Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


  Тірі ағзаларды сипаттайтын және топ бойынша бөлетін биология бөлімі



Pdf көрінісі
бет61/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
1.  Тірі ағзаларды сипаттайтын және топ бойынша бөлетін биология бөлімі
а) Систематика
ә) Экология
б) Геология
в) Биогеография
г) Эмбриология
2. Систематиканың негізін салған ғалым
а) К.Линней
ә) Ж.Б.Ламарк
б) Р.Гук
в) А.В.Левенгук
г) Г.Мендель
3. Ең ірі систематикалық категория
а) Отряд
ә) Патшалық
б) Түр
в) Туыс
г) Тұқымдас
4. Прокариот ағза
а) Мүк
ә) Бактерия
б) Қына
в) Вирус
г) Амеба
5. Прокариоттардың басты ерекшелігі
а) Ядросы жоқ
ә) Ядросы жетілген
б) Жасушасыз құрылым
в) Көпжасушалы
г) Қарапайымдыларға жатады
6. Қор заты – гликоген болатын ағзалар
а) Саңырауқұлақтар
ә) Мүктер
б) Қыналар


51
в) Плаундар
г) Қырықбуындар
7. Õлорофилл көмегімен жарықтан энергия алуға қабілетті ағзалар
а) Зең саңырауқұлақтары
ә) Қалпақшалы саңырауқұлақтар
б) Буынаяқтылар
в) Басаяқтылар
г) Қырықжапырақтәріздестер
8. Эукариоттардың ең кіші систематикалық категориясы
а) Түр
ә) Отряд
б) Тұқымдас
в) Туыс
г) Тип
9. Өсімдіктер систематикасының категориясына жатпайды
а) Дүние
ә) Бөлім
б) Класс
в) қатар
е) Отряд
10. Дихотомиялық тірек сөздерді ұсынған ғалым
а) Ж.Б.Ламарк
ә) Д.Рей
б) К.Линней
в) Р.Гук
е) А.В.Левенгук


52
36-сурет.
 
 
Өсімдік жасушасының құрылысы
Қабықша 
саңылауы
Ядро
Жасуша 
қабықшасы
Хлоропластар
Вакуоль
Плазмалық 
мембрана
Цитоплазма
4-бөлім
.
 ЖАСУШАЛЫҚ БИОЛОГИЯ
§11. Жасуша – ағза құрылысының негізгі бөлшегі
Ұсақ ағзалар – прокариоттар мен протистердің бір жасушадан ғана 
тұратынын  білесіңдер.  Ал  барлық  көпжасушалы  ағзалар  көптеген 
жасушалардан  тұрады.  «Жасуша»  деген  түсінікті  ең  алғаш  Р.  Гук 
қолданған. Ғалым ағаш қабығының ішкі қабатының қимасын қарап, 
оның жеке ұяшықтардан – жасушалардан тұратынын байқаған. Содан 
бері жасуша – биологиядағы негізгі түсініктердің бірі, себебі барлық 
тірі ағзалар жасушадан тұрады. 
Ғалымдар жасушадан тыс тіршілік болмайтынын, яғни өсу, көбею, 
қоректену, қоршаған ортамен зат және энергия алмасу үдерістері тек 
тірі жасуша ішінде ғана жүзеге асатынын анықтаған. 
Жасушаның құрылысы.
 Барлық өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен 
жануарлардың барлық жасушасы міндетті түрде үш бөліктен: қабықша, 
цитоплазма мен ядродан тұрады (36-сурет). 
Кейбір көпжасушалы ағзаларда ядросыз жасушалар түзіледі, олар ешқашан 
көбеймейді, өз қызметін атқарған соң тіршілігін жояды.
Қабықша
 – жасушаны қоршаған ортадан бөлетін, қорғайтын және 
қажет заттардың жасушаға енуіне мүмкіндік беретін бөлігі.  


53
Цитоплазма
  –  жасушаны  толтыратын  тұтқыр  сұйықтық,  оның 
ішкі ортасы. Цитоплазмада ядро, жасушаның басқа ұсақ бөлшектері 
мен құрылымдары болады.  
Ядро
 
– жасушаның маңызды бөлігі; ядросыз көбею жүзеге аспайды. 
Ядро көбеюге мүмкіндік беріп қана қоймайды, ол жасуша тіршілігін 
басқарады.  
Ұлпа түсінігі.
 Біздің ғаламшарымызда бірінші рет ең қарапайым 
жануарлар: ядросыз прокариоттар – бактериялар пайда болды. Ұзақ 
уақыт  ішінде  біртіндеп  едәуір  жоғары  құрылымды  прокариоттардан 
қарапайым біржасушалы эукариоттар – протистер түзілді. Біржасушалы 
эукариоттардан  көпжасушалы  ағзалар  (өсімдіктер,  жануарлар  және 
саңырауқұлақтар) түзілді. Айналамыздан көретін барлық тірі ағзалар – 
 
бұлар көпжасушалы эукариоттар. 
Эволюция  барысында  миллиардтаған  жыл  ішінде  көпжасушалы 
ағзалардың біртипті жасушалары 
ұлпа
 түзеді. Ұлпа (ткань) – құрылысы, 
шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас, тарихи қалыптасқан 
жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы. Ұлпадағы барлық 
жасушалар  бір  типті,  бірдей  тіршілік  әрекеті  үдерістеріне  қабілетті 
(35-сурет).  Бұл  оларға  бірыңғай  қызмет  атқаруға  және  әсерге  бірдей 
реакция көрсетуге мүмкіндік береді.
Жасушадан  мүшеге.
  Жануарлар  ағзасында  жеке  мүшелер  бар. 
Тек  жануарларда  ғана  емес,  өсімдіктерде  де  мүшелер  бар.  Өсімдік 
мүшелеріне сабақ, тамыр, жапырақ, гүл, жеміс және тұқым жатады. 
Мүше
 – тұрақты орны, құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын 
ағза бөлігі. Өсімдік және жануар мүшелері ұлпалардан тұрады (36-су-
рет).  
Мүшелер  атқаратын  қызметтері  бойынша 
мүшелер  жүйелеріне
 
бірігеді.  Мысалы,  ми  жұлынмен  және  бүкіл  денеде  орналасқан 
жүйкелермен бірге 
жүйке жүйесіне
 бірігеді. Ал ауыз қуысы тіс, асқазан, 
37-сурет. 
 
Адам организміндегі жасушалардың түрлері
Тері жасушалары
Қан жасушалары
Май жасушалары


54
ішек, өңеш, бауыр және сілекей бездерімен бірге асқорыту жүйесінің 
құрамына кіреді.  
Осындай құрылымына байланысты тірі ағзалар тұтас жүйе ретінде 
болады. Біздің денеміз үйлесімді жұмыс істейді, жай қимыл жасау үшін 
жүйкелер, бұлшық еттер, оларды оттекпен қамтамасыз ететін қан мен 
ұлпа, сүйек т.б. қатысады.
Кез келген ағза құрылымының жалпы сызбасы: 
жасуша 

 ұлпа 

 
мүше 

 мүшелер жүйесі 

 тұтас ағза (көпжасушалы).
Барлық  тірі  ағзалар  жасушалардан  тұрады.  Ұқсас  жасушалар 
ұлпаларға  бірігеді,  ал  ұлпалардан  мүшелер  тұрады.  Олар  атқаратын 
қызметі бойынша мүшелер жүйелеріне бірігеді. 
Қабықша, цитоплазма және ядро, ұлпа, мүше, мүшелер жүйес³.
Білу және түсіну:
1.  «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «прокариоттар», «эукариоттар» деген түсі-
ніктерге анықтама беріңдер.
2.  Жасуша бөліктерін атаңдар.
Қолдану:
1.  Мынадай түсініктерді үлкеннен бастап кішісіне қарай орналастырыңдар: 
ядро, ұлпа, жасуша, мүшелер жүйесі, ағза, мүше.
2.  Жасуша бөліктерін сипаттаңдар.
3.  Протистердің эукариоттар екенін дәлелдеңдер. 
Талдау:
1.  Мүшелердің біртұтас қызмет атқару үшін жүйеге бірігетінін мысалдар 
келтіріп талдап, дәлелдеңдер. 
2.  Бөлшектер мен бөліктердің  өзара тығыз байланысы болмаса, дамыған 
ағзалар тіршілік ете алмайтынын талдаңдар және дәлелдеңдер. 
38-сурет

Бұлшық ет ұлпасы әртүрл³ типтерден тұратын ағза мүшелер³: а) қолдың 
бұлшық ет³, ә) жүрект³ң бұлшық ет³, б) асқазанның бұлшық ет³. 


55
Синтез:
1.  Кесте сызып, өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын салыстырыңдар. 
2.  Қосымша материалды пайдаланып, кестені толтырыңдар:
Мүшелер жүйесі
Оның құрамындағы мүшелер
Бағалау:
1.  Біржасушалылардан бастап көпжасушалыларға дейін ағзалардың даму 
үдерісін сипаттаңдар. 
2.  Қалай ойлайсыңдар, неліктен тірі ағзалар біртұтас жүйе ретінде қызмет 
атқарады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет