық 
қатынастарындағы  тэжірибесін  де  көреді.  Әр  жас  сырттан  өзі  үшін 
керектіні алады.
Іс-эрекетті құраушы  фактор  болып оның пэні есептеледі.  Іс-эрекет 
пэні  (оның  мотиві,  А.  Н.  Леонтьев  бойынша)  эжептэуір  материалдық 
жэне  идеалдық  нэрсе  болуы  мүмкін.  Сэбилік  кезде  мотив  пен  пэн 
бірге  болады.  Ары  қарай  пэн  қоғамдық-берілген  мэнді  айқындайды, 
жэне  іс-эрекет  мотиві  заттың  өзі  емес,  оның  атқаратын  қызметі  бола- 
ды,  кейіннен  оның  түрлену  маңызы,  мүмкіндігі  болады.  Бір  мезгілде 
пэннің  функциясы  өзгереді.  Баланың  өсу  процесінде  іс-эрекет  мотиві 
мен пэннің функциясының бұл ауысуы, С. Л. Новоселованың пікірінше, 
балабақшада дамытушы ортаны құру негізі болып табылады.
Б а л ал ы қ  ш ақты ң дам ы туш ы  ортасы ны ң негізгі қағидалары
Ерте  балалық  шақтан  бастап  баланы  толыққанды  дамытудың  ба­
сты тетігі баланың іс-эрекеті, оның сан алуан түрлері болып табылады. 
Тэрбиенің эртүрлі кезеңінде іс-эрекет түрлері жетекші есебінде жүреді.
199

Баланы толыққанды дамытуды қамтамасыз ету үшін дамытушы заттық 
орта  мен  үлкен  адамдардың  балалармен  мазмұнды  қарым-қатынасы 
қажет.
Дамытушы заттық орта,  С.  Л. Новоселова көрсеткендей,  - бұл бала 
іс-эрекетінің,  рухани  жэне  физикалық  бейнесін  дамытудың  мазмұнын 
функционалды түрде модельдейтін материалдық объектілерінің жүйесі. 
Байытылған орта дегеніміз - баланың сан алуан іс-эрекетін қамтамасыз 
ететін элеуметтік жэне табиғи құралдардың бірлігі. Бұл ортаның негізгі 
элементтеріне  архитектуралық-ландшафтық  жэне  табиғи-экологиялық 
объектілер;  көркемдік  студиялары,  ойын,  спорттық  алаңдар  жэне 
олардың  жабдықтары;  ірі  габаритті,  баланың  бойына  мөлшерлес  мас- 
штабты  (бойына шақ) конструкторлар; ойыншықтардың, құралдардың 
тақырыптық жинақтары;  оқыту  мен тэрбиелеудің аудиовизуалды жэне 
ақпараттық құралдары жатады.
Дамытушы  орта  білім  беру  мекемелерінің  эртүрлі  типтерінде: 
яслиде, 
балабақшасында, 
балалардың 
бос 
уақыттарын 
өткізу 
орталықтарында  жэне  т.с.с.,  сол  сияқты  дамуында  ауытқуы  бар 
балалардың  реабилитациялық  мекемелерінде  өзіндік  ерекшеліктерге 
ие болады.
Балалар мекемелерінің құрылысын салуды жобалағанда студиялар, 
шеберханалар, тірі бұрыш, компьютерлік кешендер жэне т.с.с.  орынды 
қарастыру  қажет.  Олар  ғимараттың  ішінде  де,  даладағы  алаңдарда  да 
бала  іс-эрекетіне  қажетті  барлық жабдықтармен,  ойын  жэне  спорттық 
алаңдармен,  көгалдандырылған  аулалармен  толық  қамтамасыз  етілген 
болуы тиіс.
Халыққа  білім  беру  мекемелерінің  қызметі  балалар  алаңдарын, 
аулалардағы  ойын  алаңдарын,  саябақтарды  салуға,  оларда  штаттағы 
мамандарды ұстауға арналуы тиіс.
Тұжырымдама  нұсқалы  дамытушы  ортаның  дизайн-жобаларын 
жэне балалар үшін арнайы орындар жасауды қарастырады.
