Көру орталықтары – көру мәліметтерін қабылдауға және сараптауға қатысатын
жүйке жүйесінің бөлімі.
Көру төмпегі, таламус – аралық мидың орталық бөлігін алып жатқан құрылым.
Қалқанша без – ішкі секреция безі.
Қорық – бүкіл табиғи кешен – белгілі бір аймаққа тән не сирек кездесетін ландшафтар,
жануарлар мен өсімдіктердің сирек және бағалы түрлері – табиғи күйінде сақталған,
қорғалатын табиғат аумағы.
Митоз – жасушаның күрделі бөліну түрі.
Митохондриялар – жасуша цитоплазмасындағы жарғақты органеллалар.
Молекулалық биология – биология ғылымының бір саласы, тіршіліктің молекула
деңгейіндегі қасиеттерін зерттейді.
Нуклеин қышқылдары – полинуклеотидтер – тірі табиғатта көп таралған, құрамында
мононуклеотидтердің көп санынан құралған күрделі фосфор бар биополимерлер.
249
Онтогенез – ағзаның ұрықтанудан пайда болған кезеңінен оның тіршілігінің соңына
дейінгі жеке даму тарихы.
Өзгергіштік – организмнің тұқымқуалаушылық қасиеттерінің үнемі сақталып
отырмауының көрінісі.