Оқулық а лматы, 2012 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата19.10.2019
өлшемі2,78 Mb.
#50297
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Mektepte deyingi pedagogika Aralbaeva


128

пікірінше,  педагог  бала  өмірінің  ортасында  болуы  керек,  болып 
жатқан  жағдайды  түсінуі  тиіс,  ойнап  жүрген  балалардың  мүддесіне 
еніп,  оны  түзетіп  отыруы  қажет.  Педагогикалық  процесте  ойын 
ұйымдастырушылық  функциясын  орындау  үшін  педагогқа  ойын 
арқылы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  қандай  міндеттерін  неғұрлым  тиімді 
етіп шешуге болатындығын жақсы түсінуі керек. Барлық топқа қатысты 
міндеттерді және жеке балаға қатысты міндеттерді жоспарлаған жөн.
Ойынның ерекшеліктеріне қарай балалардың көмегімен шешілетін 
міндеттерді,  балалардың  ойын  әрекетінің  қалыптасқандық  деңгейін 
педагог  өзінің  ойынға қаншалықты  қатысы  бар  екендігін,  әрбір  нақты 
жағдайдағы жұмыс әдістерін анықтайды.
Мектепке  дейінгі  педагогика  ойынды  бала  тұлғасын  жан-жақты 
тәрбиелеу  құралы  және  балалар  өмірін  ұйымдастыру  түрі,  бала­
лар  қоғамын  қалыптастыру 
және  жеке  тәжірибе  (өмірдің  әртүрлі 
жағдаяттарында  өзін  тұлға  етіп  көрсету)  жинақтау  құралы  ретінде 
қарастырады).
Сонымен,  ойын  балалардың  өмірі  мен әрекетін ұйымдастыру түрі 
ретінде күн тәртібінде және педагогикалық процесте тұтас өзінің нақты 
орнын алуы тиіс.  Балабақшада оқыту  мен тәрбиелеу  бағдарламасында 
күн тәртібінде ойын үшін бекітілген уақыт көрсетілген (ертеңгі жаттығу, 
серуенде,  күндізгі  ұйқыдан  кейін).  Педагог  балаларды  ынталандыру 
үшін,  белсенділігін  арттырып,  жағымды  эмоция  туғызу  үшін  қандай 
тәртіптік  процестерді  ойын  түрінде  беру  керек  екендігін  ойластыруы 
тиіс.
Егер  ойын  іс-әрекеттің  басқадай  бір  түрімен  тығыз  байла- 
ныстырылса,  онда  ойынның  педагогикалық  мүмкіндіктері  арта- 
ды.  Ойынды  еңбекпен,  бейнелеу  және  конструктивтік  іс-әрекетпен 
ұштастырған  неғұрлым  тиімді.  Педагог  балалардың  іс-әрекетін  ойын 
түрінде  ұйымдастыра  отырып,  біртіндеп  олардың  белсенділігі  мен 
ынталылығын  дамытады,  ойында  өзін-өзі  ұйымдастыру  дағдыларын 
қалыптастырады.  Педагогикалық  процесте  ойынды  жан-жақты  пай- 
далану  оны  мектепке  дейінгі  кезеңде  тұлғаны  дамытудың  объективті 
заңдылықтарымен сәйкестендіреді.
Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар
1. Жеке сөздіктерге «ойын» ұғымының түсініктемесін жазыңыздар. 
Олардың ортақ және  айырмашылық белгілерін бөліп көрсетіңіздер.
2.  Бөлім  бойынша  ұсынылған  әдебиеттерді  пайдаланып,  бала­
лар  ойындарының  2-3  классификациясын  кесте  түрінде  беріңіздер.
129
9 -7 4 6 3

Классификация  негізіне  жататын  белгілерді  айқындаңыздар.  Мына 
сұраққа  жауап  беріңіздер:  «Неге  бір  де  бір  аяқталған  (бір  мәнді) 
классификация  жоқ?».  Балалар  ойындарын  классификациялауда  өз 
нұсқаларыңызды  ұсыныңыздар.  Тапсырманы  орындау  үшін  мына 
әдебиеттерді  пайдаланыңыздар:  «Дошкольная  педагогика»  оқулығы, 
С.  Л.  Новоселованың  «О  новой  классификации  детских  игр»  атты 
мақаласы (Дошкольное воспитание.  1997. №3.).
3.  Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі ба­
лалар ойындарының маңызын мысалдар арқылы көрсетіңіздер.
4.  «Балалар  ойындарының  функциялары»  тақырыбына  конспект 
жазыңыздар. Тапсырманы орындау үшін  С. А. Шмаковтың «Игры уча­
щихся  как  феномен  культуры»  атты  құралын  пайдаланыңыздар  (М., 
1994).
¥сынылатын әдебиет
1. Аникеева Н. П. Воспитание игрой.- Новосибирск,  1994.
2.  Артемова  Л.  В.  Окружающий  мир  в  дидактических  играх  до­
школьников.- М.,  1992.
3.  Касымова  Г.  М.  Развивающие  игры  детей  дошкольного  возрас­
та. -  А.,  1998.