Дамытушы ортаға қойылатын талаптар
Ортаның  дамытушы  сипаты.  Ол  объективті,  өзінің  мазмұны  мен 
қасиеттері  арқылы,  баланың шығармашылдық іс-эрекетіне  жағдай жа- 
сауы  керек,  физикалық  жэне  психикалық  даму  мақсаттарына  қызмет 
етуі,  ақпаратты  жэне  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  жуық  арадағы 
даму  зонасына  бағытталған  болуы  керек.  Ортаның  дамытушы  функ- 
циясы  баланың қарапайым іс-эрекет түрінен неғұрлым күрделі түріне 
көшуіне  ықпал  ететін  дэстүрлі  жэне  жаңа,  өзгеше  компоненттердің 
есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
200

Ортаның  бала  іс-эрекетінің  когнитивтік  (танымдық)  құрылымына 
сэйкес  болуы,  яғни  ортада  балаға  белгілі  жэне  зерттеуге  жататын 
проблемалық компоненттер болуы керек.
Ортаның  нұсқалылығы.  Мектепке  дейінгі  мекеменің  типіне, 
мақсаттары  мен  білім  мазмұнына,  мэдени  дэстүрлеріне  қарай  орта 
қайталанбас  түрге  енеді.  Бұл  материалдардың  көптігімен,  көркемдік- 
бейнелік  шешіммен,  оның 
компоненттерінің  ауқымдылығымен 
қамтамасыз етіледі.
Орта функционалдық сенімділік жэне қауіпсіздік деңгейінде жайлы 
болуы керек.  Орта компоненттері -  мөлшерлес масштабты жэне балалр 
мен  үлкен  адамдардың  іс-эрекетінің  макро-  жэне  микрокеңістігімен 
өлшемдес болуы тиіс.
Бала іс-эрекетінің объектілері мен құралдары, олардың эстетикалық 
жэне  гигиеналық  көрсеткіштері  ғылыми  негізделген  сипатта  болуы 
қажет.
Іс-эрекеттің  көшпелі  жэне  тұрақты  құралдары  мен  объектілерінің 
болуы  эрбір  балаға  іс-эрекетті,  оны  орындаудың  қарқынын,  мерзімін 
жэне шарттарын өз бетімен таңдауға мүмкіндік жасайды.
Мектепке  дейінгі  мекемені  архитектуралық-жоспарлау  шешімі 
эртүрлі  жастағы  жэне  эрекетті  меңгеруде 
эртүрлі  деңгейдегі 
балалардың  біріккен  іс-эрекеті  үшін  жағдай  туғызуды, 
жергілікті 
этнопсихологиялық,  мэдени-тарихи жэне  табиғи-климаттық жағдайды 
ескеруді қарастырады.
Білім  беру  мекемесінде  заттық  орта  жүйесі  отбасы,  тұрғын 
мөлтекаудан жағдайларымен сэйкес болуы тиіс.
Заттық  ортаның  барлық  компоненттері  мазмұны,  масштабы, 
көркемдік шешімі жағынан бір-бірімен байланысты болуы керек.
Заттық  орта  бала  іс-эрекетінің  объектісі  мен  құралы  ғана  емес, 
педагогикалық  процесс  мэдениетін  жеткізуші  болып  табылады, 
педагогқа шығармашылық үшін мүмкіндік жасайды, тұлғалық-кэсіптік 
өзін-өзі сыйлауды қолдауға қызмет етеді. Қазіргі кезде қажетті дамыту­
шы  заттық ортаның жеткіліксіздігінен  іс-эрекетті  депривация жасауға 
жол  берілмеуі  керек.  Заттық  вакуум  жағдайында  баланың  жаңаны 
білуге ынтасы жойылады, аптия туындайды.
Баланың шығармашылық дамуының үлкен резерві мектепке дейінгі 
балалық  шаққа  балалардың  ойындары  мен  басқа  да  іс-эрекет  арқылы 
енетін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Мектепке 
дейінгі 
мекеменің  дамытушы 
ортасын  жобалау 
мемлекеттік, қалалық деңгейлерде жасалуы керек.
201

Дамытушы заттық ортаның базалық компоненттері
Балалық  шақтың дамытушы  ортасын жобалауға талаптың жоғары 
болуы мектепке дейінгі мекеме басшылары мен педагогикалық ұжымға 
тиісінше  жауапкершілік  артады.  Жобалағанда  ортаның  біртұтас 
жүйесін  құрайтын 
базистік  компоненттері  болатындығы  ескерілуі 
керек.  Базистік  компоненттер  топтық  орындарды  ғана  емес,  басқа  да 
функционалдық  кеңістікті  қамтуы  тиіс.  Түрлі  базалық  компонент­
тер  педагогикалық  процесті  формалды  ұйымдастыруға  мүмкіндік 
бермейді.  Тұжырымдама  аясында  балалар  үшін  мектепке  дейінгі 
мекеменің функционалдық орындары үлкендерге  арналған орындарды 
да  есептегенде  қолжетімді  болуы  керек.  Кейбір  жекелеген  орындарға 
(эдістемелік кабинет, тамақ жасайтын бөлме) бару шектеулі болуы тиіс, 
бірақ жабық болмауы керек.  Балалар мекемелері ата-аналар үшін де  өз 
таланттарын кеөрсете алатындай мэдени орталыққа айналуы тиіс.
Мектепке дейінгі мекеменің заттық дамытушы ортасының базалық 
компоненттері мыналар:
•  топтық орындар;
•  компьютерлік-ойын кешені;
•  балалар кітапханасы, видеотека;
•  дизайн-студия;
•  музыкалық жэне  и театр-би кешені;
•  дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
•  мектепке дейінгі мекеме жанында аула-саябақ;
•  аула-саябақта жануарлар ұстау орындары;
•  қысқы бақ жэне жануарлар ұстау үшін бұрыштар;
•  мектепке  дейінгі  мекеменің  архитектуралық  бейнесі  жэне 
сыртқы көрінісі;
•  мектепке дейінгі мекеменің аула-саябағының жэне ғимаратының 
территориясына кіреберісі;
•  баспалдақ марштары жэне рекреациялар;
•  балалар мен үлкендер үшін жалпы асхана;
•  мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің демалатын бөлмесі;
•  эдістемелік кабинет;
•  меңгерушінің кабинеті;
•  психологтың кабинеті;
•  медициналық кабинет;
•  балалар  мекемесінің  тұрмыстық  жағдайын  қамтамасыз  етуге 
арналған орын;
•  қосымша орындар.
202

Көрсетілген орындар дамытушы ортаның заманауи тұжырымдамасы 
аясында  педагогикалық  процесті  толыққанды  ұйымдастыру  үшін 
қажетті  (базалық)  болады.  Оларды  жоспарлауға  жэне  жабдықтауға 
мамандардың  (эргономистердің,  дизайнерлердің,  психологтардың, 
педагогтардың) ерекше назары керек.
Белгіленген  базалық  компоненттер  дамытушы  ортаны  құрудың 
көпнұсқалылығының  негізін  құрайды.  Әрбір  жобаға  барлық  компо­
ненттер  немесе  олардың  бөлігі  кіруі  мүмкін.  Мектепке  дейінгі  меке­
ме  жұмысының  практикасында  жүйелілікті,  масштабы  мен  стилінің 
бірлігін  сақтай  отырып  заттық  орта  мазмұнының  біртіндеп  өсуі  жаңа 
элементтерді  енгізу  арқылы  байытылуы  мүмкін.  Сонымен  бірге 
орта  азфункционалдылықпен,  артық  заттармен  толтырылмауы  тиіс. 
Оның  міндеті  -   эрбір  баланы  қызықты,  пайдалы  іспен  шұғылдануды 
қамтамасыз ету.
Баланың даму  ортасын жобалағанда бала үш  кеңістікте:  оның  қол 
қимылымен (масштаб «көз-қол»), бойы мен үлкендердің заттық элемімен 
шамалас  эрекет  болмай,  жан-жақты  дамыту  мүмкін  болмайтындығын 
ескеру керек.  Ендеше,  мектепке дейінгі мекемеде баланы дамыту орта­
сы бала эрекет жасайтын заттық ортаның үш масштабы болуы керек.
Дамытушы  орта  өзінің  мүмкіндіктерін  баланың  осы  ортада 
үлкендермен қарым-қатынасының арқасында ашады. С. Л. Новоселова: 
«Үлкен адамдардың дайындығынан,  біліктілігінен,  олардың балаларға 
мейірімділік  мен  мүдделілік 
қарым-қатынасынан  заттық  ортаның 
эсерлілігі,  баланың  өз  іс-эрекетінде  оны  меңгергісі  келетіндігі  жэне 
меңгере  алатындығы  белгілі  болады»  деп  көрсетеді.  Мектепке  дейінгі 
мекеменің түрлі базалық компоненттерінің жобаларының нұсқалары С. 
Л. Новоселованың жұмысының маңызды бөлігін қояды.
10.6  Шетелдерде мектеп ж асы на дейінгі мекемеде балаларды  да­
мыту ортасын  жобалау
Шетелдерде  мектепке  дейінгі  мекемелерді  жобалау  (көбінесе 
европалық  мектепке  дейінгі  білім  беру  қарастырылады)  баланы 
қорғаушы,  сақтандырушы, дамытушы жэне динамикалық орта жасауға 
бағдарланған.  Дамытушы  орта  құруда  шетел  тұжырымдамасы  аясын- 
да  қоғамдық  орын  архитектурасы  эрбір  тэрбиеленушінің  элеуметтік 
жэне  дара  дамуын  жеделдетуі  керек.  Ол  үшін  табиғи  жэне  жасан- 
ды  элементтерді  біріктіру  қажет,  бірдей  дизайн  мен  стильден,  үш 
масштабты  пэндік  орта  құру  қажеттілігі  жөнінде  көбінде  қазақстан
203

тұжырымдамасымен  үндес  арнайы  балалар  элемін  құрудан  бас  тар­
ту  керек.  Дегенмен 
қазақстандық  педагогикада  ортаның  бірыңғай 
жүйеқұрушы  діңгегіне,  стиліне,  көркемдік  шешіміне  бағыну  қажеттігі 
көрсетіледі.  Дамытушы  кеңістік  құру  бірқатар  принциптер  мен  та- 
лаптарды  ескере  отырып  ғылыми  негізделген  тұжырымдама  негізінде 
жүзеге  асырылады.  Шетел  педагогикасында  дамытушы  орта  құру 
тұжырымдамасы қандай?
Бізге  қажетті  тұжырымдаманың  негізін  құрайтын  жеткілікті 
мөлшерде  Т.  В.  Фуряева  терең  жазып  суреттеген  мектепке  дейінгі 
балалық  шақ  ортасының  қажетті  жэне  функционалдық  сипаттамасын 
негіздеуі. Тұжырымдаманың негізін құрайтын пункттеріне тоқталайық. 
Топтық  бөлме  кеңістігін  құрастыру дегеніміз  -  оны  акустикалық жэне 
оптикалық тұрғыды  бірінен  бірі  бөлек аумақтарға бөлу.  Ол үшін жыл- 
жымалы  керегелер,  мебель,  өсімдіктер,  жалюзи,  маталар  пайдаланы- 
луы  мүмкін.  Құрылымдық  безендіруге  тік  жазықтықтар  да  жатады: 
биіктіктер,  баспалдақтар,  галереялар.  Балалар  іс-эрекеті  аясына негізгі 
топ бөлмесіне тиісті барлық орындар (гардеробтар, фойе, холл, көмекші 
орындар) қамтылады.
Үлкендер  балаларды  арнайы  бөлмелерде  ғана  емес,  топта  да  бо­
латын түрлі деңгейдегі жабдықтар, турниктер, конструкциялар арқылы 
олардың  барынша  қозғалыс  жасауын  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Қолда 
бар  қозғалмалы  иілгіш  элементтермен  қоса  балаларға  бөлмені  өз 
талғамдарымен безендіру жэне  өзгерту құрылымын жасауға мүмкіндік 
берген жөн болады (қорапшалардан, картоннан құрылыс салу). Үлкендер 
балалардың  жасаған  керегеге,  матаға,  орамалға,  жамылғышқа,  теріге 
жэне  т.с.с.  бекітілетін ілгегі  бар,  палаталық типтегі  конструкцияларын 
мақтаған дұрыс болады. Балалар топта болып жатқан жағдайды байқай 
алуы  үшін жабатын матаның жартылай көрініп тұратын болғаны  жөн. 
Палаталық  типтегі  құрылыстарда  зерттеу,  эксперимент  жасау  (радио- 
жэне  электр  жабдықтарымен),  табиғи,  лақтыру  материалдарымен 
ойын,  онда  коллекциялар  жинау  (түймелер,  тастар,  ракушкалар  жэне 
т.б.) қарастырылуы мүмкін.
Ойын 
аумағын 
жасағанда 
оның 
міндеттерін 
анықтауда 
жасандылыққа  жол  бермеу  керек  (мысалы,  ас  дайындайтын  ойын 
бөлмесінде  балалар  үлкендердің  басшылығымен  ас  үй  заттары- 
мен  жұмыс  істеуді  үйренеді,  тамақ  ішу  мэдениетіне  дағдыланады, 
қарапайым салаттар дайындауы мүмкін).
Топта қол өнеріне, сурет салуға арналған орын болуы керек (жабы- 
стыру, сурет салу, музыкалық өнерге жэне т.с.с.).
204

Арнайы  бұрыштардан  басқа  топтық  орындарда  барлық  бала- 
лар  үшін  еркін  қолжетімді  көпфункционалды  аумақ  қарастырылуы 
керек.  Бұл  орын  тыныш  жерде  орналасуы  тиіс,  отыратын  орындар- 
мен  жабдықталған,  оқу,  байқау,  эксперимент  жасау  материалдарымен 
қамтамасыз етілген болуы керек.  Ол топтың барлық балаларының ара- 
ласуы  үшін:  оқу,  айтып  беру,  келіспеушіліктерді  шешу,  жоспарларды 
талқылау  жэне  басқа  да  бірге  істейтін  жұмыстар  үшін  қажет.  Оның 
қасына қуыршақтармен  ойнайтын  бұрышты  орналастыру  ұсынылады. 
Топтық  бөлменің  ортасында  міндетті  түрде  мебельмен  толтырылып 
қоймаған балалар еркін қозғала алатындай кеңістік қалдырылуы тиіс.
Соңғы  кезде  балабақшасы  практикасында  көпдеңгейлі  (екі-  жэне 
үшқабатты)  аумақ жасау үрдісі орын алды.
Моторлық  функцияларды  дамытудан  басқа  барлық  заттық- 
кеңістіктік орта бала қиялын,  елестетуін оятуға,  тосын оқиға атмосфе- 
расын құруға (жасырын бұрыштар,  қараңғы туннель, үңгір жэне т.с.с.) 
бағытталған болуы керек.
Балабақшасын  жабдықтаудың  заманауи  тұжырымдамасында  топ 
бір  бөлме  емес,  бас  жэне  көмекші  бөлмелерді,  жуынатын  бөлмелерді, 
туалетті, заттарды сақтайтын бөлмені жэне кіреберісті қамтитын белгілі 
бір бірлік ретінде қарастырылады.  Қосалқы жэне ойын материалдарын 
сақтау  бөлмесі  балалар  ұқыптылықпен  қараған  жағдайда  балалардың 
қарамағында  болуы  да  мүмкін.  Киім  шешетін  орынның,  оның  ішінің, 
керегесінің, еденінің пайдалану мүмкіндіктеріне мұқият қараған жөн.
Жуынатын  бөлмеге  ерекше  назар  аударған  жөн,  оны  сумен  ойнау 
үшін жэне  эксперимент жасау үшін,  су бұрышын жасау үшін  (су  асты 
ұлуы,  өсімдіктері, ракушкалары бар бақша) пайдалануға болады.
Орындарды,  интерьерді,  декорацияларды,  өсімдіктердің  орналасу- 
ын,  терезелерді  жарықпен,  түрлі  түстермен,  акустикалық  безендіруді 
ойластыру  ұсынылады.  Жайлы  жэне  ертегідей  жағдай  туғызу  үшін 
түрлі  түсті  эйнекті  пайдалануға  болады.  Жарықтандырудың  бірнеше 
режимі  болуы  тиіс:  толық,  жартылай  қараңғылау.  Түс  гаммасын 
таңдағанда  көзге  ұрып  тұратын  түстерден  аулақ  болу  керек.  Топтың 
кеңістігін шамадан тыс толтырмау маңызды, оның басты заттары бала- 
лар шығармашылығының өнімі болуы тиіс.
Балалардың  мазасыздануы  мен  жайсыздығын  болдырмау  үшін 
материалдарды  көп  мөлшерде  пайдалануға  болмайды.  Заманауи  ин­
терьер  мен  табиғат  элемін  біріктіру  балаларда  үйлесімді,  жайлылық, 
қорғалғандық сезім ұялатады.
Қарапайымдылық,  шынайылық,  нанымдылық  балалар  өмірінің
205
14-7463

ортасын  кеңістіктік-заттық  тұтастығын  қалыптастырудың  бастапқы 
принциптері ретінде қарастырылады.
Маңыздысы  көшеде  алаң  жабдықтау  болып  табылады.  Алаңда 
міндетті  түрде  мыналар  болуы  тиіс:  су,  жылға,  құм,  от жағатын  орын, 
өрмелейтін  ағаш,  тікенсіз  жэне  улы  емес  бұталар,  негізгі  қозғалыс 
түрлері үшін жабдықтар (лабиринт, төбешік, тумбалар, турниктер, аспа- 
лы канаттар, байқау мұнаралары). Бормен сурет салу үшін міндетті түрде 
асфальтпен  жабылған  орын  болуы  керек.  Құрастыру  үшін  ірі  табиғи 
материал  болғаны  жөн  (ағаш  кесінділері),  қораптар,  шиндар.  Алаңды 
безендірудің  басты  мағынасы  -   түрлі  іс-эрекетті  белсенділендіру, 
балалардың қиялы мен шығармашылдығын,  физикалық дамуын ояту.
Тұжырымдаманың ең басты  қағидасы  бала мен үлкендер  элемінің 
серіктестігін  дамытуға  ұсыным  беру.  Кіреберіс,  холл,  гардеробтық 
орындар, айналаны жабдықтау қарқынды түрде ата-аналардың мекеме­
де  көбірек болуына,  қызметкерлермен,  басқа да ата-аналармен  қарым- 
қатынас жасауына эсер етуі тиіс.
Сонымен,  шетелдерде  мектепке  дейінгі  мекемелердің  дамытушы 
ортасын  жобалау  проблемасын  қарастыра  келе,  бұл  процесті  эртүрлі 
деңгейдегі  мамандар  (инженерлер,  архитекторлар,  дизайнерлер,  пе- 
дагогтар)  жүзеге  асырады  жэне  эбден  құрылған,  ғылыми  негізделген 
тұжырымдамаға негізделетіндігін атап өтеміз. Мектепке дейінгі балалық 
шақтың заттық ортасын жобалау мэселелері ары  қарай зерттеуді қажет 
етеді,  оны  теория  мен  практикада  тұрғыда  құрудың  жаңа  нұсқаларын 
іздестіру жүзеге  асырылып жатыр.
Өзіндік жұмысқа арналган тапсырмалар
1. Сөздікті жаңа терминдермен толықтырыңыздар. Олардың арасы- 
на байланыс орнатыңыздар.
2. «Заттық-кеңістіктік орта, оның мектеп жасына дейінгі балалардың 
тұлғасын жэне іс-эрекетін дамытудағы рөлі» атты проспект жазыңыздар 
(проспектің көлемі  1,5-2 бет).
3. 
«Дамытушы 
ортаны 
құру 
принциптері» 
атты 
кесте 
құрастырыңыздар.  Кестеге  бұл  принциптердің  кем  дегенде  екеуіне 
түсініктеме беріңіздер.
4.  Мектепке  дейінгі  мекеме  мен  жанұяның  дамытушы  ортасын 
құрудың  көрнекті  мысалдарын  дайындаңыздар.  Тапсырманы  орын­
дау  үшін  педагогикалық  практикадағы  суреттеріңізді,  «Обруч», 
«Дошкольное  воспитание»,  «Детский  сад»  жэне  басқа  да  журналдар- 
ды  пайдаланыңыздар.  Көрнекті  материалды  қажетті  компоненттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет