Анаэробты микроағзалар
– ауадағы оттекті мүлде қажет етпейтін, оттек олар үшін
улы зат болып есептелетін микроағзалар.
Бактерия вирустары
– бактерияларды, басқа да микроорганизмдерді іштей
ыдыратып, жойып жіберетін вирустар.
Бассүйек
– бірбірімен тұтаса байланысқан, жалпақ сүйектерден тұратын бас
қаңқасы.
Вакуоль
– өсімдік жасушасына тән протоплазмадағы жасуша сөліне толы қуыс.
Генетикалық ақпарат
– ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа жыныс жасушасы арқылы
берілетін қасиеті туралы ақпарат.
Гидра
– ішекқуыстылар типінің гидроза класының бір түрі.
Жоғарғы тыныс жолы
– ауаны екі бағытта өткізетін тыныс алу жүйесінің түтікше
мүшелері.
Жұлын
– жануарлар ағзасының омыртқа өзегінде орналасқан орталық жүйке
жүйесінің мүшесі.
Зат алмасу
– организмде жүріп жататын барлық химиялық үдерістердің жиынтығы.
Зигота
– аталық және аналық жасушалардың қосылуынан пайда болған бір жасушалы
ұрық.
Имаго
– жәндіктердің дамуындағы соңғы ересек түріне айналған сатысы.
Иммунитет
– организмнің өзінің тұтастығы мен биологиялық даралығын қорғау,
ауру қоздырғыштар мен улардың әсеріне қарсы тұру.
Достарыңызбен бөлісу: |