Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1. «Білім беру» ұғымы нені білдіреді»?
2. И. Я. Лернердің білім беруге берген анықтамасын талдаңыздар
және білім берудің негізгі функцияларын бөліп көрсетіңіздер.
3. Тақырып бойынша сөздікке жаңа терминдер жазыңыздар,
өздеріңізге тірек анықтамаларды бөліп көрсетіңіздер.
4. Педагогика курсынан «Білім беру мазмұны» тақырыбын
оқыңыздар. Білім беру мазмұнының құрылымын айқындаңыздар, білім
беру мазмұнының құрылымына автордың ұстанымын, көзқарасын еске
түсіріңіздер. Бұл мәселе бойынша өз ойларыңызды негіздеңіздер.
5. Мектепке дейін білім беру мазмұнын реттейтін құжаттарды оқып
талдаңыздар, ауызша жауап беру үшін тірек сигналдарын жасаңыздар.
6. Кешенді және парциалды бағдарламалар жөнінде мектепке
дейін білім беру мазмұнын анықтайтын материал дайындаңыздар.
Жауаптарыңызда
бағдарламаның
маңыздылығын,
мақсаттарын,
міндеттерін,
бағдарламаның
бөлімдерін,
құру
принциптерін,
диагностикалық материалдар, білім беру бағдарламасындағы білім
берудің барлық төрт компонентінің орын алғандығын ( И. Я. Лернер
бойынша) көрсетіңіздер.
Ұсынылатын әдебиет
1. Дидактика детского сада//Дошкольная педагогика. В 2 ч./ Под
ред. В. И. Логиновой, П. Г. Саморуковой. - М., 1988. Ч.2.
2. Лернер И. Я. Дидактические основы методов обучения. - М.,
1989.
3. Михайленко Н. А., Короткова Н. А. Ориентиры и требования к
обновлению содержания дошкольного образования. - М., 1993.
4. Обучение детей раннего и дошкольного возраста// Козлова С. А.,
Куликова Т. А. Дошкольная педагогика. - М., 2001.
88
5. Современные образовательные программы для дошкольных уч
реждений/ Под ред. Т. И. Ерофеевой. - М., 1999.
6. Стеркина Р. Б. Аттестация и государственная аккредитация ДОУ.
- М., 1997. (Требования к содержанию и методам обучения и воспита
ния дошкольников).
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту
багдарламалары
1. Қазақстан Республикасының «Бала құқығы» Заңы. - Астана,
2007 г.
2. Мемлекеттік жалпы міндетті ерте жастағы туғаннан 3 жасқа
дейінгі балаларға білім беру стандарты. Негізгі ережелер - Астана, 2007.
3. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі жастағы 3 жастан
5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Негізгі ережелер. - А.,
2007.
4. Мемлекеттік жалпы міндетті 5-тен 6-жасқа дейінгі мектепалды
дайындық балаларға білім беру стандарты. Негізгі ережелер. - А., 2007.
5. Программа воспитания и обучения в детском саду/Отв.ред. М. А.
Васильева.- М., 1985, 2005.
6. Детство: Программа развития и воспитания детей в детском
саду/В. И. Логинова, Т. И. Бабаева, Н. А. Ноткина и др.- СПб., 1997,
2010.
7. Методические советы к программе «Детство».- СПб.,2001.
8. Истоки: Базисная программа развития ребенка-дошкольника/ Л.
А. Парамонова, Т. И. Алиева и др. - М., 2000
9. Из детства в отрочество/ Под ред. Т. Н. Дороновой.- М., 1998.
10. Золотой ключик/ Г. Г. Кравцов, Е. Е. Кравцова и др.-М., 1996.
11.Радуга: Программа воспитания и обучения детей от 3 до 7 лет/ Т.
Н. Доронова, В. В. Гербова и др.- М., 1997.
12. Развитие/ Л. И. Венгер, О. М. Дьяченко.- М., 1995.
13. Современные образовательные программы для дошкольных уч
реждений/ Под ред. Т. И. Ерофеевой.- М., 1999.
89
6-ТАРАУ
М ЕКТЕП КЕ ДЕЙІН Б ІЛ ІМ БЕРУ М ЕКЕМ ЕСІН ДЕГІ О ҚЫ ТУ
ПРО Ц ЕСІ Ж ӘНЕ О НЫ Ң Н ӘТИЖ ЕЛЕРІ
Жоспар
6.1 «Оқыту» ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалар-
ды оқыту ерекшеліктері.
6.2 Мектепке дейінгі кезеңде балаларды оқытудың мақсаты мен
міндеттері.
6.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің құрылымы,
функциялары, қозғаушы күштері.
6.4 Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары
мен принциптері.
6.5
Мектепке дейінгі мекемедегі оқыту процесінің мазмұны,
түрлері, әдістері, құралдары.
6.6 Мектепке дейін білім беру мекемесінде оқыту нәтижелері ту
ралы ұғым.
6.7 Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі мекемеде
мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың маңызды нәтижесі ретінде.
6.8 Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижелерін бағалау.
6.1 «О қыту» ұғы м ы ны ң мазмұны. М ектеп ж асы на дейінгі бала
ларды оқыту ерекш еліктері
Ю. К. Бабанскийдің анықтамасы бойынша, «оқыту - мақсатты
бағытталған, ретті, педагог пен балалардың өзгеріп отыратын өзара
әрекеті, оның барысында оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық
міндеттері шешіледі». Бұл анықтама оқыту процесінде өзара әрекет
белгілерін (мақсаттылық, бағыттылық, реттілік, динамикалық) және
оның
функцияларын
(оқытушылық,
тәрбиелік,
дамытушылық)
көрсетеді.
И. Я. Лернер берген түсініктемеге сүйенсек, «оқыту - бұл педа
гог пен баланың әлеуметтік тәжірибе мазмұнының қандай да бір үзігін
меңгеру мақсатындағы өзара әрекеті». Бұл анықтама оқытуды өзара
әрекеттестік ретінде сипаттайды, бұл процестің мақсаты мен мазмұнын
көрсетеді.
Оқыту - біртұтас педагогикалық процестің ажыратылмайтын бөлігі.
Мектепке дейінгі мекемеде оқыту көптеген оқытушылық, тәрбиелік,
90
дамытушылық міндеттерді шешуге бағытталған, бұл мектепке дейін
білім берудің басты мақсаты - мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын
жан-жақты, үйлесімді дамуына қол жеткізуге, жақындатуға жағдай
туғызады.
Балаларды оқыту үлкендер (педагогтар) мен балалардың түрлі
жағдайлардағы, уақытпен шектелген, еркін және білім беру процесіне
қатысушылардың өзіндік іс-әрекет жасау процесінде жүреді.
Мектепке дейінгі педагогика бойынша эаманауи сөздіктерде мына
дай анықтама кездеседі: «Оқыту - бұл мектеп жасына дейінгі балаларға
білімді, білікті мақсатты, бағытты түрде жеткізу, сол сияқты белгілі
бір білім беру бағдарламасы бойынша дағдыларды, пайдалы әдеттерді
қалыптастыру».
Біздің міндетіміз - осы анықтамаларды талдау және мектеп жа
сына дейінгі баланы оқытудың қолданбалы тіректі анықтамасын
бөліп көрсету. Педагогика курсынан біз И. Я. Лернердің анықтамасы
толығымен оқыту процесінің мәні мен маңызын жан-жақты
көрсететінін білдік. Бұл білім мен білікті ұрпақтан ұрпаққа беру ғана
емес, бұл балалардың тиісті жас кезеңінде оның үйлесімді дамуына
қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруі (яғни, меңгеру тек білім, білік
және дағды деңгейінде ғана емес, оның құндылығын, тұлғалылығын
түсіну деңгейінде және осының негізінде шығармашылық әрекетін
қалыптастыру деңгейінде) жүреді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың ерекшеліктері:
• оқу-таным іс-әрекеті ойынмен тығыз байланысты;
• мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мектептегі сияқты
сабақта емес, әртүрлі формада жүзеге асырылады (саяхаттарда, ой-
ындарда, әртүрлі іс-әрекет барысында, күнделікті өмірде, күнделікті
режимдік процестерде және т.с.с.);
• мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде балалар ғылым
негіздерін оқымайды, қоршаған орта жөнінде жүйеленген түсінік пен
оқу туралы дағдылар алады (тәрбиешіні тыңдау, сұрақтарға жауап
беру, сұрақ сұрай білу, нұсқау бойынша әрекет жасау, ересек мектеп
жасында - оқу-танымдық міндеттерді қою және оларды шешу, оның
жетістіктерін жоспарлау, өз нәтижелерін бағалау, оларды басқалармен
салыстыру);
• оқыту іс-әрекеттің барлық формаларында және түрлерінде
өзінің әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде беретін үлкен адамдардың
жетекшілігімен жүреді;
91
• мектепке дейінгі жаста балалар басты нәрсе мен қосалқы
нәрсені ажыратуда қиындық көреді;
• оқыту процесінде балалардың заттар мен өзінің айналасын-
да болып жатқан құбылыстардың қасиеттерін дұрыс қабылдауын
қамтамасыз етудің қажеттілігі;
• мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқанда оқуға ынталылық,
үлкен адамдардың мақұлдауы мен тілектестігі, процестің жоғары
эмоционалдық толыққандылығы, жағымды эмоционалдық ахуал
сияқты факторлар ерекше маңызды;
• зейіннің еріксіздігі, оның тұрақсыздығы, мектеп жасына дейінгі
балалардың жоғары эмоционалдық қабылдағыштығы, ес көлемінің
аздығы, тез шаршағыштығы балаларды оқытудың өзіндік формаларын,
әдістері мен құралдарын, уақытпен шектелген сабақтардың ұзақтығын
анықтайды;
• психикалық процестердің даму деңгейі балалармен сабақтағы
оқу тапсырмаларын құрудың бірқатар ерекшеліктерін анықтайды:
- кіші жаста оқу-танымдық тапсырмаларды педагог сатылап
(қадамдап) балалардың орындай алуына қарай береді;
- сезімнің оянуының тежелуден артықшылығы тапсырмаларға
қысқа, нақты нұсқаулар жасау, қарапайым тапсырмалардың санын арт-
тыру қажет екендігін көрсетеді.
6.2 М ектепке дейінгі кезеңде балаларды оқытудың м ақсаты мен
міндеттері
Мақсаттар мен міндеттер оқыту процесінің мақсатты компоненті
болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңдегі оқытудың мақсаты
қоғамдық-тарихи (әлеуметтік) тәжірибе элементтерін үлкен адамдардың
жүйелі түрде балаларға беруі және балалардың оны меңгеруі. Оқытудың
мақсатын әлеуметтік тәжірибенің белгілі бір үзігін баланың саналы түрде
меңгеруі ретінде анықтағаннан кейін, әлеуметтік тәжірибе элементтерін
анықтау маңызды. Соларды атайық: өзі және айналасындағылар
жөніндегі білім жүйесі; іс-әрекет тәсілдері; балалардың алған білім,
білік және дағдылары негізіндегі шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;
балалардың қоршаған дүниеге, өзіне, басқа адамдарға эмоционалдық-
құндылық қатынастар тәжірибесі.
Бұл элементтерді меңгеру мектепке дейінгі мекемеде басталады
да адамның бүкіл өмірі бойы - білім беру мекемелерінде, күнделікті
өмірде, өзімен-өзі болғанда да (стихиялы түрде және мақсатты бағытты
түрде) жалғаса береді.
92
Әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу - эволюцияның
маңызды жемісі, әрбір буын ұрпақ өзінің дамуында алға қарай жылжы-
май іс-әрекет және қарым-қатынас тәжірибесін жаңадан меңгеруі керек
болар еді.
Мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың жалпы мақсаты әр
кезеңде және балаларды оқытудың әр түріне қарай нақтыланып отыра-
ды. Мақсат әр кезеңдегі міндеттерге байланысты өзгеріп отырады және
жалпы мақсатқа бағынады. Оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің
сипаттамалары мынадай жағдайлармен анықталады:
- балалардың жас және жеке ерекшеліктерімен;
- мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты талаптарымен;
- педагогикалық ұжымның таңдаған білім беру бағдарламасы-мен;
- білім беру процесіндегі іс-әрекет түрімен (сабақ, дидактика-лық
ойындар, экскурсиялар);
- жалпы дидактикалық жүйедегі сабақтың орнымен;
- мектепке дейінгі мекеме педагогтарының ерекшеліктерімен және
мүмкіндіктерімен, оның кәсіби біліктілік деңгейімен;
- мектепке дейінгі мекеменің материалдық-техникалық база-сымен
және басқа факторлармен.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың міндеттері қоғамдық-
тарихи тәжірибені күшейтудің басты мақсатымен анықталады. Оқыту
процесінің функциялары міндеттердің сипатын және бағытталғандығын
анықтайды (оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық).
М ектеп ж асы на дейінгі баланы оқытудың
негізгі ж алпы
міндеттері
1. Баланың өзі және айналасындағылар туралы түсінігін
қалыптастыру.
2. Балалардың жалпы ой-өрісін дамыту.
3. Балаға әртүрлі іс-әрекетке (қозғалыс, көркем-эстетикалық,
танымдық, ойын, еңбек, конструктивтік және т.б.) араласуға мүмкіндік
беретін жалпы және арнайы білік пен дағдыны қалыптастыру.
4. Таным процестерін (сезіну, қабылдау, ойлау, ес, зейін) және ой-
лау операцияларын (анализ, синтез, жалпылау, классификация, салы-
стыру, абстракциялау және т.б.) дамыту.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзінің таным әрекетін
ұйымдастыру (сабақ орнын дайындау, істелетін жұмыстардың ретін
жоспарлау, іс-әрекет барысы мен оның нәтижесін бағалау, бірге және
жеке жұмыс істеу) қабілеттерін қалыптастыру.
93
6. Баланың тыңдау, жауап беру және сұрақтар қою, нұсқау бойынша
әрекет ету, оқу міндетін орындау, сабақта оқыту процесінде еркіндікті
сақтау білігін қалыптастыру.
7.
Балалардың
білуге
құштарлығын
және
танымдық
қызығушылығын дамыту.
8. Алған білімді, білікті және дағдыны шығармашылықпен
түсіндіріп талдап беру қабілетін дамыту.
9. Оқу-таным, зерттеу, жаңа білім мен тәжірибені меңгеру, оқыту
процесінде педагогпен өзара конструктивтік ықпалдастық әрекеттеріне
жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
10. Балалардың мектепте оқуға жалпы және арнайы дайындығын
қалыптастыру.
Бұл жалпы міндеттер балалардың жасына, оқу материалының
бағыттылығына, оқыту түріне, оны дараландыру қажеттілігіне қарай
нақтыланады.
6.3 М ектеп ж асы на дейінгі балаларды оқыту процесінің
құры лы м ы , ф ункциялары , қозғауш ы күштері
Оқыту процесі балаларды тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу, дамыту
және өзін-өзі дамыту процестерімен қатар мектепке дейінгі мекемедегі
біртұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі болып табылады.
Процесс ретінде оқыту процесінің мәнін ашу үшін оның құрылымын,
функцияларын, мектепке дейінгі кезеңдегі ерекшеліктерін қарастыру
қажет.
Мектеп
жасына
дейінгі
балаларды
оқытудың
құрамдық
компоненттерін
анықтаудың
негізінде
Ю.
К.
Бабанскийдің
педагогикалық процесс пен оның жеке аспектілерінің
бірыңғай
құрылымы жөніндегі ұстанымы жатыр.
Сонымен, оқыту процесінің құрылымында өзара байланы
сты бес компонент бар: қарқынды-мотивациялық (мектеп жасына
дейінгі балалардың таным белсенділігінің мотивациясын көздейтін);
мақсатты (мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқытудың мақсаты
мен міндеттерін көрсететін); мазмұндық (мектепке дейін білім беру
мазмұнын анықтайтын); бақылаушы-реттеуші (бақылауды, реттеуді,
оқыту барысы мен нәтижелеріне тиісті түзетулер енгізіп отыруды
көздейді); бағалаушы-нәтижелі (оқыту нәтижелерін диагностикалауды
қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі
балаларды оқытудың жаңа мақсаттары мен міндеттерін қою).
94
Оқыту процесі екіжақты сипатта болады: педагогтың іс-әрекеті
(оқыту) және балалардың іс-әрекеті (оқу). Мектепке дейінгі кезеңде
оқыту бір мезгілде балалардың үлкен адамдармен бірге іс-әрекетінсіз
(жеке немесе ұжымдық), бұл екі жақтың дидактикалық өзара әсерінсіз
мүмкін емес. Үлкен адам бұл кезде адамзаттың жинақтаған әлеуметтік
тәжірибенің қайнар көзі және оны танудың бала үшін маңызды құралы
болып табылады, оны бала меңгере алады (жас, физиологиялық және
басқа да ерекшеліктеріне қарай).
Өткен материалға сүйене отырып (3-тақырып) еске түсірейік,
оқыту процесінің қозғаушы күші қайшылық. Дидактикалық проце-
сте қайшылық мысалы ретінде мынадай жағдайлардан туындайтын
қайшылықтарды көрсетуге болады:
- қоғамның, мектептің талаптары мен мектепке дейінгі мекемеде
балалардың білімінің, дамығандық деңгейі және оларды дайындаудың
нақты деңгейінің арасындағы;
-
балалардың
танымдық
сұраныстары
мен
оларды
қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктерінің арасындағы;
- қоршаған дүние, өзі, басқа адамдар туралы алған бұрынғы білімі
мен жаңадан алған білімінің арасындағы.
Қайшылықтар тізімі ары қарай ойлану мәселесі болуы мүмкін
және оны жалғастыруға, нақтылауға, сыртқы және ішкі қайшылықтарға
жіктеуге және т.с.с. болады.
Оқыту заңды түрде мектеп жасына дейінгі бала тұлғасына, оның
дамуына, тәрбиесіне, біліміне әсер етеді. Сондықтан дидактика-
да оқытудың өзара байланысты үш функциясын бөліп көрсетеді:
дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық. Тәрбие процесінен
айырмасы оқыту процесінде дидактикалық функция жетекші рөл
атқарады.
6.4 М ектеп ж асы на дейінгі балаларды оқытудың заңды лы қтары
мен принциптері
Мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі балаларды
оқытудың тиімділігі педагогтардың оқу принциптерін сақтауына бай
ланысты, себебі олар өз кезегінде бұл процестердің заңдылықтары
негізінде құрылады. Заңдылықтар мен принциптерді еске түсіріп,
олардың мазмұнын ашайық.
Заңдылықтар - объективті түрде болатын, берік, қайталанатын,
құбылыстар мен процестердің арасындағы олардың дамуын сипаттай-
95
тын қажетті және маңызды байланыстар. Оқытудың заңдылықтары
оқыту процесінде
байланыстар
кешенін көрсетеді.
Оқытудың
заңдылықтары сыртқы және ішкі байланыстарды көрсетеді.
Оқыту
принциптері
бұл
процестің
ғылым
негіздеген
заңдылықтарынан туындайды. Принциптер (негізі, бастауы) -
оқытудағы бастапқы, негізгі талаптар жүйесі, ол талаптарды орындау
тұлғаны дамыту міндеттерін шешудің қажетті тиімділігін қамтамасыз
етеді, олар практикалық нұсқаулар, оқытуды жүзеге асыру жөніндегі
басты талаптар.
Принциптер негізінде нақты педагогикалық ережелер жазыла-
ды. Ережелер - тәрбиешінің белгілі бір жағдайдағы оқытудың жалпы
принциптеріне негізделген дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық
мақсаттарға жету үшін жасалған педагогикалық іс-әрекетті суреттеуі.
Ережелер қандай да бір оқыту принциптерін қолданудың жекелеген
жақтарын ашып көрсетеді. Ережелер теориядан практикаға көшудің
өтпелі буыны болып табылады.
Тапсырма:
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту заңдылықтары мен
принциптерінің мазмұнын ашу үшін 1 тақырыптың
тапсырма-
сын орындаңыздар, заңдылықтар мен принциптерді кесте түрінде
көрсетіңіздер.
6.5 М ектепке дейінгі мекемедегі оқыту процесінің мазмұны,
түрлері, құралдары
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің мәнін тұтастай
аша отырып, біз оқыту процесінің мазмұнын, түрлерін, әдістерін,
құралдарын, нәтижелерін ашпауымызға болмайды, себебі олар оның
мазмұндық, амалдық-әрекеттік, бақылаушылық-реттеушілік және
бағалау-нәтижелілік компоненттері. Бұл компоненттердің ауқымдылығы
мен маңыздылығы, мектепке дейін білім беру ісінің болашақ
педагогтарының терең ойлануының қажеттілігі бұл проблематикаға
лекциялық және практикалық сабақтарда арнайы тақырыптар арнауға
себеп болды. Бұл лекцияда біз оқыту процесінің барлық құрылымын
жүйелі және толық түрде қамту үшін компоненттерді тезис түрінде
береміз.
О қы ту процесінің мазмұндық компоненті - білім беру
мазмұны. И. Я. Лернер бойынша, бұл білімнің, біліктің, дағдылардың,
шығармашылық әрекет тәжірибесінің және дүниеге эмоционалдық-
96
біртұтас қарым-қатынастың педагогикалық бейімделген жүйесі.
Бұларды меңгеру мәдениетті жаңғыртуға және дамытуға дайын жан-
жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Білім беру мазмұнының анықтамасында әлеуметтік тәжірибе
компоненттеріне сәйкес келетін оның құрылымдық компоненттері
көрініс табатындығын атап көрсетеміз. Сонымен, білім беру мазмұны
өзі де дидактикалық тұрғыда бейімделген жүйе. Әлеуметтік тәжірибе
компоненттерінің мазмұнынан білім берудің белгілі бір кезеңінде
адамның дамуы үшін қолжетімді және қажетті білім, тәжірибе негіздері
таңдалып алынады.
Мектепке дейін білім беру процесінде балалар әлеуметтік
тәжірибенің өздерінің толыққанды дамуы үшін қажетті құрамын
меңгереді. Мектепке дейінгі білім мазмұнын меңгеру процесінде бала
лар бұл жас кезеңінде:
- балалар айналасындағы дүние, өзі, басқа адамдар жөнінде
жүйеленген түсінік алады;
- іс-әрекет тәсілдерін меңгереді (қарым-қатынас білігі мен
дағдылары, өзіне-өзі қызмет көрсету, ойын, танымдық, еңбек, қозғалыс
және т.б.);
- шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін алады - өмірдің әртүрлі
қалыпсыз жағдайларында бар білімін, білігін, дағдыларын қолдана білу
тәжірибесі;
-
өзіне,
айналасындағыларға,
алғашқы
құндылық
қарым-
қатынастар, тұлғалық қасиеттер, мінез-құлық негіздері, өзін-өзі көрсету
тәжірибесі қалыптасады.
Мектепке дейінгі білім мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпы
міндетті стандартымен реттеледі және мектеп жасына дейінгі балалар
ды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларында көрініс табады.
Сонымен, оқыту процесінің мазмұндық компонентінің мағынасы
- балалардың физиологиялық, психологиялық және жеке ерекшеліктері
тұрғысынан меңгеру үшін қолжетімді әлеуметтік тәжірибе мазмұнын
меңгеруінде.
Оқытудың амалдық-әрекеттік компоненттері - бұл балаларды
оқытудың әр кезеңінде мектепке дейінгі мекеме педагогының пайда-
ланатын формаларының, әдістерінің және құралдарының жүйесі. Осы
ішкі құрылымдар ғана оқытудың динамикасын, процессуалдығын,
ықпалдылығын қамтамасыз етеді. Қысқаша осы құраушыларды
сипаттайық.
Форма - іс-әрекеттің сыртқы көрінісі. Ол педагог пен баланың
97
7 -7 4 6 3
өзара
әрекеттестік
ерекшеліктерін
сипаттайды,
дидактикалық
қарым-қатынастар
жүйесін
анықтайды.
Педагогикада
оқытуды
ұйымдастырудың формалары жалпы және нақты болып бөлінеді.
Оқытудың жалпы түріне даралап, топтық, ұжымдық түрлері жата-
ды. Бұл түрлер оқыту процесіне бір мезгілде қатыстырылған балалардың
санымен анықталады. Даралап оқыту түрі көне дәуірлерден бері келе
жатыр және бірқатар Европа елдерінде 18 ғасырға дейін сақталды.
Оның мәні бала қандай да бір тапсырманы өздігінен немесе үлкендердің
көмегімен орындайтындығында. Оқытудың мұндай түрінде барын-
ша сенімдік қарым-қатынас іске асады; баланың жеке ерекшеліктерін
ары қарай зерттеу мүмкіндігі мен оны есепке алуға қол жеткізіледі;
оқытудың мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, қарқыны даралана-
ды. Баланың жетістіктері мен кемшіліктері үлкендердің көз алдында
болады, ол оқыту процесіне тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Бұл түрдің кемшін жағы сол, мұнда құрбыларымен өзара әрекеттестік
және серіктестік болмайды, бұл баланың әлеуметтенуіне кері әсер
етеді; топпен жұмыс істеу білігі қалыптаспайды.
Оқытудың топтық
түрі бір дидактикалық мақсатқа біріктірілген бір педагог пен бірнеше
оқушының өзара әрекеті түрінде ұйымдастырылады. Ал бұл түрдің
пайдалы жақтары: дамуы әртүрлі және бірдей деңгейдегі балаларды бір
немесе әртүрлі жастағы балалардан топ ұйымдастыру мүмкіншілігінің
болуы; даралап оқытуды осы сәттегі педагог үшін маңызды белгілеріне
қарай (оқу материалын меңгергендік дәрежесі, темперамент типі, жасы
және т.б.) саралау арқылы ұйымдастыру.
Оқытудың ұжымдық түрі педагогтың бір мезгілде барлық
балалардың тобымен жұмыс ұйымдастыруы және сабақта оқытудың
жалпы білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары көзделеді.
Сонымен бірге біріккен ұжымдық іс-әрекет барысында оқытуды дара-
ландыру тәсілдері қарастырылады.
Мектепке дейінгі оқытудың нақты түрлеріне сабақ, экскурсия-
лар, дидактикалық ойындар, баламен жеке жұмыс істеу жатады. Сол
сияқты біз бала іс-әрекетінің барлық түрі оның күнделікті өмірі оларды
оқытудың табиғи түрі, олардың әлеуметтік тәжірибе жинауы екендігін
атап көрсетуіміз керек. Мектепке дейінгі мекеменің уақытпен шектел-
ген оқу-таным іс-әрекетінің жетекші түрі - сабақ, оның барысында білім,
білік, дағды, шығармашылдық, қарым-қатынас жүйелері қалыптасады,
балалардың күнделікті өмірінен және өзіндік іс-әрекетінен басқа түрде
толықтырылады.
Оқыту әдістері - педагог пен балалардың өзара байланысты іс-
98
әрекет тәсілдері, оның барысында бала қажетті әлеуметтік тәжірибе
мазмұнын меңгереді. Әдістердің өзіндік түрі мен нұсқалылығы әдістің
элементі ретінде оны жүзеге асыруға жеке қадам жасауды қамтамасыз
етеді. Г. М. Коджаспирова және А. Ю. Коджаспиров оқыту әдістерін
педагог пен балалардың бірізді, өзара байланысты, білім мазмұнын
меңгеруді, ақыл-ой мен қабілетті дамытуды, өздігінен оқу және білім
алуды қамтамасыз ететін әрекеттер жүйесі деп қарастырады.
Оқыту әдістері оқытудың мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту
субъектілерінің өзара әрекетінің сипатын белгілейді.
Оқыту әдістері іс-әрекет құрылымына қарай жіктеледі, олар:
- балалардың оқу-таным іс-әрекетін ұйымдастыру және жүзеге
асыру әдістері (сөздік, көрнекі, практикалық, индуктивтік және
дедуктивтік, репродуктивтік, продуктивтік және проблемалық-ізденіс,
балалардың өздігінен жұмыс істеу әдістері);
- балалардың оқу-таным іс-әрекетін мотивациялау және ынталылық
тудыру әдістері (танымдық ойындар, ойын жаттығулары, өмірде кез-
дескен жағдайларды талдау, баланың тәжірибесіне сүйену, жетістікке
жету жағдайын жасау, педагогикалық талап, мадақтау, ұялту, бетіне
басу);
- балалардың оқу-таным іс-әрекетінің нәтижелерін бақылау және
бағалау әдістері (заттармен жұмыс істеу, сөз сөйлеу тапсырмалары,
диагностикалық тестілер, балалардың жұмыс өнімдерін талдау, байқау).
Оқыту құралдары - педагог пен балалардың арасында орналасқан
және білім алу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін
қалыптастыру үшін пайдаланылатын материалдық немесе идеялық
объектілер.
Оқытудың материалдық құралдарына оқу құралдары, модельдер,
кестелер, макеттер, заттар, техникалық құралдар, мебель, балалармен
сабақ өткізетін орын, микроклимат, тамақтану ережесі және т.б. жата-
ды.
Идеялық құралдарды ақыл-ой жұмысы мен оның жемісі, баланың
бұрын алған білімі мен білігі. Л. С. Выготский лингвистикалық (ау-
ызша және жазбаша сөз сөйлеу), семиотикалық (таңбалар, символ-
дар, шартты белгілер, кестелер, схемалар), паралингвистикалық (дене
қимылы, бет әлпет қимылы) құралдар деп бөледі. Жалпы алғанда бұл
құралдарды коммуникация құралдары деп атауға болады.
Мектепке дейінгі мекемеде оқыту құралдары ретінде сол сияқты
бала іс-әрекетінің негізгі түрлерін де айтуға болады - ойын, еңбек,
танып білу, қарым-қатынас жасау және т.б. сонымен қатар, барлық
99
көріністерімен қоршаған орта. Мектепке дейінгі кезеңде оқытудың
ерекше құралы ретінде педагогты - балаларға әлеуметтік тәжірибені
жеткізуші және үйретуші қажетті үлкен адам ретінде бөліп көрсетеді.
Оқыту процесінің нәтижелілік компоненті - мектеп жасына дейінгі
балаларды оқыту нәтижелері ретінде осы жас кезеңінде баланы оңтайлы
дамытуға олар меңгерген педагогикалық тұрғыда бейімделген қажетті
қоғамдық-тарихи тәжірибенің үзігі алынады. Оқыту нәтижелеріне
қол жеткізгендік дәрежесі мектепке дейінгі білім беру сапасын
көрсетеді. Бұл процестің нәтижелілігін байқау бақылаудың ағымдық,
кезеңмен, қорытынды және озық түрлері арқылы жүргізіледі. Соның
нәтижелерінің негізінде мектепке дейінгі балаларды оқыту процесінің
барлық компоненттеріне уақтылы түзетулер енгізіліп отырады.
Сонымен, біз мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды оқыту
процесін тұтастай қарастырдық, оқыту процесіне түсінік бердік, оның
функцияларын, құрылымын, қозғаушы күштерін ашып бердік, мектеп
ке дейінгі кезеңде балаларды оқыту ерекшеліктерін айырып көрсеттік.
Ары қарай тақырып бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар
мен өзіндік жұмыстар оқу материалының ауқымын кеңейтуге және
тақырыпты меңгеру кәсіби біліктілік деңгейіне көтеруге көмектеседі.
6.6 М ектепке дейін білім беру мекемесінде оқыту нәтижелері
туралы ұғым
Оқыту нәтижелері - оқыту процесінің маңызды компоненті. Ол
оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сай болады және төмендегілерге
тәуелді:
• мазмұнды таңдау мақсатынан, түрлерінен, әдістерінен және
құралдарынан;
• мектепке дейінгі мекеменің жағдайынан (ұйымдастырушылық,
педагогикалық,
психологиялық,
кадрлық,
ғылыми
әдістемелік,
материалдық-техникалық және т.б.);
• педагогикалық ұжымның біліктілігінен;
• балалардың мотивациясынан, белсенділігінен және жеке
тәжірибесінен;
• педагогтың, балалардың, ата-аналардың өзара ықпалдастық си-
паттарынан;
• педагогтардың қорытынды нәтижені ғана емес, оқыту процесін
де бақылауға және бұл процестегі істерге уақтылы түзетулер енгізуге
дайындығынан;
100
•
барлық балалардың дидактикалық мақсаттарға қол жеткізулері
үшін даралап оқыту мүмкіндіктерінен.
Приоритетті педагогикалық мақсаттарды анықтауға қарай оқыту
нәтижесі де анықталады. Мақсат әлеуметтік тәжірибе мазмұнының
қандай да бір көлемін меңгерумен анықталуы мүмкін; берілген жас
үшін қажетті білім, білік, дағды жүйесі болуы мүмкін немесе негізгі
білім беру нәтижелері ретінде жеке тәжірибесі бар тұлға болуы мүмкін;
мектепке дейінгі мекемені бітірушілердің мектепте оқуға тұтастай
дайындығы ретінде болуы мүмкін. Бұлардың әрқайсысы мектепке
дейін білім беру жүйесінің қазіргі кезеңінде орын алып, бағдар және
педагогикалық процестің нәтижелілігін бағалау критерийі болып отыр.
Оқыту мақсаттары қоғамның әлеуметтік тапсырыстарына қарай
қойылады; мектепке дейін білім беру жүйесіне; мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартына қарай қойылады. Олар білім беру
бағдарламаларында нақтыланады және ішкі және сыртқы жағдайларды
ескере отырып мектепке дейінгі мекеме мамандары дербестендіреді.
А. П. Усова оқыту нәтижесі - балалардың білім, білікті, дағдыларды
меңгеру, оқытудың әсерінен бала тұлғасы бойындағы өзгерістер фактісі
деп түйіндейді. Мұнда баланың өзі қол жеткізген нәтиже және таным
проце сіндегі педагогикалық ереже ретінде үлкендердің көмегі маңызды.
Баланың өз еңбегі, жігер күші және оның бойындағы өзгерістер құнды
болып есептеледі. Бала ойында, басқа істерде жаңа нәрселерге үйренеді,
бірақ мақсатты түрде оқыту еріктік, еркіндік, баланың мақсатты күш-
жігері оны мектепте оқуға дайындайды.
Бүгінгі таңда мектепке дейін білім беруде тұлғалық-бағдарлық па
радигма аясында оқыту мен тәрбиелеудің негізгі нәтижелері тұлғалық
өзгерістер, жетістіктер, ары қарай дамудағы даралық пен сұраныс.
Меңгерілетін білім мен білік тұлғаның құрылымын және мектеп жа
сына дейінгі баланың жеке тәжірибесін қалыптастыру құралы болып
табылады.
Балаларды оқыту нәтижесі мектепке дейін білім берудің кешенді
бағдарламаларының
әрқайсысында
анықталған.
Мақсаттарға
қол жеткізу және оның нәтижеге сәйкес болуы оқыту процесінің
тиімділігінің негізгі критерийлері болады. Оқыту процесінде мақсат
пен нәтиженің бірдей үйлесуі міндетті емес. Мақсат толығымен немесе
ішінара алынған нәтижемен сай келуі де, келмеуі де мүмкін.
101
6.7
О қу-таны м ды қ іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі
мекемеде мектеп ж асы на дейінгі баланы оқытудың маңызды
нәтижесі ретінде
Мектепке дейінгі ересек жасқа келе бастағанда бала көп нәрсені
біледі және істей алады. Бұл кезеңде балалар жаңа жас кезеңіне көшуге
дайындалады (кіші мектеп жасы), оларда жаңа әлеуметтік көзқарас
- мектеп оқушысы көзқарасы пайда бола бастайды. Мектеп жасы
на дейінгі баланың оқыту процесінде алған ең маңызды нәрсесі оқу
іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі болады (танымдық мотива
ция, мақсат қою, жоспарлау, оқу білігі мен дағдылары, оқу-танымдық
белсенділік нәтижелерін бағалау қабілеті). Бұл компоненттердің
кіші
мектеп жасында қалыптастырылуы жалғасады.
Олардың
қалыптастырылғандық нәтижесі мектепте оқудың жаңа жағдайына
балалардың бейімделгендігінің көрсеткіші және маңызды шарты болып
саналады.
П. И. Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөзді-гінде
оқу іс-әрекеті - белгілі бір білім көлемін меңгеру, жалпы оқу білігі мен
дағдыларын алу, өздігінен білім алу (тану) қабілеті және оны алынған
білімді практикада қолдану іс-әрекеттерінің бір түрі ретінде көрсетіледі.
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың іс-әрекеттерінің негізгі
түрі - ойын. Оқу іс-әрекеті кіші мектеп жасында жетекші рөл атқарады.
Сонымен бірге мыналарды түсіну керек: егер мектепте алдыңғы жас
кезеңінде іс-әрекет компоненттерін қалыптастыру үшін жағдай жасал-
маса, ол қайдан пайда болды. Оқу-танымдық іс-әрекет тікелей балалар
ойынынан тумайды. Ол мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық
процесінде орын алуы тиіс. Тәрбиеші балаларды оқытқанда мақсатты
бағытты түрде оқу іс-әрекетінің компоненттерін қалыптастыру және
көрсету үшін алғышарт жасайды.
Әрине, мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде уақытпен
мөлшерленген сабақтарда балалар оқу-танымдық іс-әрекетке кіріседі.
Балабақшада педагог еркіндікті дамытады, тыңдауды, жауап беруді,
сұрақ қоюды, оқу тапсырмасын қабылдау және орындауды, өз жұмысын
жоспарлауды, жұмыс орнын дайындауды және жинауды, нұсқау бойын
ша және жоспар бойынша жұмыс істеуді үйретеді. Бұл білік біртіндеп
күделікті сабақтарда қолдану процесінде жинақталады. Бұл сабақ - бала
ларды оқытудың мектепте оқытатын сабаққа жақын түрі. Сабақтың бұл
түрі
педагогтарға оқу іс-әрекетінің компоненттерін қалыптастыруға,
ал балаларға - таным процесі барысында өздерін көрсете алуына
102
мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінде
сабақтастық орнайды, білім алудың келесі сатысына көшуге дайындай-
ды. Педагогикалық практика көрсеткеніндей, мектепке дейінгі мекеме
де балаларды жасына сай ұйымдастырылған, мақсатты, бағытты оқыту
қажет. Бұл бірінші жағынан білім, білік, дағдыны қалыптастыруға,
балалардың тұлғалық жеке тәжірибесін байытуға жағдай жасаса,
екінші жағынан - оқыту мектепке, «мұғалім - оқушы» жүйесінде өзара
әрекеттестіктің жаңа типіне дайындайды.
Үйрету - ұйымдастырылған сабақтарда қалыптастырылатын ерек-
ше іс-әрекет. Барлық оқу міндеттерін ойын түрінде шешуге болмай-
ды, өйткені оқыту мазмұны мен меңгеру түрінің арасында қайшылық
туады. К. Д. Ушинский ойынды үйретуден бөлудің маңыздылығын
көрсеткен. Оқу іс-әрекеті баланың ерекше психологиялық ұстанымын,
шынайы өмірге танымдық қатынасын талап етеді. Оқу іс-әрекетінде
бала қоршаған орта туралы білім негіздерін меңгереді, білім, білік,
дағды, тәжірибе алудың жалпы тәсілдеріне үйренеді, осылайша бала
тұлғасы қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңде оқу-танымдық іс-әрекет компоненттерінің
қалай қалыптасатындығын, мектепте оқыту аяғында педагогтар қандай
нәтижеге келуі тиіс екендігін қарастырайық.
Оқу іс-әрекетінің мұны басқалардан ажырата алатындай ерекше
құрылымы болады (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л.
Рубинштейн және т.б.). Оқу іс-әрекеті өзіне мынадай компо-ненттерді
қамтиды: мотивация, оқу міндеті, оқу амалдары, өзін-өзі бақылауға
көшетін бақылау, өзін-өзі бағалауға көшетін бағалау.
Мотивация - іс-әрекетті туғызатын әртүрлі қозғаушылар жиынтығы
(сұраныс, сезім, мүдде). Оқу іс-әрекетінде - танымдық мотивация
(жаңаны білгім келеді), бағалау мотивтері (үлкендердің құптауына ие
болу), әлеуметтік мотивтер (әкем сияқты дәрігер болу үшін оқимын),
жетістікке жету мотивтері (бәрінен артық болу үшін), сыртқы мотив
(мектепте оқудың сыртқы атрибутикасының тартымдылығы) болады.
Оқу міндеті алынатын нәтиже туралы түсінік береді. Белгілі бір оқу
ситуациясында - белгілі бір тапсырма түрінде беріледі, яғни қайталап
айтып беруді, қағаздан құрастыруды, заттарды өлшеуді үйрену.
Оқу амалдары - оқу міндеттерін шешу тәсілдері; білім алушылардың
ғылыми ұғымдарды алу және табу амалдары, сондай-ақ оларды нақты
міндеттерді шешуге қолдану, ситуацияны талдау амалдары, модельдеу
амалдары, эксперимент жүргізу, классификация.
Өзін-өзі бақылауга ауысатын бақылау - оқу амалдары нәтижелерін
103
қорытуға бағытталған амалдар және оларды берілген үлгілермен салы-
стыру. Компонент функциясы - меңгеру нәтижелерін бақылау.
Өзін-өзі багалауга ауысатын багалау. Бағалау амалдары білімді
меңгерудің соңғы сапасын, міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін
тіркейді. Бағалау функциясы - іс-әрекет қорытындысын шығару.
Оқу іс-әрекетінің барлық компоненттері өзара байланысты. Мектеп
жасына дейінгі балалар оқыту процесінде оқытудың мектеп сатысына
көшу кезеңінде барлық компоненттерді меңгереді. Оқу іс-әрекетінің
мақсаты мен нәтижесі білімді және іс-әрекеттің жалпыланған тәсілдерін
(кез келген іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны) меңгеру - оқу, санау,
міндеттерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдау және т.с.с.
Мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекеті таза күйінде көрінбейді. Біз
оқу танымдық іс-әрекет туралы айтып тұрмыз. Оның өзіндік даму және
көріну ерекшелігі бар.
М ектепке дейінгі оқытуда оқу міндеттерінің ерекш еліктері
Оқытудың алгашцы кезеңінде (кішімектеп жасы) - оқу іс-әрекетіне
оқу және практикалық міндетерінің бірігуі тән (үй салу - геометриялық
кескіндердің көмегімен салу). Оқу міндетін бала практикалық жағынан
қабылдайды. Тапсырма іс-әрекетті шешу ретінде қабылданады,
тақырыптың мазмұнынан алыс екендігі байқалады. Мұны балалардың
көпшілігі қабылдай алмайды, олар іс-әрекет кезеңінде нұсқауды
естімейді. Оқу міндетін қабылдау білігі біртіндеп бөлшек тапсырмалар
түрінде іс-әрекет барысында немесе байқау, әңгіме барысында нақты
сұрақтар түрінде қабылданады.
Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары (өнімді
сабақтарда);
S іс-әрекет нәтижесін бағалау (өнімді сабақтарда);
S сұрақтың, тапсырманың зерттелетін немесе өзгертілетін амал-
дармен үйлесуі («Қағазды умажда, қандай екендігін... айт;
S сұрақтың қабылдайтын объектінің нақты көрінісімен үйлесуі
(құсты бақылау: ол не істеп тұр, қашан шоқиди, - баланың назары амал
сәтіне ауады).
Мектепке дейінгі жаста орта есеппен оқу және практикалық
міндеттер біртіндеп саралана бастайды, бірақ байланыс айқын. Оқу
міндеттерінің мазмұнына тапсырма, іс-әрекет тәсілдерін меңгеру (ба
лалар артынан қайталап айтып беру үшін әңгімені мұқият тыңдайды)
енгізіледі. Сабақтың басында балалар оқу тапсырмасын қабылдайды,
бірақ сабақ барысында оны бірқатар нақты тапсырмаларға, сұрақтарға
104
бөлшектеу керек болады. Балалар оқу міндеттерін соған ұқсас күнделікті
жағдаяттары ауыстыруды үйренеді.
Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: оқу
және практикалық міндеттердің байланысы; оқытудың баланың жеке
тәжірибесімен байланысы.
Ересек мектеп жасында оқу міндеттері айқын оқу-танымдық си-
патта болады
(біз схеманы пайдаланып сөйлем құруды үйренеміз).
Мұнда білім меңгеруде ақыл-ой әрекетінің өнімді тәсілдерін меңгеру
негізгі орын алады, шығармашылық, проблемалық сипаттағы тапсыр-
малар пайдаланылады.
Балаларға сабақ бойы барлық оқу тапсырмаларын есте ұстау қиын
болады. Сондықтан біртіндеп оқу тапсырмалары күрделілендіріледі.
Педагог оқу тапсырмаларын, олардың логикасын, көлемін жекелеген
тапсырмалардан жүйеге көшіреді. Оқу тапсырмаларында балалардың
меңгеруіне тиісті ақыл-ой және практикалық іс-әрекетті айқын көрсету
қажет. Педагог оқу әректін талдайды,
оны оқу тапсырмаларын
түсінгендігі мен іс-әрекеттің берілген тәсілдермен арасында байланыс
орнатады. Оқу тапсырмасы сабақ барысында қосымша тапсырмалар-
мен толықтырылады. Оқу тапсырмаларын орындағанда балалардың
жеке тәжірибесіне, танымдық қызығушылығына сүйенген маңызды.
М ектеп ж асы на дейінгі
балалардың
оқу әрекеттерінің
ерекшелігі
Мектепке дейінгі жаста балалар біртіндеп оқу жұмысын жоспар-
лауды үйрене бастайды: жұмысты орындауға қажетті құралдарды және
тәсілдерді таңдау, амалдарды орындау ретін анықтау сияқты. Балалар
жұмыс орнын дайындайды, оқу тапсырмаларын орындау барысында
тыңдауды, жауап беруді, сөйлеуді, өзара қарым-қатынас жасауды, тал-
дауды үйренеді.
Мектепке дейінгі кіші және орта жаста әрекетін жоспарлау және
басқа көптеген оқу жұмыстары тәрбиешінің көрсетуімен жасалады.
Кейін педагог балаларды жоспарлауға қатыстырады.
Мектепке дейінгі ересек жаста балалар іс-әрекетінің өнімді түрлерін
жақсы меңгереді (сурет салу, жабыстыру, құрастыру). Олар күрделі
емес қарапайым әңгімелерге жоспар құра алатын болады. Сабақта жо-
спар жасауды үйренгеннен кейін бұл білігін күнделікті жұмыстарында
қолдануға үйренеді.
105
О қу-таны м ды қ іс-әрекетте бақылаудың, бағалаудың, өзін-өзі
бақылаудың және өзін-өзі бағалаудың ерекш еліктері
Бұл компонентті дамытуда балалардың оқу тапсырмасын орын
дау нәтижесін берілген соңғы нәтиженің үлгісімен салыстыра
білуі маңызды.
Мектеп жасына дейінгі балаларда компоненттерді
қалыптастырудың педагогикалық шарттары:
S педагогтың тапсырмаларды орындау барысы мен сабақ соңында
алған нәтижелермен салыстыруы;
S балалардың
алдына
өзін-өзі
бағалау,
өзін-өзі
бақылау
міндеттерін қою;
S балалардың өз нәтижелері мен үлгіні (эталонды) салыстыру
тәжірибесі;
S педагогтың әр баланың оқу жұмысын саралап бағалауы, барлық
жұмысты бірігіп талдау, анықталған критерийлер бойынша бағалау
(кіші және орта мектепке дейінгі жаста).
М ектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекетінің мотивтерінің
ерекшелігі
Мектепке дейінгі кіші және орта жаста сабақтың мазмұнына, зат-
тармен жұмыс істеу процесіне эмоционалдық көзқарас мотиві басым
болады. Материалдың динамикалылығы, жарқындығы, оның жаңалығы
танып білуге ынталылық танытады. Практикалық, ойын іс-әрекеті
(ойыншық жасау үшін желімдеп үйрену) мотивтері, артықшылық
мотивтері («Мен бәрінен де жақсы жасаймын»), сыртқы (жұмыстың
өзінің тартымдылығы) мотиві. Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай
әлеуметтік, танымдық, бағалаушылық мотивтер пайда бола бастайды.
Оқу білігі мен дағды лары н меңгеру ерекшелігі
Мектепке дейінгі балалық шақта балаларда оқу тапсырмаларын
орындау үшін қажетті оқу білігі мен дағдылары қалыптасады. Бұл білік
шартты түрде екі топқа бөлінеді - жеке оқу-танымдық білік және оқуда
құрбыларымен өзара әрекет білігі.
Жеке оқу-танымдық білік (сенсомоторлық, сөйлеу, интеллектуалдық
істер), олар білімді меңгеруді, практикалық білім мен дағдыларды
қамтамасыз етеді. Оларға: байқау білігі; перцептивтік, тексерушілік
білік; іздестіру амалдары; түрлендіру амалдары; салыстыру, жалпы-
лау, сериация, классификация амалдары; үлкеннің сөзін қабылдау және
түсіну (есту зейіні, дыбысқа назар қою білігі, оларды саралау білігі);
көркем сөзді қабылдау және түсіну білігі; ауызша нұсқау бойынша іс
істеу білігі; өз сөзінде танымдық іс-әрекет нәтижелерін анық көрсету
106
білігі жатады. Бұл білік пен дағдылар тұрақты емес және жаттығулар
жасалмаса болмай қалады.
Оқуда құрбыларымен өзара әрекет білігі.
Оларға:
- барлық балаларға берілген тапсырманың өзіне де қатысты
екендігін түсіну білігі. Кіші жаста жалпы тапсырманы жекелендіреді
- барлығы қардың суретін салады: Айгерім, Әлихан, Расул, Малика,
Рустам және т.б.;
- басқа балалардың сөзін тыңдау және есту, оны түсіну білігі
(тәсілдері: сөйлеп тұрған баланың сөзін толықтыру, қателерін түзету,
бір-бірінің сөзін жалғастыру, қайталау және т.с.с.);
- оқу тапсырмасын орындауды бірге жоспарлау білігі;
- жалпы қарқында, ырғақта жұмыс істеу, бәрімен бірдей үлгеру
білігі (бұл біліктердің болмауы көбінесе үлгірмеушілікке себеп болады.
Сонымен, мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекеті компоненттерінің
қалыптасуы жүреді. Оқу іс-әрекеті тікелей ойыннан тумайды. Ол мек-
тепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде жүріп отырады.
Балалардың оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту олардың бұл әрекетке
әртүрлі жағдайда араласуы процесінде болады. Мектеп жасына дейінгі
баланың оқу-танымдық іс-әрекетінің анық құрылымы бар (кез келген
жас топтарына бірдей. Сонымен бірге балалардың оқу іс-әрекеттері
компоненттері және оларды оқыту процесінде қалыптастырудың
өзіндік ерекшелігі бар. Оқу танымдық іс-әрекет бүкіл мектепке дейінгі
кезеңде тәрбиешілердің балалармен сабақтарда мақсатты бағытты
педагогикалық жұмыс ұйымдастырған жағдайда қалыптасады. Бұл
процестегі сабақтастық мектепте оқуда жаңа жағдайға бейімделуін
тездетеді. Оқу танымдық іс-әрекет компоненттерінің қалыптасқандығы
мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқытудың басты нәтижесі бола
ды.
Балабақшада мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды оқыту
процесінің нәтижелері туралы тақырыпты қорыта келе, оқыту нәтижесі
- бұл процестің орындалған мақсаты. Осы мақсаттар педагогикалық
процеске қатысушылардың біріккен бағытты мақсатты іс-әрекетінің
оқытудың көзделген нәтижесіне қол жеткізілгендігін көрсетеді.
Қойылған педагогикалық мақсаттар мен қорытынды нәтижелердің
бірдей болуы оқытудың тиімділігінің айқын критерийі болады. Оқыту
нәтижесі балалардың білімді, білікті, дағдыларды меңгеру, оқытудың
әсерінен болған жеке басындағы өзгерістер фактілері. Бұл өзгерістердің
барлығы үлкендермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынаста,
107
уақытпен мөлшерленген оқыту процесінде және еркін, өз бетінше
әрекет ету, күнделікті өмірде пайда болады.
6.8 П едагогикалы қ процесте балаларды оқыту нәтижесін бағалау
Оқыту процесінің нәтижелерін бағалау оның мінетті компоненті
болып табылады, оқытудың барлық кезеңдерінде орын алады. Мектепке
дейінгі мекемеде кешенді бағалау жылдың басында, ортасында және
соңында жүргізіледі. Білім беру ісінің тиімділігін ағымдық байқауды
педагог балалармен күнделікті жұмыс барысында жүргізеді. Бағалау
стандартқа сәйкес балалардың білім мазмұнын меңгергендік дәрежесін
білу үшін, педагогикалық процестің нәтижелілігін, әр баланың даму
динамикасын білу үшін маңызды.
Оқыту нәтижелерін бағалау үш бағытта жүргізіледі.
1. Объективті диагностика - мектепке дейінгі мекеме маман-
дарының жұмысын бақылаудың түрлері мен әдістерінің арнайы
жүйесінің көмегімен жүргізіледі.
2. Оқыту барысында және оның нәтижелеріне бойынша бала-
лардың оқу-танымдық жұмыстарын бағалау.
3. Оқыту процесінде балалардың өзін-өзі бағалауы.
Оқытудағы
бағалау бағыттарының әрқайсысына жеке-жеке
тоқталайық.
Педагогикалық
диагностика
-
балалардың
білім
беру
бағдарламасын меңгеру деңгейін, білім алғандық, дамығандық және
тәрбиеленгендік деңгейін өлшеу. Оның нәтижелері педагогикалық
процестің, педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігін, әр баланың
даму сипатын көрсетеді. Бақылау және диагностика басқару функ-
циялары болады. Мектепке дейінгі мекеме педагогтары білім беру
нәтижелерін және оқыту процесін бағалауда қиындық көреді.
Заманауи білім берудің кешенді бағдарламаларының авторлары бұл
қиындықтарды жеңілдетуде педагогтар үшін мектепке дейінгі білім
мазмұнын меңгеру деңгейін объективті бағалау мақсатында оларды
диагностикалық құралдар ретінде пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесіндегі диагности
ка бірнеше функциялар орындайды: диагностикалық, дидактикалық,
тәрбиелеушілік, дамытушылық. Оқыту функциялары диагностикалық
тұрғысынан дұрыс, өйткені оның әдістері (тестілер, практикалық тап-
сырмалар, жұмыс нәтижелерінің өнімдері және т.с.с.) оқытуға ұқсас,
бірақ сонымен бірге диагностикалық функция атқарады. Ол жетекші
рөл атқарады.
108
Мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесі нәтижелерін диагности-
калау әртүрлі бақылаулар арқылы жүзеге асады.
Ағымдық бақылау - оқытуда балалардың әлеуметтік тәжірибені
меңгергендігін жүйелі түрде тексеру (білім, білік, дағды, шығармашылық
тәжірибесі, айналасындағылармен қарым-қатынас тәжірибесі). Ол
икемді, шапшаң, ретті, түрлері, әдістері және құралдары жағынан
әрқилы.
Кезеңдік бақылау білім беру бағдаламасының ірі тақырыптарын,
бөлімдерін аяқтағанда, ұзақ мерзім оқу қорытындысында жүргізіледі.
Мұнда ағымдық бақылау мәліметтері ескеріледі.
Қорытынды бақылау оқу жылының аяғында өткізіледі (ма-
мыр). Оның мақсаты - жыл бойғы оқытуды қорыту, баланың білім
алғандығын, ондағы өзгерістерді білу. Бағдарламаны меңгеру деңгейін,
ары қарай оқытудағы күтілетін мүмкін болатын жетістіктерді бағалау
жалпы педагогикалық процесті бағалауға негіз болады.
Бақылаудың
барлық
түрлерінің
мағлұматтарына
сүйеніп
қорытынды, ұсыныстар жасалады, жөндеу міндеттері, балалармен
істелетін жеке жұмыс түрлері, педагогтардың өздік білім алу мәселелері,
ата-аналармен жұмыс бағыттары анықталады.
Оқыту нәтижелерін жүйелі диагностикалау мысалы ретінде Б.
Блумның кестесін алуға болады. Оқыту процесінің нәтижелілігінің
критерийлері ретінде ол мыналарды көрсетеді: бала біледі, түсінеді,
қолданады, талдайды, қорытады, бағалайды. Бұлар тексеруге жатады,
сол сияқты балалардың әлеуметтік және жалпыпсихологиялық дамуы
бағаланады. Бағалау аясы - когнитивтік, әлеуметтік, психологиялық.
Мектепке
дейінгі
мекемеде
балаларды
оқыту
процесінің
нәтижелерін бағалау өзіндік ерекшеліктері бар әдістермен жүзеге
асырылады. Бақылау әдістері - оқытудың табыстылығы жөнінде
мағлұмат алу мақсатында онымен кері байланыс орнатуға ықпал ететін
диагностикалық іс-әрекет тәсілдері. Балаларды оқыту нәтижелерін
бақылау әдістерін шартты түрде ауызша және жазбаша бақылау әдістері,
практикалық тапсырмалар орындау, байқау, арнайы жасалған, ғылыми
негізделген диагностикалық әдістер деп бөлуге болады.
Ауызша бақылау әдістері. Оның негізі - баланың монологиялық жа-
уабы немесе сұрақ-жауап жүйесі. Әдістер жеке, топтық, жаппай жалпы
түрде қолданылуы мүмкін. Бұл әдістерге айтып беру, әңгіме, түсіндіру,
қайталап айтып беру, балалардың көргендерінен хабарлама жасау.
Құралдар - дидактикалық ойындар, карточкалар, суреттер, сұрақтар,
оқытудың техникалық құралдары, заттар, суреттер сериялары.
109
Жазбаша бақылау әдістері. Классикалық түрде мектепке дейінгі
мекемеде балалармен жұмыста бұл әдіс пайдаланылмайды. Мектепке
дейінгі ересек жаста балаларға арнайы тапсырмалар - баспа әріптерін
жазу, графикалық диктанттар, заттардың контурын сызу, штрихтау және
т.б. берілуі мүмкін. Бұл әдістер бағалау балалардың тапсырма бойынша
жұмыс істеу - сурет салу, штрихтау білігін бағалауға жағдай туғызады.
Практикалық
жұмыстар
мен
тапсырмалар
балалардың
практикалық білікті меңгеру деңгейін, қабылдау және тапсырманы
орындау, жоспарлау, үлгі бойынша және онсыз жұмыс істеу, өз жұмысын
және басқалардың жұмыстарын бағалау қабілеттерін анықтайды.
Бұл математикалық амалдарды, тәжірибелерді, еңбек амалдарын,
дидактикалық ойыншықтар мен материалдармен амалдар орындау.
Білім беру багдарламасының бөлімдерін меңгеру деңгейін багалау
мақсатында балалардың іс-әрекетін бақылау. Педагог баланы табиғи,
еркін және өздігінен іс-әрекет жасап жүрген жағдайда бақылайды.
Баланың алған тәжірибесін қолдану қабілеті, оны күнделікті өмірге
шығармашылықпен бейімделуі, баланың әртүрлі іс-әрекетінде білім
мен білікті пайдалануы, баланың өздігінен және өзара оқуға қабілеті
бағаланады.
Арнайыжасалғандиагностикалықәдістерпсихикалықпроцестердің,
ойлау операцияларының, оқу іс-әрекеті компоненттерінің, меңгерілген
білімнің, қабілеттің көлемінің, толықтығының және беріктігінің даму
деңгейін анықтайды.
Бұл әдістер объективті нәтижелер алу және оқыту процесіне дер
кезінде түзетулер енгізу мақсатында өзара байланыста қарастырылады.
Педагогтың оқыту процесінде балалардың іс-әрекетін бағалауы
бірқатар міндеттерді орындауды көздейді:
• балалардың танымдық белсенділігін арттыру;
• оқыту процесінде мадақтау және балалар үшін жетістік ситуа-
цияларын жасау арқылы жайлы жағдай туғызу;
• балалардың іс-әрекетті бағалау білігін қалыптастыру.
Оқыту процесінде бала үшін олардың істерін құптауы, ынтасы мен
талаптарын мадақтауы, тапсырмаға және жұмыс сапасына сәйкес оның
дұрыстығына талдау жасау сияқты үлкендердің бағалауы аса маңызды.
Педагог бала жұмысының нәтижесін тапсырмамен, үлгімен, жасына
қарай осы жұмысты орындау талаптарымен салыстырады.
Бағалау түрі маңызды. Мысалы, «суретте үй дұрыс салынбаған» -
мұндай баға дұрыс емес. Неге? Оқыту процесінде баланың іс-әрекетін
багалауга ұсыныстарды бөліп көрсетейік.
110
Бағалауда алдымен жағымды, содан кейін жағымсыз жақтар
көрсетіледі, олар жөндеуге келетіндей болуы мүмкін. Бағалау баланың өзіне
емес, оның іс-әрекет нәтижесіне сай болуы тиіс. Ол сөз түрінде, таңбалау
түрінде де болуы мүмкін (белгі, түс, фишка және т.б.). Балаларда өздерінің
кемшіліктері мен нақты емес жұмыстарына дұрыс, конструктивті көзқарас
қалыптастыру қажет. Оқытудың нәтижелілігі мәселесі балалардың
нақтылы мүмкіндіктерімен байланыстырылады. Педагог балалардың оқу-
танымдық іс-әрекетін және оның нәтижесін дұрыстығы мен амалдардың
реттілігі, нәтиженің талапқа
сәйкестігі тұрғысынан бағалауы тиіс.
Баланың жұмысын формалды қарауға болмайды.
Оқытудың нәтижелілігінің көрсеткіші оқытудың бағдарламалық
мазмұнын барлық балалардың меңгеруі, бала тұлғасындағы оның
шығармашылық және коммуникативті тәжірибесіндегі өзгерістер бо-
лып табылады. Балалардың оқыту мақсатына жету дәрежесі әртүрлі,
өйткені бұл баланың бастапқы жеке тәжірибесіне, оның қабілеттеріне,
мектепке дейінгі мекемеден тыс жердегі даму жағдайына байланысты.
Оқытудың сабақтағы нәтижелерін балалар іс-әрекеттің басқа
түрлерінде пайдаланады (ойында, еңбекте, қарым-қатынаста), өйткені
нәтиженің әрқашанда практикалық маңызы бар. Балалардың оқытуда
алған тәжірибесін пайдалану қабілеті оқытудың жемісті болғандығының
тағы да бір көрсеткіші болып табылады.
Нәтиже алу фактісі балаларға тәрбиелік ықпал етеді. Оларды про
цесс қана емес, нәтиже де қызықтырады. Балалар 4 жастан бастап өз
жұмысы мен оның нәтижесі мен білім көзін байланыстыра бастайды.
Оқытуда баланы ң өз нәтижелерін өзіндік бақылауы
Процесті және кез келген іс-әрекетті бағалауға үйрету керек. Балалар
өздерін бағалауды үлкендердің өз әрекеттерін бағалау тәжірибесінен
үйренеді. Балалар өз нәтижелерін үлгімен, іс-әрекетке талаптармен,
басқа балалардың іс-әрекет өнімдерімен салыстыру арқылы өздерін
бағалайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көбінесе материалдық
көрініс беретін (сурет, қолдан жасалған заттар, құрастырылған заттар)
өнімді іс-әрекет нәтижелерін бағалайды.
Оқыту нәтижелерін зерттеу процесінде педагог баланың білімдік,
тәрбиелік және дамытушылық міндеттерді орындау дәрежесін ғана
бағалап қоймайды, сонымен қатар өзінің дидактикалық сауаттылығын,
оқыту процесін құру сипатын, оның құрылымдық компоненттерінің
біріне-бірінің
сәйкестігін,
жасалған
ұйымдастырушылық,
психологиялық, педагогикалық жағдайларды да бағалайды.
111
Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар:
1. «Заңдылық», «принцип» ұғымдарының мазмұнын ашыңыздар.
«Мектепке дейінгі оқыту заңдылықтары мен принциптері» деген ке-
сте құрыңыздар. Кестеге олардың қысқаша мазмұнын жазып, олардың
заңдылықтары мен принциптерінің арасындағы өзара байланы
сты стрелкалар арқылы көрсетіңіздер. Тапсырмаларды орындағанда
«Мектепке дейінгі педагогика», «Педагогика» базалық оқулықтарын
пайдаланыңыздар.
2. Мектепке дейін балаларды оқыту процесінің құрылымын схема
түрінде бейнелеңіздер. Әрбір компонентті ашып көрсететін тірек жазу-
ларын жазыңыздар.
3. Оқытуда қайшылық неге қозғаушы күш болатындығын
түсіндіріңіздер. Бұл қайшылықтарды ашып көрсетіңіздер, практикалық
мысалдар келтіріңіздер.
4. Мектепке дейін балаларды оқытудың әрбір кезеңіндегі
педагогтың рөлін анықтаңыздар. Зерттеу нәтижелеріңізді көрнекі түрде
көрсетіңіздер. Тапсырманы орындау үшін тақырып бойынша негізгі
және қосымша әдебиетті пайдаланыңыздар.
5. Педагогикалық сөздіктерді пайдаланып, «даралап» оқыту және
«саралап» оқытудың анықтамасын жазып алыңыздар. Мектепке дейінгі
оқыту процесінде оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін көрсетіңіздер
(тақырыпты және «Мектепке дейінгі педагогика» курсының қосымша
тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстарды орындауға ұыныстарды
қараңыздар).
Өздік жұмысқа арналган тапсырмалар
1. Тақырып бойынша соңғы бес жылдағы «Дошкольное воспита
ние», «Управление ДОУ» журналдарының негізінде мақалалар библио-
графиясын құрыңыздар.
2. Қазіргі кезеңде мектепке дейін білім беру нәтижелері жөніндегі
өз түсініктеріңізді кесте түрінде көрсетіңіздер.
3. «Мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінің сапасы. Мектепке
дейін білім беру сапасын арттыру жолдары» тақырыбына педагогикалық
талапқа негізделген шағын конспект жазыңыздар.
¥сынылатын әдебиет
1. Баранов С. П. Сущность процесса обучения. - М., 1981.
2. Буре Р. С. Когда обучение воспитывает. - СПб., 2002.
112
3. Воспитатели и дети: источники роста / Под ред. В. А. Петровского.
- М., 1994.
4. Груба Г. В. Современные тенденции дошкольного обучения//
Современное образование ребенка дошкольного и младшего школьного
возраста. - СПб., 1997.
5. Давидчук А. Н. Индивидуально-ориентированное обучение де
тей. - М., 2000.
6. Доман Г. Дошкольное обучение ребенка. -М ., 1995.
7. Дошкольник: обучение и развитие. - Ярославль, 2001.
8. Дидактика детского сада // Дошкольная педагогика В 2 ч./ Под
ред. В. И. Логиновой, П. Г. Саморуковой. Ч.2.- М., 1988.
9. Обучение детей в дошкольных учреждениях села. / Под ред. А.
С. Алексеевой. - М., 1990.
10. Обучение детей раннего и дошкольного возраста // Козлова С.
А., Куликова Т. А. Дошкольная педагогика. - М., 2001.
11. Особенности обучения и воспитания дошкольника.- СПб., 1987.
12. Усова А. П. Обучение в детском саду. - М., 1981
8 -7 4 6 3
113
7-ТАРАУ
М ЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙ ІН ГІ БАЛАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
РЕТІН Д ЕГІ О ЙЫ Н Н Ы Ң МӘНІ
Жоспар
7.1 «Ойын» ұғымының мазмұны. Педагогика және психология са-
ласында балалар ойынын зерттеушілер. Балалар ойынының пайда бо
луы.
7.2 Балалар ойынының ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі ба-
ланы дамыту, тәрбиелеу, оқытудағы ойынның маңызы.
7.3 Ойынның адамзат мәдениетінің феномені ретіндегі функцияла-
ры. Балалар ойындарын классификациясы.
7.4 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің
құрылымы, оның элементтерінің сипаттамасы.
7.5 Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібіндегі ойынның
орны.
7.1 «Ойын» ұғы м ы ны ң мазмұны. Педагогика және психология
саласында балалар ойы ны н зерттеушілер. Б алалар ойыны ны ң
пайда болуы
Ойын - күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің
соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі, - деп көрсетеді
адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген зерттеушілер (Н. П.
Аникеева, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин және т.б.).
Ойын дегеніміз не? «Ойын», «ойын әрекеті» ұғымдарының
мазмұнына анықтама өте көп.
Орыс тілі сөздігінде «ойын» сөзі «белгілі бір ережелер, тәсілдер
жиынымен және бос уақытты өткізу, көңіл сергіту үшін жүргізілетін
іс-әрекет» деп анықталған.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыда «ойын» дегеніміз не?
Педагогикалық энциклопедияда «Ойын - үлкендердің істерін, олардың
арасындағы қарым-қатынастарын қайталайтын балардың іс-әрекетінің
бір түрі... дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбие құралдарының бірі»
деп анықтама берілген.
Ойын өзін-өзі басқаруда қоғамдық тәжірибені меңгеру ситуацияла-
ры жағдайындағы іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады.
114
Ерте уақыттан бері ойын адам өмірінің маңызды бөлігі болып сана-
лады. Ойынның шығу тарихы осы бағыттағы басты мәселелердің бірі.
Зигмунд Фрейд өзінің психоаналитикалық теориясында ойынға
көзқарасты биологиялық себептерге (инстинкт, қызығу) байланысты,
яғни тұрақты, тарихтан тыс сипаттағы іс-әрекетке көзқарас ретінде
көрсетеді. Оның теориясының қандай да бір дәрежеде көптеген
психологтарға (Коффка К., Левин К., Пиаже Ж. және т.б.) ықпалы бол
ды. Ол қазір де жеткілікті түрде кеңінен тараған. Т. А. Куликованың
пікірінше, мұндай көзқарастардың жарамсыздығын бала ойында-
ры дәлелдейді, олар өздерінің мазмұндары бойынша тарихи дәуірге
ғана тәуелді емес, бір дәуірде өмір сүретін, бірақ әртүрлі мәдени,
экономикалық, географиялық жағдайларда тұратын адамдарға да бай
ланысты.
ХХ ғасырдың басында зерттеушілерде адамзат тарихында алғашқы
болатын - еңбек пе немесе ойын ба? - деген сұрақты шешуде ортақ
пікір болған жоқ. Ойын еңбектен бұрын пайда болған деген болжам-
дар айтылды. Ең алғаш бұған қарама-қарсы пікірмен, яғни «ойын - бұл
бала еңбегі» деген пікірді неміс психологы және философы В. Вундт, ал
кейіннен бұл көзқарасты орыс философы Г. В. Плеханов «Мекенжайсыз
хат» деген жұмысында ары қарай дамытты. Ол балалар ойынын өнердің
пайда болуын қарастыра отырып зерттеді. Әр халықтың ойындарының
мазмұнын талдау (негізінен ерте дүниенің) оған ойын адамзат тарихын-
да өнер сияқты еңбектен кейін және соның негізінде пайда болғандығы
туралы тоқтамға келуіне мүмкіндік берді. Ойында адамдардың еңбек іс-
әрекеті көрініс табады. Еңбек ету процесінде кездескен іс-әрекеттерден
алған сезімдерін қайталауға деген ынта ерте дүние адамдарын салт-
дәстүр ойындарына, биге, әнге алып келді. Сонымен, Г. В. Плеханов
ойынның көпғасырлық тарихы бар және еңбектің негізінде алғашқы
қоғамда пайда болған деген қорытындыға келеді.
Жеке адам өмірінде ойын, Г. В. Плехановтың пікірінше, еңбектен
бұрын болды. Мұнда ойынның әлеуметтік орны бар: ол «мәдени
мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал» болып саналады, бала
ларды еңбекке дайындайды.
Г. В. Плехановтың ойлары жаңа буын ғалымдардың еңбектерінде
дамытылды, оларды толғандырған мәселе: бала өмірінде оның
келешектегі еңбек іс-әрекетке дайындайтындай ойын іс-әрекеті әрқашан
да болды ма?
Д. Б. Эльконин рөлдік ойындардың тарихи пайда болуы мен оның
дамуы туралы болжам жасады. Ол адамзат өмір сүре бастағанда ба-
115
лалар ойыны болған жоқ. Еңбектің және оған қажетті құралдардың
қарапайымдылығынан балалар үлкендердің жұмысына өте ерте арала-
са бастады (жеміс, шөптің тамырларын жинау, балық аулау және т.б.).
Еңбек құралдарының күрделенуі, аң аулауға, малшылыққа, жер
өңдеуге көшу баланың қоғамдағы жағдайының өзгеруіне алып келді: ол
енді үлкендердің жұмысына тікелей араласа алмады, өйткені оған білім,
білік, және т.с.с. қажет болды. Үлкендер балаларды еңбек әрекетінде
жаттықтыру үшін ойыншықтар дайындай бастады (садақ, найза, арқан
және т.б.). Ойын-жаттығулар пайда болды, олармен ойнау барысын
да бала қажетті еңбек құралдарын пайдалануға дағдыланды, өйткені
ойыншық солардың моделі болды.
Д. Б. Эльконин әртүрлі кәсіпорындарының пайда болуымен, техни
ка мен күрделі еңбек құралдарының дамуына байланысты ойыншықтар
олардың моделі болудан қала бастады деп атап көрсетеді. Олар функ-
цияларымен емес, сыртынан ғана еңбек құралы сияқты болды. Басқаша
айтқанда, ойыншықтар еңбек құралының бейнесі сияқты болды.
Мұндай ойыншықтармен еңбек ісінде жаттығуға болмайтын болды,
бірақ оларды бейнелеуге болады. Рөлдік ойындар пайда болды, одан
кішкене балаға тән қанағаттанғандық алады, үлкендердің өміріне бел-
сене қатысуға ұмтылады. Шынайы өмірде мұндай араласу мүмкін
болмағандықтан, бала қиялындағы ситуацияда үлкендердің амалда
рын жүріс-тұрысын, өзара қарым-қатынасын қайталайды. Яғни, рөлдік
ойын ішкі, туа біткен инстинктің әсерінен емес, қоғамдағы бала өмірінің
толығымен анықталған әлеуметтік жағдайларының нәтижесінде бо
лады. Үлкендер өз кезегінде арнайы жасалған ойыншықтардың,
ережелердің, ойын техникаларының көмегімен балалар ойынының та-
ралуына ықпал етеді, олар ойынды қоғам мәдениетінің бір бөлігіне ай-
налдыра отырып ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.
Сонымен, ойын туралы заманауи психологиялық-педагогикалық
ғылыми көзқарастар тарихи шығу тегіне, әлеуметтік табиғатына, адам
зат қоғамындағы мазмұны мен атқаратын міндетіне негізделеді.
Психологтардың (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л.
Рубинштейн, Д. Б. Эльконин және т.б.); педагогтардың (М. Я. Басов,
Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский және т.б.) зерттеулері
ойын өзінің мотивтеріне, шығу тегіне, мазмұнына, құрылымына, функ-
цияларына қарай әлеуметтік екендігін көрсетті.
К. Д. Ушинский өзінің «Адам тәрбие пәні ретінде» деген еңбегінде
ойынды «өзін қоршаған айналасындағы дүниенің барлық күрделілігіне
кірудің бала үшін шамасы келетіндей тәсіл» деп анықтама берген.
116
Оның пікірінше, балалар ойындары қоршаған әлеуметтік ортаны
бейнелейді.
А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің зерттеулері көрсеткендей,
мектеп жасына дейінгі кезеңнің барлық уақытында ойынды дамыту ой-
ыннан шынайылық, үлкендердің ісін қайталау, рөлдік ойнау, адамдар
арасындағы қарым-қатынастың көрінісі бағытында жүреді. Сонымен,
ойын арнайы жасалған жағдайда адамдардың өзара қарым-қатынасын
анықтау және модельдеу құралы болады, яғни әлеуметтік тәжірибені
меңгеруге қызмет ете бастайды.
Авторлардың пікірінше, балар ойынының мазмұны оны қоршаған
шынайы ортаның бейнесі - үлкендердің кәсіби іс-әрекеті, олардың
өзара қарым-қатынасы, балаларға көзқарасы және т.с.с. болып табыла
ды. Д. Б. Эльконин ойында «тікелей утилитарлы іс-әрекет жағдайынан
тыс адамдар арасында әлеуметтік қатынастар жасалады» деп жазды.
Ойын, зерттеушілер атап көрсеткендей, шынайы өмірді бейнелеу
жағынан да және оны жүзеге асыру тәсілдері жағынан да әлеуметті.
Ойын әрекетін, В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, Н. А. Короткова, Н.
Я. Михайленко, Д. В. Менджерицкая тұжырымдарына сәйкес, бала
жасамайды, үлкендердің көрсетуімен болады, олар баланы ойнауға
үйретеді, ойын амалдарының қоғамда қалыптасқан тәсілдерімен та-
ныстырады. Үлкендермен қарым-қатынаста әртүрлі ойындардың
техникасын меңгеру арқылы, бала ойын тәсілдерін түсініп басқа
жағдаяттары қолданады. Ойын қозғалыс әрекеті, ол баланың өзіндік
шығармашылық түріне айналады, ал бұл оның дамуы үшін тиімді се-
беп болады.
Сонымен, ойынның мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-
әрекеті ретінде баланың психикалық дамуында өте үлкен маңызы
бар. Ойын әрқашан педагогтар мен психологтардың назарынан тыс
қалған емес. Балалар ойыны саласындағы көрнекті психологтар, тео-
ретиктер Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Б.
Эльконин. Педагогикада ойын теориясын белсенді түрде қарастырған
К. Д. Ушинский, Р. И. Жуковская, Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткова,
С. А. Шмакова және т.б. Түрлі ойындардың маңызы мен оларды да
мыту жолдарын қарастырған В. Н. Аванесова, Н. В. Артемова, З. М.
Богуславская, Н. Я. Михайленко, Е. Н. Радина, И. Сорокина және т.б.
Көркем өнерге тәрбиедеудегі ойынның маңызын Н. А. Ветлугина, Н. П.
Сакулина және т.б. зерттеген. Шетелдік психология мен педагогикада
ойынның ерекшеліктерін Э. Берн, Д. Дьюи, Ж. Пиаже, З. Фрейд, Э.
Фромм, И. Хейнзорге өз еңбектеріне арқау еткен. Олардың еңбектерінде
117
әрекет ретінде ойынның мәнін, тұлға онтогенезіндегі оның рөлін,
әлеуметтендіру процесінде - адамның қоғамдық тәжірибені меңгеру
және пайдалану орнын түсінудің түрлі тұжырымдамалары баяндалған.
7.2 Б алалар ойы ндары ны ң ерекш еліктері. М ектеп жасы на дейінгі
баланы дамыту, тәрбиелеу, оқытудағы ойынның маңы зы
Ойын - баланың өз ынтасынан туған белсенді шығармашылық
сипаттағы
және
жоғары
эмоционалдық
толыққандылығымен
ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет.
Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде өзінің
ерекшеліктері болады.
Балалардың ойынында еркіндігі мен өзіндік жұмыс істей алуы
баланың қалауымен болады. Бала ойынды тікелей ынталылықтан,
сұраныстан бастайды. Ойын қанағаттанғандық сезімін алу үшін ой-
налады, ойынның мотиві - өзі үшін шындықтың маңызды жақтарын
бастан өткізу (С. Л. Рубинштейн). Еркіндік және өз беттілік ойын
ды, оның мазмұнын, рөлдерді, басқа балалармен бірлесуде еріктілікті,
ойынға кіру және шығу еркіндігін таңдағанда көрінеді.
Ойын үшін іс-қимылын, әрекетін, ойынға қатысушылардың
тәртібін өзі реттеу сипаты тән. Ойын белгілі бір талаптармен және ере-
желермен реттеледі. Әр ойында ереже әртүрлі (ойын амалының реті,
тәртіп ережелері, өзара қарым-қатынас ережелері).
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты - ойын ынтамен, баланың
рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша-заттарды таңдағандағы
шығармашылығымен
байланысты.
Ойынды
құрғанда,
ойын
кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс
істейді.
Ойынның эмоционалдық тұрғыда қанықтылығы - бала ойын
да шынайы күйзеледі, ойнаған оқиғасын өз басынан кешіреді. Бала
ойыннан ләззат алады, өз сезімін басқаларға береді, оларды әртүрлі
рөлдерде көреді. Ойында теріс көңіл-күй де бастан өтеді - өкпе,
қанағаттанбағандық, жеке жағымсыз күйзелістер, бұларды анықтау аса
маңызды және олардан арылу керек. Бәрібір ойыннан жалпы әсер - оң
болады.
Ойынның іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегідей (сурет салу, еңбек,
музыкалық) айқын материалдық нәтижесі болмайды. Ойынның
құндылығы - жастарына қарай жан-жақты дамыту мүмкіншілігінде,
диагностикалық, психотерапевтік, көңіл сергіту құралдары болуында.
Достарыңызбен бөлісу: |