Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Тірі ағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерт-



Pdf көрінісі
бет22/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Тірі ағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерт-
тейтін ғылым
а) Этология
ә) Экология
б) Эмбриология
в) Гистология
г) Микология
2. Табиғаттың жансыз құрамбөліктерінен тұратын факторлар
а) Абиотикалық
ә) Биотикалық
б) Антропогендік
в) Жанама 
г) Резус 


19
3. Абиотикалық фактор
а) Ауа температурасы
ә) Жыртқыштық
б) Бәсекелестік
в) Симбиоздық
г) Паразиттік
4. «РН» белгісі көрсетеді
а) Тәттіні
ә) Тұздыны
б) Қышқылды
в) Сілтіні
е) Қалыпты жағдайды
5. Өсімдік паразиті
а) Біте
ә) Бит
б) Бүрге
в) Маса
г) Төсек қандаласы
6. Жануар паразиті
а) Күшіген
ә) Шұбалшаң
б) Біте
в) Бүрге
г) Тұт көбелегі
7. Продуцентке жатады
а) Қарағай
ә) Қозықұйрық
б) Тышқан
в) Тиін
е) Майқұлақ
8. 1-қатардағы консумент
а) Жантақ
ә) Жоңышқа
б) Қой
в) Қасқыр
г) Түлкі
9. Ең қуатты, алуантүрлі, өнімді экожүйе
а) Экваторлық орман
ә) Шөлейт 
б) Шөл дала


20
в) Мұз белдеуі
г) Тундра
10. Сукцессия дегеніміз
а) Экожүйенің ретті ауысуы
ә) Экожүйенің құрамы
б) Мұхит экожүйесі
в) Құрылық экожүйесі
г) Экожүйенің өлі құрамы
11. Су экожүйесіне кіреді
а) Жоңышқа 
ә) Қазтабан
б) Мүк
в) Планктон
г) Жолжелкен
12. Консументке жатады
а) Жануарлар
ә) Балдырлар
б) Мүктер
в) Қырықбуындар
г) Плаундар
13. Биотикалық факторлар
а) Қоректік қарым-қатынас
ә) Орта температурасы
б) Ылғалдылық
в) Күн жарығы
г) Жауын-шашын
14. Анторпогендік фактор
а) Судың булануы
ә) Желдің әсері
б) Адамның қоршаған ортаға әсері
в) Жылдық жауын-шашын
г) Күн температурасы
15. Ең үлкен экожүйе
а) Биотоп
ә)Тұқымтоп
б) Үйір
в) Биосфера
г) Популяция


21
2-бөлім
.
 ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АДАМ 
ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ӘСЕРІ
§4. Адам – экожүйенің бөлігі
Адам  –  экожүйенің  бөлігі.
  Адам  – 
табиғат  бөлігі,  тірі  ағза,  оған  тамақ,  су, 
ауа,  тұратын  аумақ  т.б.  керек.  Басқа 
ағзалар  сияқты  адам  өсу,  қозғалу,  көбею, 
тіршілігін  сақтау  үшін  қоршаған  орта-
дан  қоректік  заттар  мен  энергия  алады. 
Олар  белсенді  қозғалады,  жарықтан  энер-
гия  алуға  қабілетті  емес,  себебі  жасыл 
жапырақтары жоқ. Тамақтану типі бойынша 
адам 
талғаусыз қоректенетіндерге
 жатады. 
Адам  экожүйе  бөлігі  ретінде  пайда 
болған  кезде  басқа  жануарларға  жақын 
тіршілік  етті.  Адамзаттың  тіршілік  ба-
рысында  әртүрлі  кездегі  рөлінің  қалай 
өзгергенін қарастырайық. 
Адам  мен  табиғаттың  ерте  замандағы 
өзара әсері.
 Алғашқы адамтәрізді тіршілік 
иелері  үйірімен  топ-топ  болып  жүретін 
жануарлар  сияқты  өмір  сүрді.  Олардың 
қауымдастығы  шимпанзе  топтарына  ұқсас 
болды. 
Мұндай  топтарда  едәуір  ұсақ  жануар-
ларды  ұжымдасып  аулауға  шығып  отыр-
ды.  Олардың  тамағының  едәуір  бөлігін 
өсімдіктекті  қорек,  жәндіктер  мен  олардың  дернәсілдері  (личинка), 
құрттар, құстардың жұмыртқалары т.б. құрады. 
Ең  алғашқы  адамдардың  табиғатқа  әсерін  шимпанзеге  жататын 
қазіргі заманғы маймылдардың әсерімен салыстыруға болады.  
Алғаш рет адамзаттың экожүйеге әсері олар аңшылық үшін отты 
пайдаланған уақыттан басталды. Ертедегі адамдар құр ғақ өсімдіктерді 
өртеп, негізінен, тұяқты жануарларды аулау үшін пайдаланды. Адам-
дардың мұндай іс-әрекеті экожүйені қатты өзгерте бастады. 
Кейбір ғалымдардың пікірінше, адамның әсер етуінен ертедегі экожүйелерде 
үлкен мүйізді бұғылар (лат. megaloсеros giganteus) сияқты жануарлар мен 
11-сурет.
 Шимпанзе – 
 
экожүйенің бөлігі
 


22
зіл (мамонт) жойылып кетті. Оларды бір жерге айдап апарып мүмкін отты 
пайдаланып аулады. Егер бұғыларды орманға қарай айдаса олардың мүйіздері 
бұтақтарға ілініп қалды. Ал мамонттарды батпаққа немесе жар шетіне айдап 
апарып аулады. Адамзат тарапынан бақылаусыз аң аулау осындай шөпқоректі 
жануарлардың санын азайтып жіберді. Мұндай іс-әрекеттің салдарынан олар 
жойылып кетті. 
Адам санасының дамуы адамзатқа иемденуден (меншіктеу) өндіруші 
шаруашылыққа  өтуге  мүмкіндік  берді.  Ертедегі  адамдар  өсімдіктер 
мен  жануарларды  табиғаттан  алғанға  қарағанда  оларды  өсіру  тиімді 
екенін түсіне бастады. Нәтижесінде жануарларды қолға үйрету және 
өсімдіктерді  мәдени  өсімдікке  айналдыру  үдерісі  жүрді.  Біртіндеп 
өсімдіктердің көптеген сұрыптары мен жануарлардың қолтұқымдары 
пайда  болды.  Бұл  біраз  уақытқа    адамзаттың  табиғатқа  түсіретін 
қысымын азайтты. 
Жасанды экожүйе жасаудағы адамзаттың рөлі. 
Өркениеттің пай-
да  болуы  және  дамуынан  бастап  адамның  экожүйеге  әсері  күшейе 
түсті.  Адамзат  табиғи  экожүйелерге  әсер  етіп  қоймай, 
жасанды 
12-сурет. 
Франциядағы Ласко үңгірінің қабырғасында тарихтан бұрынғы суретші 
бұқалардың (тур) суретін осылай аяқтаған (З. Буриан)


23
экожүйелер
 жасай бастады. Адам жасаған 
барлық  жасанды  экожүйелер  жалпы 
атау мен 
агроценоздар
 деп аталды. Себебі, 
ауылшаруашылығымен  байланысты  ең 
үлкен  ауданды  жасанды  экожүйелер 
алады.  Бұлар  –  жайылым,  бау-бақша, 
жүзімдіктер, егістіктер, фермалар. Оларда 
мәдени өсімдіктер мен үй жануарлары ба-
сым. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде осы 
аумақтарда өсімдіктер мен жануарлардың 
табиғи түрлері ығыстырылды. 
Ауылшаруашылығына  пайдаланыла-
тын  жерлерден  басқа  қалалар  мен  елді 
мекендер жасанды экожүйелер болып та-
былады. Сонымен қатар өнеркәсіптік ланд-
шафтылар: кеніштер (рудники), шахталар, 
теміржол  және  автомобиль  жолы,  мұнай 
құбыры т.б. жасанды экожүйеге жатады. 
Осы жасанды экожүйелердің барлығында 
табиғи жағдайлар күшті өзгерді және оған 
адамның ықпалы зор. 
Жасанды экожүйелер, агроценоздар.
Білу және түсіну:
1. «Адам – экожүйе бөлігі» деген пікірді қалай түсінесіңдер?
2. Адамзат дамыған сайын адамның таби  ғатқа әсері қалай өзгергенін сипат-
таңдар. 
Қолдану:
1.  Бұрынғы және қазіргі кездегі адам мен табиғаттың өзара әсерін салыс-
тырыңдар. 
2.  Жасанды экожүйенің және оны дамыту мен кеңейтудің ерекшеліктері 
қандай? 
Талдау:
1.  Қазіргі адамзаттың біздің ғаламшарымыздың экожүйесіне әсерін талдаң-
дар. Адамзаттың кері әсер тигізуін қалай азайтуға болатынына талқылау 
жасаңдар.  
2.  Өздеріңе  белгілі  жасанды  және  табиғи  экожүйелерді  салыстырыңдар. 
Олардың негізгі айырмашылықтарының тізімін жасаңдар. 
Синтез:
1.  Қазақстан Президенті 
Ж
олдауындағы экожүйені сақтау туралы мәлімет-
терді анықтаңдар. Табиғатты қорғау туралы заңның қандай маңызы бар? 
13-сурет. 
Жасанды экожүйелер


24
2.  Болашаққа болжам жасаңдар. Егер ғылыми-техникалық әрекет осылай 
қарқынды дамитын болса, адамзатты қандай өзгерістер күтіп тұр? 
Бағалау:
1.  Жасанды экожүйелер адамзаттың әсері пайда болмағанда болмайтынын 
дәлелдеңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет