Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Жұмысқа қабілеттілік сатылары



Pdf көрінісі
бет196/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Жұмысқа қабілеттілік сатылары
Жұмысқа қабілеттіліктің заңды 
түрде өзгеруі жұмыс күні де, жұмыс аптасы бойы да байқалады.  Бірінші 
кезең – жұмысқа кірісу. Бұл кезде жұмысқа қабілеттілік әлі де жоғары 
емес.  Ауыр  еңбек  жұмысы  кезінде  шамамен  20–25  минут  алады,  ал 
орташа еңбек жұмысы кезінде 1–1,5 сағат. Шығармашылық, ақыл-ой 
еңбегі кезінде ол 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін, осы кезде  жұмысқа 
қабілеттілік біртіндеп артады. Оңтайлы жұмысқа қабілеттіліктің екінші 
кезеңінің  соңында  туындайтын  қажу  белгілері  онша  әсер  етпейді. 
Үшінші кезеңі – 
қажу.
 Бұл кезде жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі 
байқалады.  Ешқандай  ерік  күші  жұмысқа  қабілеттілікті  барынша 
жоғары деңгейде ұстап тұра алмайды. Бұл кезде адам қажыған сайын 
еңбек ету тоқтайды. Күшті қалпына келтіру үшін демалу керек. Со-
циологтар мен экономистер ең жоғары жұмысқа қабілеттілік жұмыс 


176
күнінің бірінші сағаттарында байқалатынын анықтады. Ол 1,5–3 сағат 
бойы  сақталады.  Сондықтан  көп  кәсіпорындарда  түскі  астан  1–1,5 
сағат  бұрын  және  жұмыс  күнінің  аяқталуына  1–2  сағат  қалғанда 
денешынықтыру жаттығуларын жасау міндетті болып саналады. Бұл 
жұмысқа қабілеттіліктің жоғары болуына әсер етеді. Сол үшін мектепте 
«үлкен үзіліс» болады. Сонымен қатар ең тиімді жұмыс күндері сейсенбі, 
бейсенбі және жұма күнінің бірінші жартысы екені анықталды.
Еңбек үдерісіне, іске қызығушылық жұмысқа қабілеттілікті бірден артты-
рады. Сүйікті ісімен айналысқан кезде көп адамның жұмысқа қабілеттілігі 
жоғары болады. Бұл көбінесе кәсіби іс-әрекетпен байланысты емес, әуес іс – 
қызығушылық деп аталады. Көп адамда кәсіби іс-әрекеті мен қызығушылығы 
сәйкес келеді. 
Жұмысқа  қабілеттілікке  басқа  да  жағдайлар  әсер  етеді:  жұмыс  мақсаты, 
адамның ықыласы, жауапкершілік сезімі. Мысалы, Ұлы Отан соғысы кезінде 
майдан  қасындағы  госпитальда  хирургтар  күніне  200-ден  астам  операция 
жасаған. Бұл кезде олардың жұмысқа қабілеттілігі жоғары болған, әйтпесе 
соғыста жарақат алғандар тірі қалмауы мүмкін еді. Сонымен қатар адамдар 
тылда жұмыс істеген. Олардың ішінде кәмелетке жасы жетпеген балалар да 
бар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет