140
аздаған түзетулер енгізіп оны қайталайды. Мұндай ойындар баланың
ықыласын төмендетеді. Оның үстіне, педагогтар ойын тақырыбын
бергенде жылдан жылға, көбінесе уақыттың өзгеруіне байланысты
баланың талғамын, мэдениетін ескермейді.
Қазіргі кезеңдегі баланың өмірі көпжақты, эртүрлі эсерлерге толы,
олар педагог тарапынан тым қатаң жетекшілік болмаған жағдайда ой
ында көрінеді. Балалар ойындарын зерттеген көптеген зерттеушілердің
ойынша жалған барлық балалар бір уақытта бір ойынды ойнауы тиіс
«ойынның ұжымдық сипаты» ұғымды сынға алды. Ойынның ұжымдық
сипаты туралы бұл ұстанымды балалардың өз еріктерімен эрқайсысы
үшін өзінше қызықты іс-эрекет деп түсіну керек. Басқа жағдайларда
педагогикалық процесті дараландыру балалардың бос уақыттарында
белсенділік түрін өз еріктерімен таңдауына сэйкес іске асады.
Ойнап жүрген балалар элеміне баланың өзі кіруі шынайылау бола
ды. Бұл баланың эртүрлі жастағы жэне ойын тэжірибелері де эртүрлі
балалардың тобына кіргенде болады. Мұндай ортада бала біртіндеп
ойын білігі туралы өз тэжірибесін жинақтай бастайды. Ол өзінен кіші
балаларға ойынды жеткізуші болады. Мектепке дейінгі мекемеде эртүрлі
жастағы балалар сирек кездеседі, жастары эртүрлі балалар эрқашанда
бөлектеніп жүреді. Мұндай жағдайда педагог балаға жетіспей тұрған
ұжымды ауыстыруы қажет, балаға ойын білігін меңгеруге көмектесуі
тиіс.
Н.
Я. Михайленко, Н. А. Короткова осыған байланысты былай деп
жазады: «Балаларға сюжеттік ойындарға қатысты сэйкес педагогикалық
ықпал жүргізу үшін оның ерекшелігін жақсы түсіну қажет, оның
дамытушылық маңызы жөнінде түсінік болуы тиіс, эрбір жас кезеңінде
ол қандай болуы керек, сол сияқты мектепке дейінгі жастары эртүрлі
балалармен кэдімгідей ойнай білу керек».
Сюжеттік ойын кесте түрінде заттар мен шартты амалдар тізбегі
сияқты құрылады; күрделі түрде - ерекше рөлдік өзара ықпал тізбегі, ал
одан да күрделі түрде - эр алуан оқиғалар тізбегі. Ойын эрекетін бұлай
күрделендіру балаларда тиісті ойын білігі бар болған жағдайда мүмкін
болады. Ендеше, неғұрлым баланың эрекетінде ойынды құрудың
барлық тэсілдері толығырақ болса, соғұрлым ойын білігінің реперту
ары кең, балаларға ұсынылған мазмұн эртүрлі, балалардың өздерін-
өздері көрсетуге мүмкіндіктері үлкен болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың ойын эрекеті деңгейін бағалаудың
негізгі критерийі ретінде теорияның авторлары ойынды құру тэсілі,
бұл тэсілдерді құрастыра алу мүмкіндігі, баланың ойынның түпкі ой-
141
ына сай заттар мен шартты амалдарды енгізу білігі, рөлдік диалогтар,
эртүрлі оқиғаларды сабақтастыру басымдық алатын ойын білігінің
даму деңгейі деп есептейді.
Ойынға қатысты педагогикалық ықпалдың мақсаты білімді
ұжымдық түрде жасау емес, балалардың өздігінен ойнауын қамтамасыз
ететіндей ойын білігін қалыптастыру, мұнда олар эртүрлі көрсетілімдерді
орындайды, кішігірім ойын бірлестігінде құрбыларымен өзара қарым-
қатынасқа түседі.
H. Я. Михайленко, Н. А. Короткова мектепке дейінгі мекемедегі
сюжеттік ойындарды ұйымдастыру принциптерін анықтады. Сол
принциптерді көрсетейік.
М ектепке
дейінгі
мекемеде
сюжеттік-рөлдік
ойынды
ұйымдастыру принциптері:
I. Тэрбиеші балалармен бірге ойнауы керек. Мұда ол ойынды
қызықты ойнай алатын эмоционалдық серіктес позициясын ұстанады,
бала онымен өзін тең ұстайды, өзін бағалаудан тыс санайды, ынталылық
көрсетеді.
2. Тэрбиеші балалармен мектеп жасына дейінгі балалық шақтың
бэрінде ойнауы керек, бірақ эр кезеңде жаңа нэрсені меңгеріп, ойынды
құрудың неғұрлым күрделі тэсілдерін меңгеруі тиіс.
3. Ерте жастан бастап жэне ары қарай мектепке дейінгі жастың
эрбір кезеңінде ойын білігін қалыптастыруда бір мезгілде баланы ойын
амалдарын орындауға да, оны серіктестеріне де - үлкендерге немесе
құрбылырына оның мағынасын түсінуге бағдарлау қажет.
4. Әрбір жас кезеңінде ойынды ұйымдастырудың педагогикалық
процесі екіжақты сипат алуы керек, оған тэрбиешінің балалармен бірге
ойнағандағы ойын білігін қалыптастыру сэттері жэне балалардың өз
беттерімен ойнауына жағдай жасау кіреді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды эртүрлі жас кезеңдерінде
сюжеттік-рөлдік ойындарды дамытуға қысқаша негізгі эдістемелік
ұсыныстар берейік.
Бірінші кіші топ. Педагог бірінші жартыжылдықта сюжеттік
ойыншықтармен жэне қосымша-заттар шартты амалдар жасауды
қалыптастыру, бір-екі баланы үлкендермен ойынға қатыстыра отырып
баланың құрбыларымен қарапайым заттық-ойындық өзара эрекетінің
міндеттерін шешеді, ойынға қатысушылардың барлығынан бір типті
шартты ойын амалдарын талап ететін топтық ойындар ұйымдастырады.
Екінші жартыжылдықта педагогтың жұмысы ойында сюжеттік
ойыншықтармен, қосымша-заттармен жэне ойша елестеткен заттары-
142
мен 2-3 ойын амалынан тұратын тізбек құру білігін қалыптастыруға
бағытталады. Қалыптастыру құралы тэрбиешінің балалармен бірге
ойыны болады, онда ол екіфазалы, ал кейіннен күрделірек сюжетке
көшеді.
Сонымен, ойынды ұйымдастырудың бірінші кезеңінде-ақ ол
екіжақты сипат алады: үлкеннің баламен бірге ойыны балалардың
өздерінің ойынымен ұштасады, онда олар алған ойын біліктерін іске
асырады.
Екінш і кіш і топта бала рөлді меңгеруге қабілетті. Рөлдік болмысы
рөлдегі еліктеушіліктен рөлді саналы түрде ойнау диапазонына дейін,
эртүрлі байланыстар мен қатынастарды оған қосқанға дейін қамтиды.
Рөлдік болмысты меңгеру өзіне ойын ролін алуынан жэне оны
серіктесіне беруінен тұрады. Рөлді меңгеру шартты заттық амалдарды
орындау, рөлдік диалог орнату, ойын барысында серіктесінің роліне
қарай рөлдік болмысты өзгерту, іске қосылған сюжетке байланысты
ойын ролін өзгерту білігінен тұрады. Бұл білік біртіндеп қалыптасады.
4 жастағы бала үшін ойын ролін алу мен белгілеуді білу, серіктес-
ойыншыққа бағытталған ойын амалдарын орындау, қос рөлдік өзара
эрекетті орындау, құрбысымен қарапайым рөлдік диалог жүргізу
жеткілікті.
Педагогтың міндеті - олармен бірге ойынды барлық назар рөлдік
болмыста болатындай етіп құру керек. Баланың ойыншықпен істеген
амалдарын серіктес-үлкенмен өзара эрекеттестікке аудару маңызды.
Бала үлкен бастаған рөлдік диалогқа түседі, эртүрлі рөлдерді орындау
жэне дамыту тэжірибесін алады. Тэуелсіз (құрылысшы, жүргізуші, кос
монавт, өрт сөндіруші) жэне өзара бірін-бірі толықтыратын (дэрігер,
медбике, ауру) рөлдер анықталады. Рөлдік болмысты қалыптастыру
үшін педагог балаларға түсінікті өзара бірін-бірі толықтыратын
рөлдерді пайдаланып, балалармен ойынды бастайды. Қосақ бірін-бірі
толықтыратын рөлдер балаларды сюжетті іске қосу үшін рөлдік диалог
құру қажеттілігіне тап қылады. Басында серіктестік қосағында жетекші
рөлді педагог орындайды, ал кейін ол басқа балаға жол береді жэне
балаларды біріне-бірін бағыттайды. Рөлдер эртүрлі жоспарланады -
ең қарапайымнан (ана - қыз) кез келген элеуметтік рөлге жэне ертегі
кейіпкерлеріне дейін. Ойынды бала бастауы мүмкін, педагог баланың
не істейтінін «табады», ойынға кіріседі, соның ішінде эрекет жасайды,
баланың жеке мүддесіне сүйене отырып сыпайы түрде рөлдік эрекеттері
орындайды. Өз ролі тұрғысынан педагог сұрақтарымен жэне ой таста-
уымен баланың сөзін белсенділендіреді. Басты назар диалогта болу
143
үшін ойында ойыншық барынша аз пайдаланылады. Педагог сөйлеу
жағдаяттарын ойында «телефонмен сөйлесу» типінде беруіне болады,
онда тэрбиеші диалогқа қатысады жэне жауаптардың мазмұнын айтып
бере алады. Сол сияқты «Бауырсақ», «Шалқан» сияқты белгілі ертегілер
бойынша ойын-импровизацияларды тиімді пайдалануға болады.
Сонымен, тэрбиеші балалармен бірге ойнайды, балалардың рөлдік
болмысқа кіруіне тікелей араласады. Ол үшін қос рөлді байланыстар
мен рөлдік диалогтың сюжеттері пайдаланылады. Баланың рөлдік бол-
мысы серіктесіне бағдарланады (алдымен үлкенге, ал кейін құрбысына).
О рта топ. Тэрбиешінің бұл кезеңдегі міндеті - балаларды ойын
да неғұрлым күрделі рөлдік болмысқа көшіру, серіктестерінің эртүрлі
рөлдеріне сэйкес өзінің рөлдік болмысын өзгерту білігін қалыптастыру,
ойын ролін ауыстыру жэне ойын барысында серіктесінің жаңа ролін
белгілеу.
Бұл тэрбиеші екі шартты орындаған жағдайда мүмкін болады:
басқалармен белгілі бір рөлдік құрылымы бар көп кейіпкерлі сюжеттерді
пайдалану: рөлдің санының ойыншылардың санымен бірдей болуынан
бас тарту, сюжеттегі кейіпкерлердің саны ойыншылырдың санынан
артық болуы тиіс.
Жас ерекшелігі бар топтарда ойынды дамыту практикасында пе
дагог ойынның кез келген тақырыбын рөлдердің «бұтасы» түрінде
келтіреді, онда бір негізгі (капитан) жэне мағынасына қарай бірнеше
серіктестер (жолаушы, матрос, сүңгуші) болады. Осылай рөлдерде
тақырып ашылады (пароходпен жүру). Бұл жағдайда сюжет біртіндеп
ашылады: негізгі жэне эрбір қосымша кезекпен (капитан жэне ма
трос, капитан жэне жолаушы, капитан жэне сүңгуші). Негізгі рөл оны
орындаушы бала үшін эртүрлі байланыстарда өрбиді. Балалармен
ойнағанда рөлдік өзара қарым-қатынас тэжірибесін алу үшін эркімге
негізгі жэне қосымша рөлдерді де ойнауға мүмкіндік беру маңызды.
Ойында балалар ойын барысында рөлдерін ауыстыруды, ерекеттерінің
типін жэне өзара қатынас жасауды үйрену үшін жоспарланатын рөлдер
ойынға қатысатындардың санынын артық болуы керек. Сюжет алдын
ала жасалмауы тиіс, ол ойын барысында өрбиді. 5 жасқа қарай 2-3
қосымша рөл жеткілікті (сатушы - негізгі; қосымша - сатып алушы,
дүкен директоры, азық-түлік таситын жүргізуші). Ойын үшін ертегілер
сюжеттерін пайдалануға болады, онда басты кейіпкер біртіндеп ертегі
кейіпкерлерінің эрқайсысымен кездеседі (Золушка - өгей шеше, фея,
ханзада). Ойын аяғына қарай екінші рөлді негізгі сияқты енгізуге бола
ды. Бірдей кейіпкерлердің қатынастары рөлдердің байланыстары мен
144
арақатынастарын нақты көру эрбір баланың тэжірибесін молайтады.
Педагог ойынның сюжеттік-рөлдік ойынды дамытудың бұл
кезеңінде көптеген балалармен рөлдік қатынасқа түседі, рөлдік диа-
логты белсенділендіреді, балаларды бір-бірімен рөлдік қатынасқа
«енгізеді». Ойын еркін импровизациялық сипатта болады. Тэрбиешінің
эрбір баламен жэне кіші топтармен ойыны икемді рөлдік болмыс пен
рөлді ауыстыруға себепші болады, балалардың өздігінен ойнаулары-
на эжептэуір сілкініс береді. Ойында бала құрбыластарымен келісімді
эрекеттер жасап қана қоймайды, ойлап тапқан серіктесімен, серіктес-
ойыншығымен рөлдік диалогты модельдейді. Балалар айқындалған
ойын рөлдерін кеңінен жэне шығармашылықпен пайдаланады,
ойыншықтармен, заттармен-ауыстырушылармен шартты амалдар
орындайды.
М ектепке дейінгі ересек жас. Бұл кезеңде
балалардың
құрбыларымен ойнауға құштарлығы артады, балалардың эрқайсысы
өзінің күрделі ойын іске асыруға ұмтылады. Сонымен бірге балалардың
айналасы жөніндегі білімі көбейеді, өмірдің түрлі қырларына
қызығушылықтары анықталады. Жаңа деңгейдегі ойындар құру үшін
балаларды неғұрлым күрделі ойындар - бірлескен сюжет құрастыру
тэсілдерін үйрету қажет.
Сюжет құрастыру мыналарды қамтиды:
S баланың
эртүрлі
тақырыптық
мазмұнды
қамтитындай
оқиғалардың жаңа тізбегін құру білігі;
S серіктес-құрбысына бағдарланған болуы керек;
S серіктесі үшін өзінің болашақтағы ойларын белгілеу, олардың
пікіріне құлақ асу;
S баланың өзінің жэне ойын бойынша серіктесінің ұсынған
оқиғаларын ойын барысында жалпы сюжетке қосу білігі.
Үлкендермен бірге ойнау, эдеттегідей, сюжет құрастыруды
меңгерудің бірінші кезеңінде жетекші эдіс болады. Дегенмен, өзара
амал түрлері өзгереді. Н. Я. Михайленко жэне Н. А. Короткова сюжет
құрастыруды меңгеруде тек сөз арқылы жүретін «ойдан шығарылған
ойын» эдісін қолдануды ұсынады. Бұл ойында үлкен адам балаларға
эртүрлі сюжеттік оқиғаларды біріктіруді жэне үйлестіруді жүргізеді.
Ойдан шығарылған нэрсе ойын атрибуттарының қатысынсыз өтеді.
Балалар үшін мұндай ойын тек үлкен кісімен ойнағанда ғана түсінікті
болады. Балалар өздері ойнағанда балалар ойыншыққа қайтып орала-
ды, бірақ ойдан сюжет шығару білігі оларға толық жэне келісімді түрде
өзінің ойлаған ойынын ойнап шығуға көмектеседі.
145
1 0-7463
Бірігіп ойдан шығаруды белгілі сюжеттерді ептеп өзгерту арқылы
бастауға ұсынылады. Тэрбиеші бірте-бірте балаларды таныс сюжеттің
неғұрлым күрделі өзгерістеріне жетелейді. Ал кейін - жаңаны бірге ойлап
табады.
Мұндай жұмыс үшін белгілі ертегілердің сюжеттері қолайлы.
Оқиғаның жалпы мағынасы сақталады, тек қана кейіпкерлердің істерінің
нақты жағдайлары өзгертіледі. Барлық ертегілердің жеткілікті түрде
айқын кестелері бар:
• басты кейіпкер іздеп жолға аттанатындай қандай да бір затты табу
туралы ой келді;
• кейіпкер сиқырлы құралдың иесімен кездеседі жэне оны алу үшін
сынақтан өтеді;
• кейіпкер сиқырлы құралды алады, соның көмегімен керекті
объектісін алады;
• кейіпкер қолында іздеген объектісі бар қарсыласын тауып алады
да, негізгі сынақтан өтеді (қарсыласымен соғысады);
• кейіпкер қарсыласын жеңеді де, іздеген объектісін алады;
• кейіпкер үйіне қайтады, келіп тиісті сый-сияпатын алады.
«Ханзада жэне сұр қасқыр» ертегісінің мысалында сюжеттік-
рөлдік ойынды ұйымдастыруды қарастырайық. Ханзада жалын-құсқа
емес, жаңа жыл шыршасына баруына болады, сұр қасқырды емес,
періні кездестіреді, сиқырлы домалақшаны емес, тышқан-жолбасшыны
алады. Сиқырлы тышқанның көмегімен ол шыршалар Еліне келеді.
Шыршаларды алып дэу күзетеді, онымен соғысу керек. Жауын жеңіп,
кейіпкер ең сұлу шыршаны алып келеді. Ол патшалықта мерекелейді,
сыйлыққа ұшатын жаңа машина жэне т.б. алады. Ертегіні түрлендіргенде
балаларға бұрыннан белгілі таныс ертегілер, өмірден тарихи материал-
дар, фильмдер пайдаланылады.
Балаларға ертегінің жалпы схемасы
берілмейді,
ол ойдан
шығарылатын ойынды ұйымдастыру үшін тэрбиешіге керек, олай болма-
са ойын оқу есебіне айналып кетеді. Ойдан шығарылған ойындарда ба
лалар бірін-бірі тыңдауға, серіктесінің эңгімесін жалғастыруға үйренеді.
Ертегіні өзгертуді бас кейіпкерден бастау керек, содан соң басқа өзгерістер
енгізіледі.
Ойын 10-15 минутқа созылады. Балалардың санын екіден үшке дейін
көбейтуге болады. Тэрбиеші ойынды эмоционалды түрде жүргізуі керек.
Мұндай ойындарға байқаушылар қатысады, олар аздап білік алады. Ертегі
сюжеттерінен өмірдегі нақты оқиғаларға көшуге болады. Алған білігін
бала оны қисынды өзгертіп, түрлендіріп өзі ойнағанда пайдаланады.
146
Сонымен, Н. Я. Михайленко мен Н. А. Короткованың эдістемесіне
сүйенсек, мектеп жасына дейінгі балалардың ойыны
алуан түрлі,
белсенді, шығармашыл, дамытушы іс-эрекет болып табылады. Бұл
жағдайда ол өзіне тэн барлық функцияларды атқарады жэне балаларды
оқытуда, тэрбиелеуде жэне дамытуда, бала өмірінде өзінің тиісті орнын
алады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1. Д. Б. Элькониннің тұжырымдамасындағы сюжеттік-рөлдік
ойынның генезисін қарастырыңыздар.
2. Д. Б. Эльконин и Н. Я. Михайленко, Н.А. Короткова бойын-
ша сюжеттік ойынды кезеңдерге бөлу критерийлерін көрсетіңіздер.
Тапсырманы орындау үшін мына эдебиеттерді пайдаланыңыздар:
Дошкольная педагогика / Под ред. В. И. Логиновой, П. Г. Саморуковой.
- Ч.2. - С.118. 119.- М., 1988; Михайленко Н. Я., Короткова Н. А.
Педагогические принципы организации сюжетной игры // Дошкольное
воспитание. 1999. №4.
3. Мына жұмыс бойынша тезис дайындаңыздар: Леонтьев А. Н.
Психологические основы дошкольной игры // Избранные психологиче
ские произведения. В 2 т. - Т.1. - С. 303-323. - М., 1983.
4. Әртүрлі жастағы балалар үшін балалар ойындарының эртүрлі
бағыттағы жинақтарын алыңыздар (3-тен 7-ге дейін). Картотека
құрастырыңыздар (алфавиттік ретпен библиографиялық деректер,
еңбектің қысқаша аннотациясы).
5. Балалар ойындары теориясынан оның мэнін ашатындай рефе
рат дайындаңыздар (Ж. Пиаже, К. Гросс, З. Фрейд, Н. Я. Михайленко,
Н. А. Короткова, Д. В. Менджерицкая, Д. Б. Эльконин, Е. Е. Кравцова,
Б. П. Никитин жэне т.б.). Рефератта бала ойынының мэніне, оны да-
мыту міндеттеріне, эдістері мен тэсілдеріне автордың көзқарасын
байқаңыздар,
мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен
тэрбиелеуде олардың маңызын көрсетіңіздер. Теорияның жетекші иде-
яларын анықтаңыздар.
Ұсынылатын әдебиет
1. Аникеева Н. П. Воспитание игрой.- Новосибирск, 1994.
2. Баряева Л. Б., Зарин А. Обучение сюжетно-ролевой игре детей с
проблемами интеллектуального развития. - СПб., 2001.
3. Бондаренко А. К. Дидактические игры в детском саду. - М., 1985.
4. Дошкольная педагогика/ Под ред. В. И. Логиновой, П. Г.
147
Саморуковой. Ч.1,2. - М., 1988.
5. Дуброва В. П., Милашевич Е. П. Педагогическая практика в дет
ском саду. - М., 1998.
6. Игра дошкольника / Под ред. С. Л. Новоселовой. - М., 1991.
7. Козлова С. А., Куликова Т. А. Дошкольная педагогика.- М., 2000.
8. Кравцова Е. Е. Разбуди в ребенке волшебника.- М., 1996.
9. Менджерицкая Д. В. Воспитателю о детской игре.- М.,1982.
10. Михайленко Н. Я., Короткова Н. А. Как играть с ребенком.- М.,
1990.
11. Михайленко И. Я., Короткова Н. А. Организация сюжетной
игры в детском саду.- М., 2000.
12. Парамонова Л. А. Теория и методика творческого конструиро
вания в детском саду.- М., 2002.
13. Петровский В. А., Кларина Л. М., Смывина Л. А., Стрелкова Л.
П. Построение развивающей среды в дошкольном учреждении. - М.,
1993.
14. Проблемы дошкольной игры: психолого-педагогический аспект
/ Под ред. Н. Н. Поддьякова, Н. Я. Михайленко. - М., 1987.
15. Урунтаева Г. А. Диагностика психологических особенностей
дошкольника. - М., 1996.
16. Усова А. П. Рөл игры в воспитании детей. - М., 1976.
17. Эльконин Д. Б. Психология игры. - М., 1978.
148
9-ТАРАУ
М ЕКТЕПКЕ ДЕЙ ІН Б ІЛ ІМ БЕРУ М ЕКЕМ ЕСІН ДЕ Ж ӘНЕ
ОТБАСЫНДА БАЛАЛАРДЫ М ЕКТЕП ТЕ ОҚУҒА ДАЙЫНДАУ
Жоспар
9.1 «Дайындық», «мектепке дайындық», «мектеп жасына толу»,
«мектепке дайын болу», «сабақтастық» ұғымдарының мазмұны.
9.2 Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды дамыту. Мектепке
дейінгі мекеменің ересек балалар топтарында педагогикалық процесті
ұйымдастыру ерекшеліктері.
9.3 Балаларды мектепке жалпы жэне арнайы дайындау, олардың
өзара байланысы.
9.4 Мектепте оқуға дайындық мектепке дейінгі мекемеде білім
беру процесінің нэтижесі ретінде.
9.5 «Отбасы - мектепке дейінгі мекеме - бастауыш мектеп»
жүйесіндегі сабақтастық.
9.6 Балаларды мектепке дайындау процесіндегі отбасы.
9.7
Балаларды
мектепке
дайындаудың
психологиялық-
педагогикалық проблемалары.
9.1 «Дайындық», «мектепке дайы нды қ», «мектеп ж асы на толу»,
«мектепке дайы н болу», «сабақтасты қ» ұғы м дары ны ң мазмұны
Балалардың мектепте оқуға дайын болуын қалыптастыру мектеп
ке дейінгі мекеме мамандарының педагогикалық қызметінің маңызды
жэне заңды нэтижелері болып табылады. Мектепке дайын болу -
педагогикалық процеске қатысушылардың мақсатты бағытты түрдегі
дайындығының жэне стихиялық эрекетінің кешенді нэтижесі.
Тақырыптың базалық ұғымдарының мазмұнын ашып, олардың
өзара арақатысын анықтайық.
Д айы нды қ - жеке адамның ерекше міндеттерін тиісінше орын-
дауына қажетті білім, білік, ұстанымын қалыптастыру жэне байыту.
Біздің жағдайымызда - оқушының элеуметтік ролін орындау жэне жэне
эрекеттің жаңа түрін меңгеру.
Мектепке дайындау - мектеп жасына дейінгі балаларды жалпы
жан-жақты дамытудың жоғары деңгейін жэне балаларды оқу пэндерін
меңгеруге арнайы дайындауды қамтамасыз ететіндей мектепке дейінгі
мекемеде білім беру жұмысын ұйымдастыру
149
М ектепке дайы н болу психологиялық-педагогикалық сөздікте
мектепке дейінгі мекемеде тэрбиелеу мен оқытудың қорытындысы
жэне мектепке мақсатты түрде жүйелі дайындаудың нэтижесі деп
анықталады. Мектепке дайын болу - мектепке дейінгі ересек жастағы
баланың мектепте жүйелі ұйымдасқан түрдегі оқуға көшуін жемісті
қамтамасыз
ететін
морфофизиологиялық
жэне
психологиялық
ерекшеліктерінің жиынтығы. Ол бала организмінің, жүйке жүйесінің
өсіп жетілуі себепті, психикалық процестің даму деңгейінен, бала
тұлғасының қалыптасқандығы себебінен болады. «Дайындық» жэне
«дайын болу» терминдері себеп-салдар қатынасымен байланысты: дай
ын болу тікелей дайындық сапасына тэуелді жэне сонымен анықталады.
Мектепке дейінгі педагогикада баланы мектепке дайындау
нэтижесімен байланысты тағы да бір термин бар - мектеп жасына
толу. Бұл ұғымның мазмұнын эртүрлі авторлар өзінше түсіндіреді. Оны
біреулері мектепке дайын болудың синонимы десе, басқалары «мектеп
жасына толу» жэне «мектепке дайын болу» деп бөледі. Көбінесе мектеп
жасына толу дегенді морфологиялық жэне функционалдық дамудың
сондай деңгейі, онда бала мектепте жүйелі оқудың талаптарын орын-
дай алады (биологиялық, функционалдық, жетілгендік, физиологиялық
функциялардың дамуы, денсаулық жағдайы) деп түсінеді. Мектеп
жасына толу баланы дамытудың
психикалық жэне физикалық
жақтарын біріктіреді. Бұл дайын болудың басқа түрлеріне (тұлғалық,
адамгершілік, элеуметтік, интеллектуалдық) негіз болады. Мектеп
жасына толу организмнің жетілуінің психикалық-физиологиялық
аспектісін көрсетеді.
Баланы мектепте оқуға дайындаудың мақсаттарын, мазмұнын
жэне эдістемесін көрсеткенде тағы да бір - «сабақтастық» термині
қолданылады.
С абақтасты қ - дамудың эртүрлі кезеңдерінің арасындағы ерек
ше байланыс, оның мэні тұтасты жүйе ретінде өзгерткенде оның
элементтерін сақтауда.
Балаларды мектепке дайындау процесінде мектепке дейінгі меке-
ме мен мектептің сабақтастығы - мазмұнды, екі жақты байланыс, ол
бірінші жағынан, мектепке дейінгі мекеме іс-эрекетінің мектептің та-
лаптарына бағытталғандығын, екінші жағынан, - мұғалімнің мектеп
ке дейінгі ересек балалардың қол жеткізген даму деңгейіне сүйенуіне,
ары қарай мектепте оқығанда бала тэжірибесін белсенді пайдалануына
бағытталатындығын көздейді.
150
9.2 М ектепке дейінгі ересек ж астағы балаларды дамыту. Мектепке
дейінгі мекеменің ересек балалар топтары нда педагогикалық
процесті ұйымдастыру ерекш еліктері
Мектепке дейінгі ересек жас - мектепке дейінгі балалық шақтың
ерекше кезеңі. Бұл кезең жаңа жас сатысына, білім алудың жаңа
жүйесіне, жаңа элеуметтік қарым-қатынас жүйесіне дайындық жэне
көшу кезеңі. Бұл кезең психологияда тоқырау ретінде сипаттала-
ды. Бұл дағдарыс физиология мен психиканың өзгеруіне, тұлғаның
бойындағы, элеуметтік статустағы, интеллектуалдық, эмоционалдық-
еріктік, адамгершілік, қозғалыс салаларындағы өзгерістерге қатысты.
Г. С. Абрамова, Я. Л. Коломинский, Е. А. Панько, В. С. Мухина
бұл жастағы балалардың тілге сезімталдығы жақсы болады; олар көп
сөз біледі, сөйлегенді жақсы көреді деп көрсетеді. Балалар өмірде ре
алист те, жэне қиялшыл да болғандықтан олар өздерінің көпнұсқалы
түсініктерінде өзі туралы, отбасы туралы өздері тұрған элеуметтік
жағдайлардан ойдан ситуациялар құрады. Бірте-бірте бала ойын,
түсінігін басқаруды үйренеді, эксперимент (өтірік эрекет жасайды,
эдейі істеген түр көрсетеді жэне т.б.) жасайды. Әрине, бұл еріксіз амал
болса да, негізі бар жасалған амал.
Уақыт өте келе 6 жасар бала басқа адамдармен қарым-қатынаста
тэртібінің балалық өзінділігін жоғалтады.
Өзіндік «Мен» құпиясы
пайда болады, сондықтан бала неғұрлым тұйық жэне үлкендер үшін
түсініксіздеу болады. Бұл олардың тэртіптерінде үлкендерің ырқынан
шыққандығынан көрінеді (тыңдаймыз, бірақ өзіміздікін жасаймыз).
«Мен - құпия» күйі қорғауды талап етеді, сондықтан бала өзіне ғана
жеке дүниелерді ойлап таба бастайды. Әдейі балалық өтірік пайда бо-
лады (өз элемін шақырылмаған қонақтардан қорғауға тырысады), сол
сияқты эдейі жалғандық (бала шын мэнінде шындық пен өз ойын бөле
алмайды) пайда болады. Өнімді жэне бағдарлы түсінік, міне осындай
ерекше тұлғамен байланысты.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға танымдық белсенділік
тэн, өйткені олар шексіз «неге» сұрақтарын қояды жэне олардың
зейінін ұйымдастырады. Олар өз тэртіптерін еркін реттей алады, оларға
зейіннің еріксіздігі тэн болса да, өздерін қызықтыратын нэрсеге на
зар аударады. Оларда еріксіз еске сақтау өнімдірек болса да, өздеріне
тартымды маңызды деген нэрселерді тез ұғып алады, есте ұстайды
(ойындағы табысы, мейрамда өлең оқу жэне т.б.).
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың кез келген типі
Достарыңызбен бөлісу: |