4. Артемова Л. В. Театрализованные игры дошкольников.- М.,  1991.
5. Богуславская З. М., Смирнова Е. О. Развивающие игры для детей 
младшего дошкольного возраста.- М.,  1991.
6.  Бондаренко А. К. Дидактические игры в детском саду.- М.,  1985.
7.  Воспитание  детей  в  игре/  Состав.:  А.  К.  Бондаренко,  А.  И. 
Матусик.- М.,  1983.
8.  Дошкольная  педагогика  /  Под  ред.  В.  И.  Логиновой,  П.  Г. 
Саморуковой.- М.,  1988. Ч.1,2.
9. Игра дошкольника / Под ред.  С.  Л. Новоселовой.- М.,1991.
10. Козлова С. А., Куликова Т. А. Дошкольная педагогика.- М.,2000.
11.  Психология  и  педагогика  игры  дошкольника/  Под  ред.  А.  В. 
Запорожца, А. П. Усовой.-М.,  1966.
12. Шмаков С. А. Игры учащихся -  феномен культуры. -  М.,  1994.
13. Эльконин Д. Б. Психология игры.- М.,  1978.
130

8-ТАРАУ
СЮ Ж ЕТТІК-РӨЛДІК  О ЙЫ Н   М ЕКТЕП   ЖАСЫ НА  ДЕЙІН ГІ 
БАЛАЛАР  О Й Ы Ң ДА РЫ Н Ы Ң  Н ЕГІЗГІ  ТҮРІ  РЕТІНДЕ
Жоспар
8.1  «Сюжеттік-рөлдік  ойын»  ұғымының  мазмұны,  оның  балалар 
ойыны құрылымындағы орны.
8.2  Мектепке  дейінгі  кезеңде  сюжеттік-рөлдік  ойындардың 
ерешеліктері.  Сюжеттік-рөлдік ойындардың мектеп жасына дейінгі ба- 
лаларды дамыту мен тәрбиелеудегі маңызы.
8.3  Сюжеттік-рөлдік  ойындардың  құрылымы.  Құрылымдық 
элементтердің сипаты.
8.4 Сюжеттік-рөлдік ойындардың даму кезеңдері мен деңгейлері.
8.5  Мектепке  дейінгі  мекемеде  сюжеттік-рөлдік  ойындарды 
ұйымдастыру  (Н. Я. Михайленко, Н. А.  Короткованың әдістемесі).
8.1  «Сюжеттік-рөлдік ойын» ұғы м ы ны ң мазмұны, оның балалар 
ойыны құры лы м ы ндағы  орны
Ойын -  мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі.
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ойын  іс-әрекетінің  жетекші 
түрі  сюжеттік-рөлдік  ойындар.  Сюжеттік-рөлдік  ойындар  мектеп  жа­
сына дейінгі  балаларға тән  ойындардың негізгі  қорын құрайды.  Оның 
құрамына  құрылыс-конструктивтік,  театрландырылған  және  басқа да 
ойындардың элементтері кіруі мүмкін.
Психолог  Д.  Б.  Эльконин  сюжеттік-рөлдік  ойындарға  мынадай 
анықтама  береді:  «Рөлдік,  немесе  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
шығармашылдық  ойыны  деп  аталатын  ойын  дамыған  түрде  балалар 
өздеріне үлкендердің ролін (функциясын) алатын және жалпы түрде ар­
найы  жасалған  ойын  жағдайында үлкендердің  әрекетін  және  олардың 
арасындағы қарым-қатынасты қайталау әрекеті».
Л.  С.  Выготский  сюжеттік-рөлдік  ойындардың  негізі  жорамал  не­
месе  ойша елестету  жағдаяттары,  онда бала  өзіне  үлкеннің  ролін  ала­
ды да,  өзі  жасаған  ойын жағдайында ойын амалдарын орындайды  деп 
көрсетті.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі  -  балаларды қоршаған әлемдегі 
заттар, адамдар, табиғат,  өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері.
131

А.  В.  Запорожец  былай  деп  көрсетті:  «Ойын,  ертегі  сияқты,  бала 
күнделікті  эсер  шеңберінен  шығып,  адамзат  ұмтылысының  және 
ерлік істерінің неғұрлым кең әлеміне  ене  отырып,  оны  өзі бейнелейтін 
адамдардың санасы мен сезіміне кіруге үйретеді».
Ойын  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  өмірінде  маңызды  орын 
алады және  баланың  өзіндік іс-әрекетінің басым түрі  болып саналады. 
Сюжеттік-рөлдік  ойындарда  амалдарды  түсіну,  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынасты  бағдарлау,  кооперацияның  алғашқы  дағдылары  да­
миды  (А.  В.  Запорожец, А. Н.  Леонтьев,  Д.  Б.  Эльконин,  Л. А.  Венгер, 
А. П. Усова).
Еркін  сюжеттік ойын -  мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық 
ойын,  ойында  бала  іштей  еркіндіктің  субъективтік 
сезімін,  өзіне 
бағынышты  заттарды,  амалдарды,  қатынастарды  басынан  өткізеді,  ал 
мұндай эсер мектеп жасына дейінгі баланың өнімді іс-әрекетінің басқа 
түрлерінде  бола бермейді.  Сюжеттік ойын баладан нақты  «өнім» талап 
етпейді.  Онда бәрі «солай сияқты» болады. Бала үлкендердің кез келген 
ісін табысты істей алады, кез келген ситуацияға кіре де алады,  «қалаған 
оқиғасын»  басынан  өткізеді.  Бұл  мүмкіндіктер  баланың  практикалық 
әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоционалды рең береді.
Сюжеттік-рөлдік  ойындардың  көзі  -   балаларды  қоршаған  орта. 
Сюжеттік-рөлдік  ойындар 
балалардың  ұйымдастырылған  және 
өзіндік  іс-әрекетінің  әр  түрлеріне  қосылады  және  оларды  дамыту  мен 
тәрбиелеуде басты маңызы бар.
8.2  М ектепке дейінгі кезеңде сюжеттік-рөлдік ойындардың 
ерешеліктері.  Сюжеттік-рөлдік ойындардың мектеп ж асы на 
дейінгі балаларды  дамыту мен тәрбиелеудегі маңызы
Сюжеттік-рөлдік 
ойындардың 
оларға 
қатысушылардың 
өз 
беттілігін,  шығармашылдығын  бейнелейтін  өзіндік  ерекшеліктері  бо- 
лады.  Сюжеттік-рөлдік ойындардың басты ерекшелігі, зерттеушілердің 
пікірінше,  оларды  балалардың  өздері жасайды,  ойын әрекеті  жарқын 
бейнеленген өз беттілік және шығармашылдық сипатта болады.
Сюжеттік-рөлдік  ойындардың  өзі  жасаушылық  сипаты,  Д.  Б. 
Элькониннің пікірінше,  «...балалар  ойын тақырыбын  өздері  таңдайды, 
оны  дамыту  жолын  өздері  анықтайды,  рөлдерді  қалай  ашу  керек 
екендігін,  ойынды  қалай  қыздыратындығын  және  т.с.с.  шешеді». 
Басқаша  айтқанда,  сюжеттік-рөлдік  ойында балалар  құбылыстардың, 
қатынастардың белсенді және  өзгеше түрде қайталап көрсетеді.
132

Оның өзгешелігі балалардың қабылдау ерекшеліктерімен, қандай да 
бір  фактілер  мен құбылыстарды  саналы түрде түсінуімен, тәжірибенің 
және тікелей сезімнің бар немесе жоқ болуымен байланысты.
К.  Д. Ушинский  сюжеттік-рөлдік ойындарда ең бастысы  сол, бала 
өзі орындайтын рөлге  өз көзқарасын, түсінігін,  оқиғаға өзінің қатысын 
нақтылы түрде көрсетеді деп атап көрсеткен.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың шығармашылдық сипаты  сол,  онда 
іске  асырылатын  ой  бар,  оны  орындау  баланың  өзін  қоршаған  дүние 
жөніндегі  әсерін  көрсете  білу  қабілетін  дамытумен  түйіндес  бола­
ды. 
Сюжеттік-рөлдік  ойындарға  ойын  әрекетінің  негізгі  мынадай 
белгілері тән:  эмоционалдық қанықтылық,  қызығушылық,  өз беттілік, 
белсенділік, шығармашылдық, жарысушылық, кооперация.
Сюжеттік-рөлдік  ойындар  сипатына қарай -   бейнелеуші  іс-әрекет, 
бірақ  алынған  білімді,  әсерді  бала  түрлендіріп,  тұлғалық  сипат  беріп 
және  өзінің жеке тәжірибесін қосып,  өз ой елегінен өткізеді.
Сюжеттік-рөлдік  ойындар  ойын  әрекетінің жетекші  түрі  екендігін 
айта  келіп,  оның  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен 
тәрбиелеудегі маңызын атап өту қажет.
Сюжеттік-рөлдік  ойындардың  дамытушылық  маңызы  әр  алуан. 
Ойында бала өзін қоршаған әлемді таниды, ойлау операциялары, сезімі, 
еркі жетіледі, құрбыларымен өзара қарым-қатынасы қалыптасады, өзін- 
өзі бағалауы мен өзіндік санасы орнығады.
Ойынның  педагогикалық  маңызы  жөнінде  Р.  И.  Жуковская,  Н.  К. 
Крупская,  С.  И.  Карпова, А.  С.  Макаренко, А. П.  Усова,  Д. Б. Эльконин 
және басқа педагогтар мен психологтар жазды.
Л.  С.  Выготский,  А.  Н.  Леонтьев  және  Д.  Б.  Эльконин  сюжеттік- 
рөлдік  ойынның  психикалық  дамудағы  маңызын  ашып  берді.  Олар 
сюжеттік-рөлдік  ойында  тұлғаның  мотивациялық-сұраныстық  саласы 
дамиды:  балада мазмұнына қарай іс-әрекеттің жаңа мотиві туындайды 
(үлкен болғысы келеді және солардың міндеттерін орындағысы келеді), 
үлкендердің  қарым-қатынас жүйесінде  өз  орнының  шектеулі  екендігін 
түсінеді  және  солардай  болу  талабы  пайда  болады.  Сюжеттік-рөлдік 
ойында мотивтердің жаңа психикалық формасы пайда болады  (тікелей 
қалау  түріндегі  мотивтен  қоғамдық  көзқарас  түріндегі  мотивтерге 
көшу) деп көрсетті.
Психологтардың (Л. А.  Венгер, В.  В. Давыдов, Я.  Л. Коломинский,
С.  Л.  Новоселова,  Д.  Б.  Эльконин  және  т.б.)  зерттеулері  сюжеттік- 
рөлдік  ойындарда  сананың  символикалық  (таңбалық)  функциясы 
қалыптасады,  ол  нақты  заттардың  орнына  олардың  орынбасарларын
133

пайдаланудан  тұрады  деген  тұжырым  жасайды.  Сыртқы,  нақтылы 
орынбасарларды пайдалану ішкі, бейнелік орынбасарларды пайдалану- 
мен  ауысады,  ал  бұл  баланың  барлық  психикалық  процестерін  қайта 
құрады,  оған  ойша  шынайы  өмірдегі  заттар  мен  құбылыстар  туралы 
түсінігін  қалыптастыруға,  оларды  эр  алуан  ойлау  міндеттерін  шешуде 
қолдануға  мүмкіндік туғызады.
А. 
В.  Запорожец,  П.  Я.  Гальпериннің  ойлау  эрекетін  кезеңдеп 
қалыптастыру  теориясына  сүйене  отырып,  сюжеттік-рөлдік  ойын 
психикалық 
процестерді  қалыптастыруда  өзінше  бір  материалдық 
кезең  болып  табылады,  ол  балаға  түсінікті  көрнекті-ықпалды  түрде 
(модельдеу),  эмоционалдық  түрде  тартымды,  бірақ  жас  ерекшелігіне 
байланысты әлі де шамасы келе қоймайтындай үлгілер жасауға  жағдай 
жасайды деген болжам  айтады.
Д.  Б.  Элькониннің  жетекшілігімен  жүргізілген  зерттеулерде, 
кейбір  интеллектуалдық  операцияларды  қалыптастыру  мысалын- 
да  ұжымдық  сюжеттік-рөлдік  ойындарда  балада  қарастырылатын 
объекті мен құбылысты объективті бағалау іске асуы мүмкін және оның 
интеллектуалдық  операцияларының  дамудың жаңа деңгейіне  (нақты- 
операционалдық)  көшуі  мүмкін деп  айтылған.  Әртүрлі  көзқарастарды 
үйлестіру 
мүмкіндіктердің 
пайда 
болуы 
балаларда 
«шартты- 
динамикалық»  көзқарасты  (нақты  және  «шартты»  көзқарасты  бір 
мезгілде табу)  қалыптастыру есебінен  олардың эртүрлі ойын рөлдерін 
біртіндеп өздеріне алған жағдайда жүзеге асырылады.
Л. 
А. 
Венгер 
сюжеттік-рөлдік 
ойындардың 
маңызын 
қалыптастыруда  балалардың  қабілеттері  басқа  адамның  пікіріне, 
заттарға солардың көзімен қарайды деп көрсетті.
Зерттеушілер  еркін  процестерді  дамыту  үшін  сюжеттік-рөлдік 
ойынның маңызын анықтауға үлкен назар аударды.
Л.  С.  Выготский  еркін  тэртіп  қалыптастыруды  аффективтік- 
сұраныстық  сфера тұрғысынан  қарастырды.  Оның  пікірінше,  баланың 
негізгі қалауын қанағаттандыру үшін -  үлкендер сияқты әрекет істеуі, өз 
тәртібін ережелерге бағындыруы қажет. Ережелерді орындау - баланың 
жалпы аффектілерін орындау құралы.
А. 
В.  Запорожецтің  зерттеуі  мектеп  жасына  дейінгі  балада  еркін 
есте  сақтаудың,  белгілі  бір  әрекетті  ұстаудың,  сюжеттік-рөлдік  ойын 
жағдайында  күрделі  қимылдарды  жасаудың  сапалық  және  сандық 
көрсеткіштері үлкендердің тура тапсырмаларын орындау жағдаяттардан 
әлдеқайда жоғары болады деп көрсетті.
Сюжеттік-рөлдік  ойындарды  зерттеушілердің  (Л.  С.  Выготский,
134

А.  В.  Запорожец,  Д.  Б.  Эльконин)  пікірінше,  ойын  мотивациясы 
ерекшеліктерінің есебінен болатын танымдық және еріктік процестердің 
дамуы  ең  алдымен  баланың  өзіне  алған  ролін  орындауымен  байланы­
сты.
Л.  А.  Венгер,  Л.  С.  Выготский,  К.  Д.  Ушинский  сюжеттік-рөлдік 
ойындарда елестету дамиды  деп  көрсетеді.  В.  В.  Давыдов  ойында бір 
заттың  функциясын  бұл  функцияларды  атқармайтын  (  бөрене  нанға 
айналады  және  т.с.с.)  екінші  затқа  көшіру  қабілеті  дамиды.  Осы  еле­
стету қасиетінің  арқасында В.  В.  Давыдовтың  ойынша,  балалар  ойын­
да  заттар-орынбасарларды,  символикалық  амалдарды  пайдаланады. 
Ойында  заттар-  орынбасарларды  кеңінен  пайдалану  балаға  орнына 
қоюдың  басқа да типтерін  (модельдеу,  схемалар,  таңбалар  және  т.с.с.) 
меңгеруіне мүмкіндік береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың  баланы дамытуда жоғарыда аталған 
маңызынан  басқа  тұлғаның  адамгершілік  қасиеттерін  дамыту  үшін 
маңызды  екендігін  айтуға  болады  (С.Н.  Карпова,  Н.К.  Крупская,  А.С. 
Макаренко  және  т.б.).  Сюжеттік-рөлдік  ойындар  арқылы  балалар 
моральдық  нормаларды  және  тәртіп  ережелерін  меңгереді.  Ойында 
қарым-қатынас  стилі,  балалардың  құрбыларымен  және  үлкендермен 
қатынасы қалыптасады, сезімі және талғамы тәрбиеленеді және т.с.с.
Сонымен, сюжеттік-рөлдік ойын -  мектеп жасына дейінгі баланың 
жетекші  іс-әрекеті.  Ол  мектеп  жасына  дейінгі  бала  ойынының  негізгі 
қорын құрайды.  Балалардың шығармашылық ойынының бұл түріне іс- 
әрекет ретіндегі ойындардың ерекшеліктерінің барлығы тән. Сюжеттік- 
рөлдік ойынның айрықша ерекшелігі ойынның негізгі ойы орындалатын 
елестету жағдаяттардың болуы.  Ойын мектеп жасына дейінгі  баланың 
тұлғалық дамуы  мен  тәрбиеленуінің  барлық  жағына  эсер  етеді.  Оның 
ерекше құрылымы болады.
8.3  Сюжеттік-рөлдік ойындардың құры лы м ы . Қ ұры лы м ды қ 
элементтердің сипаты
Ойын -  бала іс-әрекетінің түрі. Кез келген іс-әрекет сияқты ойынның 
құрылымы  бар.  Оған  іс-әрекет  құрылымының  барлық  компоненттері 
тән:  мотив,  мақсат,  жоспарлау,  орындау  құралдары,  ойын  амалдары, 
нәтиже.  Сюжеттік-рөлдік  ойындар  шығармашылдық  бола  тұрып,  өз 
ерекшелігін құрылымдық компонентерге жүктейді.
Т.  А.  Куликова  сюжеттік-рөлдік  ойында  мынадай  құрылымдық 
компоненттерді анықтайды:  сюжет, мазмұн,рөлдер, ойын амалдары.
135

Ойын  сюжеті  баланың  өмірдегі  қарым-қатынастарының  және 
айналасындағылардың 
іс-әрекетіндегі 
белгілі 
бір 
амалдардың, 
оқиғалардың  бейнесі.  Ойын  сюжеттері  әртүрлі:  тұрмыстық  ойындар
-  жанұя,  балабақша;  адамдардың  кәсіби  еңбегін  көрсететін  өндірістік 
ойындар;  аурухана,  дүкен  ойнау  және  т.б.,  қала  күнін  мерекелеуге 
арналған қоғамдық ойындар және т.с.с.
Сюжетті орындаудың негізгі құралдарының бірі ойын амалдары. В. 
И.  Логинова,  П.  Г.  Саморукова  ойын  амалдарының  екі  түрін  атайды: 
оперативтік және бейнелеу -  «солай сияқты».
Педагогтар  мен 
психологтардың  (Д.  В.  Менджерицкая,  П.  Г 
Саморукова,  Д.  Б.  Эльконин)  көптеген  зерттеулері  сюжеттік-рөлдік 
ойындардың  негізгі  мазмұны  үлкендердің  әртүрлі  жағдайда  көрініс 
беретін қоғамдық өмірі:  адамдардың заттарға амалы мен қатынастары, 
олардың  еңбектерінің  мазмұны,  адамдардың  тұрмыстағы,  еңбектегі 
және т.б.  қарым-қатынастары деп көрсетті.
Рөл  -  сюжеттік-рөлдік  ойынның  негізгі  діңгегі  болып  табыла- 
ды.  Ойында рөлдің  болуы  бала санасында  өзін  қандай да бір  адаммен 
теңестіреді  де,  ойында  соның  атынан  әрекет  жасайды,  соған  сәйкес 
қажетті  заттарды  пайдаланып,  басқа  ойыншылармен  түрлі  қарым- 
қатынасқа түседі.
Ойындағы  рөлді  дамыту  проблемаларымен  Д.  Б.  Эльконин 
шұғылданды.  Зерттеулер  негізінде  ол  ойында  бала  өзіне  алған  рөлді 
орындау  ең  басты  деген  қорытындыға  келді.  Даму  барысында  бала 
өзінің  рөлін  түсінеді,  өзінің  немесе  жолдастарының  ойнаған  рөліне 
сыни көзбен қарайды немесе рөлдердің мазмұны  өзгереді -  амалдарды 
бейнелеуден  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  көрсетуге  ауыса- 
ды.
В. 
И.  Ядэшко,  В.  В.  Сохин  сюжеттік-рөлдік  ойынның  тағы  да екі 
компонентін көрсетеді:  ойынның түпкі ойы, ережелер.
Ойынның түпкі ойы -  бұл балалар нені және қалай ойнайтындығын 
анықтау:  дүкенді ме, балабақшаны ма және т.б.
Ойын  процесіндегі  ережелерді  балалар  өздері  қояды,  ал  кейбір 
ойындарда  -  үлкендер,  олар  ойнаушылардың тәртібі  мен  өзара қарым- 
қатынасын  анықтайды  және  реттейді.  Олар  ойынға  ұйымшылдықты, 
беріктікті  тілейді,  мазмұнын  бекітеді  және  ары  қарай  дамуын,  қарым- 
қатынас пен өзара қарым-қатынастың күрделіленуін анықтайды.
Проблема  бойынша  түрлі  әдебиеттерге  талдау  жасау  сюжеттік- 
рөлдік  ойындардың  мынадай  құрылымдық  компоненттерін  анықтауға 
мүмкіндік  берді:  ойынның  түпкі  ойы,  сюжеті,  мазмұны,  ролдер,  ойын
136

амалдары,  ережелері.  Бұл  компоненттер,  балалардың  үлкендермен 
біріккен  іс-әрекетінде  мектепке  дейінгі  балалық  шақтың  барлық 
кезеңдерінде  балалар  өмірінде  маңызды  орын  алатын  көптеген 
сюжеттік-рөлдік ойындарда кездеседі.
8.4  Сюжеттік-рөлдік ойындарды дамытудың кезеңдері мен 
деңгейлері
Сюжеттік-рөлдік  ойындар  бала  іс-әрекетінде  бірден  пайда  бол- 
майды.  Ол  дамудың  кезеңдерінен  өтеді.  Ойынды  даму  кезеңдерінде 
қарастырайық.
Т. А. Куликова ойын эрекетінің дамуын мынадай кезеңдерге бөледі, 
олар,  оның  ойынша,  сюжеттік-рөлдік  ойындардың  алғышарттары  бо- 
лады.
Бірінш і  кезең  -   таныстыру  ойыны.  Оның  мазмұнын  заттардың 
қасиеттері  мен  сапасын  тексере  отырып,  баланың  үлкендермен  бірге 
жасаған амал-манипуляция құрайды.
Ойын эрекетінің  дамуының  екінш і  кезеңінде  бейнелеу  ойындары 
пайда  болады,  онда  баланың  іс-қымылы  заттың  ерекше  қасиеттерін 
анықтауға  және  оның  көмегімен  белгілі  бір  эффектіге  қол  жеткізуге 
бағытталады.  Бұл  кезеңде  бала  назары  ойыншықтардың  қасиеттеріне 
ауады  және  оны  соларға  сәйкес  әрекет  жасауға үйретеді:  шарикті  до- 
малату,  ұсақ  ойыншықтарды  қорапшаға  салу;  заттарды  пішініне, 
физикалық қасиеттеріне қарай бөлуге үйретеді.  Сюжеттік-рөлдік ойын- 
дарды қалыптастыру үшін баланы амалдарды қорытуға, яғни үйренген 
амалдарын бір заттан екінші затқа көшіруді үйрету маңызды.
Үшінші  кезең  -   сюжеттік-бейнелеу  ойыны.  Ойынды  дамытудың 
бұл кезеңі бірішінің аяғына -  өмірінің екінші жылының басына келеді. 
Балалар  күнделікті  өмірден  алған  әсерін  белсенді  түрде  бейнелей  ба- 
стайды (қуыршақты әлдилейді, қонжықты тамақтандырады және т.с.с.).
3-7  жастағы  балалардың  сюжеттік-рөлдік  ойындарын  терең  зерт- 
теу  негізінде  Д.  Б.  Эльконин  ойынды  дамытудың  төрт деңгейін  бөліп 
көрсетіп, оларға сипаттама берді, оның пікірінше, бұлар даму сатылары 
да болады.
Бірінш і деңгей. Мазмұнды ойындар -  бірге ойнаушыға бағытталған 
заттармен амалдар жасау.
Рөлдер  бар,  бірақ  олар  амалдарды  анықтамайды,  амалдардың 
сипатымен анықталады.  Ережеге сай рөлдер айтылмайды.
Амалдар  біртекті  және  бірнеше  қайталанатын  операциялардан
137

тұрады. Ойын амалдар жағынан тек қоректендіру актілерімен шектеулі, 
олар логикалық тұрғыда өзінің алдындағы амалдармен болғандағыдай, 
өзінен кейінгі амалдарға жете алмайды.
Екінш і  деңгей.  Ойынның  мазмұны  -   заттар  арқылы  амалдарды 
орындау, бірақ ойын амалдарының шынайылыққа сәйкес болуы бірінші 
кезекте тұрады.
Рөлдерді  балалар  атайды.  Функциялар  бөлінеді.  Рөлдерді  орындау 
онымен байланысты амалдарды орындауға әкеледі.
Амалдарды  орындау сапасы кеңейеді және  амалдардың белгілі  бір 
типінің  шеңберінен  шығады.  Амалдар  логикасы  өмірдегі  ретпен,  яғни 
нақты шындық ретімен анықталады.
Үшінші деңгей. Рөлдің негізгі мазмұны рөлді және содан туындай- 
тын амалдарды орындау болады, олардың ішінен басқа ойыншылармен 
қарым-қатынас  сипатын беретін арнайы  амалдар  бөлініп шыға бастай- 
ды.
Рөлдер  айқын  кезекке  қойылған  және  анықталған.  Балалар 
өздерінің  рөлдерін  ойын  басталғанға дейін  атайды  жэне  іс-қимылын 
бағыттайды.  Амалдардың  логикасы  мен  сипаты  өзіне  алған  роліне 
қарай анықталады.
Амалдар  әртүрлі  болады.  Өзінің  және  жолдасының  ойындағы 
роліне  байланысты  жолдасына қаратып рөлдік  сөз  сөйлеу,  бірақ  кейде 
кәдімгі ойыннан тыс қарым-қатынас та үзіледі.
Төртінші деңгей.  Ойынның негізгі  мазмұны рөлде  басқа балалар 
орындайтын басқа адамдарға қарым-қатынаспен байланысты  амалдар­
ды орындау болады.
Рөлдер  нақты  белгіленген  және  айқындалған.  Балалардың  рөлдік 
функциялары  өзара байланысты.  Сөйлеушінің  сөзі  оның  өзі  мен  ой- 
найтын адамның ролімен анықталатын  рөлдік сипатта болады.
Балалар  сюжеттік-рөлдік  ойынын  қалыптастырудың  жоғары 
деңгейіне  қол  жеткізу  үшін  балалардың  ойын  білігі  мен  дағдыларын, 
білімін және үлкендер тарапынан алатын әсерін дамыту қажет.
Т.  А.  Куликова,  П.  Г.  Саморукова  атап  көрсеткендей,  сюжеттік- 
рөлдік  ойындарды  дамыту  екі  бағытта жүреді:  ойынды  әрекет ретінде 
қалыптастыру;  ойынды  балаларды  тәрбиелеу  және  балалар  ұжымын 
қалыптастыру құралы ретінде пайдалану.
Бірінші  бағы тты  кеңірек қарасты райы қ.
Мектепке  дейінгі  педагогикада  балалар  ойынын  басқарудың  бай 
тәжірибесі бар  (Р.  И.  Жуковская, Н.  Ф.  Комарова,  Д.  В.  Менджерицкая,
Н.  Я.  Михайленко,  П.  Г.  Саморукова жэне  т.б.).  Қазіргі  кезде  «ойын-
138

ды  басқару»  термині  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  ойынын  «дамы­
ту»  ұғымымен  ауыстырылған.  Ойын  -   балалардың  шығармашылық 
жэне  өзіндік  эрекеті  екендігін  түсіне  отырып,  педагогтар  үлкендердің 
қатысуымен  балалардың  ойын  білігін  дамыту  қажеттілігін  түсінеді. 
Осы жағдайда ғана балалар ойыны қызықты,  эр алуан, ал ойын эрекеті 
осы  жас  кезеңінде  балаларды  дамытуда  жетекші  эрекет  ролін  орын- 
дайды.  Сонымен  бірге  үлкендердің  эсері  балаларда  жағымды  эмоция 
туғызатындай эдепті,  сыпайы болуы тиіс.
Ойынды  дамытудың  авторлар  ұсынған  тэсілдерін  шартты  түрде 
екі  топқа бөлуге  болады:  қосалқы  эсер  тэсілдері  жэне  ойын  білігі  мен 
дағдыларын дамытуға тура басшылық тэсілдері.
Тура  педагогикалық  тэсілдер:  ойынға  рөлдік  қатысу,  балалар 
келісіміне  қатысу,  ойын  амалының  үлгісін  көрсету,  ойынның  дайын 
сюжетін  ұсыну,  ойынның  дайын  тақырыбын  ұсыну,  ойын  барысында 
кеңес  беру,  түсіндіру,  алдағы  ойын  мазмұны,  ондағы  рөлдерді  бөлу 
жөнінде  эңгімелесу,  көмектесу,  ойыншықтар,  атрибуттар  таңдауға 
көмектесу, рөлдік істерге үйрету.
Басқарудың  аталған  тэсілдері  мақсатты  бағытты  түрде  ойынның 
мазмұнына, балалардың ойындағы қарым-қатынасына, ойыншылардың 
тэртібіне эсер етуге мүмкіндік береді.
Балалар ойындарына тікелей араласпайтын қосалқы эсер тэсілдері 
сан алуан:  сабақта, серуенде, балалармен сөйлескенде, эңгімелескенде, 
кітап оқығанда, суреттер мен иллюстрацияларды қарағанда балалардың 
қоғамдық  өмір  туралы  білімін  байыту;  нақтылы  ойын  эрекетінің 
құрылымы,  оның  мақсаты,  құралдары,  амалдар  реті,  нэтиже,  еңбек 
процесінде  адамдардың  өзара  эрекеттері  мен  қарым-қатынастары,  өз 
араларында міндет бөлу туралы білімді қалыптастыру; ойыншықтарды 
пайдалану,  ойын  жағдайын  жасау;  балалардың  өткен  ойындардан 
көргендерін  естеріне  салу;  ойынға  ынталандыратын  бейнелеу,  еңбек, 
конструктивтік іс-эрекетті ұйымдастыру.
Сюжеттік-рөлдік  ойынды  дамытудың  эдістері  мен  тэсілдерін 
таңдағанда  балалардың  белсенділігінің  артуына  қарай  қосалқы 
тэсілдерді  көбірек  пайдалану  керек  екендігін  ескеру  қажет.  Балалар 
неғұрлым кіші болса, солғұрлым педагог ойынды ұйымдастыруға назар 
аударуы керек.
С. 
А. Шмаков, педагог ойынды ұйымдастырғанда ұстанатын негізгі 
принциптерін  қарастыра  келіп,  ойынның  өзіне  тэн  функцияларын 
орындауды қамтамасыз ететін негізгілерін анықтады.  Бұл принциптер- 
ге мыналарды жатқызды:
139

•  балалар  ойынға  кіріскенде  ешқандай  мэжбүрлеудің  болмауы; 
эміршілдік  ойынның  мэніне  қайшы  келеді,  өзара сыйластықты  қолдау 
маңызды.  Балаларды ойынға ерікті түрде  ғана қатыстыруды  қарастыру 
керек;
•  ойын  динамикасын  дамыту  принципі  ойын  ережесі  арқылы 
орындалады, олар сюжеттің дамуына себепші болады; ойынды белсенді 
ететін ойын бастамасын мадақтау;
•  ойын атмосферасын туғызу принципі, келіспеушілік туғызатын 
сэттерге  жол  бермеу,  ойын  аксессуарларын  кеңейту,  сэтсіздіктерге 
тренингілер өткізу, бала ойындарының репертуарын кеңейту;
•  ойын  жэне  ойыннан  тыс  іс-эрекетті  өзара  байланыстыру 
принципі  (балаларды дамытудың көптеген процестерін тездетуші бола 
тұрып,  ойын  құнды  эрекеттер  -   еңбек,  эксперименттеу  эрекеттеріне 
қарағанда ойын  екінші  кезекке  қалуы  тиіс;  мектепке  дейінгі  мекемеде 
ойын -  басқа эрекетке көшу құралы);
•  қарапайым  ойындардан  неғұрлым  күрделі  ойындарға  көшу 
принципі;  баланы  біржақты,  қарапайым  ойындар  аясында  ұстау 
қауіпті,  баланың  өзін-өзі  көрсете  алуына,  қарым-қатынас  орнатуына 
көмектесетін ойынның неғұрлым күрделі моделіне қарай ұмтылу қажет.
8.5 
М ектепке дейінгі мекемеде сюжеттік-рөлдік ойыдарды 
ұйымдастыру ( Н. Я. М ихайленко, Н. А. Короткованың әдістемесі)
Балалар  ойындарын  психологиялық-педагогикалық  зерттеу  кез 
келген  эрекет  сияқты  сюжеттік-рөлдік  ойын  да балада аяқ  асты  пайда 
болмайтындығын, бұл эрекетті білетін басқа адамдардан берілетіндігін 
көрсетеді.  Педагогикалық  теория  мен  практикада  мектепке  дейінгі 
мекемеде  бала  ойынының  тиісті  деңгейге  жетпейтіндігі  жиі  айтыла- 
ды,  ендеше,  ол  өз  функциясын  орындамайды.  Ойын  мектеп  жасына 
дейінгі  балалардың  өмірінен  кетеді,  оның  орнын  танымдық,  көркем- 
эстетикалық іс-эрекет алады.  Мұндай факт көптеген себептерге  байла­
нысты. Жалпы «Балаларды ойнауға үйрету қажет» деген тұжырым бар. 
Дегенмен,  мектепке  дейінгі  мекеменің күн тэртібінде  арнайы  сабақтар 
қарастырылмаған. Сондықтан, педагог балаларды жиі ойнауға үйретеді: 
тақырып береді, ойынды құрады, рөлдерді бөліп береді, сюжетті дамы- 
тады,  балалардың  эрекеттерін  бағалайды.  Осылайша,  балалардың  өз 
беттілігі,  ынтасы  мен  шығармашылығы  үлкеннің  тікелей  ықпалымен 
ығыстырылады.  Топта  эрбір  ойын  үшін  мұқият  іріктелген  атрибуттар 
комплектісі пайда болады,  оның сценарийін педагог ойнайды,  балалар

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет