Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Ұйқы  –  тәуліктік  шаршауды  басу  жолы



Pdf көрінісі
бет197/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Ұйқы  –  тәуліктік  шаршауды  басу  жолы
.  Гигиеналық  тұрғыда 
толыққанды ұйқы деп жасқа байланысты ұзақтығы жеткілікті, белгілі 
бір уақытта ұйықтау және оянуды айтады. Жаңа туған сәби тәулігіне 
20–22 сағат ұйықтайды. Жас өскен сайын адам ұйқысының ұзақтығы 
төмендейді. 
6-кесте
Балалар мен жасөспірімдер ұйқысының ұзақтығы (сағатпен)
Жасы
Өмірінің 
алғашқы 
айлары
1  жас
2–3
4–5
6–7
8–10
11–12
13–16 17–18
Уақыты
20–22
16–17
14–15
13
12
11
10
9
8,5
Балалар  ұйқысының  2–4  және  одан  көп  сағатқа  қысқаруы  ми 
қызметіне күрт теріс әсер етеді. Жұмысқа қабілеттілігі, ағзаның әртүрлі 
инфекцияға  қарсы  тұруы  төмендейді,  тез  шаршайды.  Балалардың 
ұйқыны  қажетсінуі  денсаулығына  және  физиологиялық  дамуына 
байланыс ты.  Сондықтан  ұйқының  белгілі  бір  ұзақтығын  белгілеген 
кезде,  жеке  ерекшеліктерді  де  ескеру  керек.  Белгілі  бір  уақытта 
ұйықтап, оянуды әдетке айналдыру қажет. Адамда ұйқы жағдайына 
шартты  рефлекстері  оңай  қалыптасады.  Ұйықтайтын  уақыт  шартты 


177
тітіркендіргіш болады. Осы уақытты көрсететін сағат тілі ұйықтауға 
әсер етеді. Кешкі шаралар (жуыну, тісті тазалау, аяқты жуу, киімді 
шешу) шартты рефлекс болып табылады. Ұйықтау алдында қоздырушы 
ойын ойнамау керек және күшті ақыл-ой еңбегін жасамау қажет. Ең 
дұрысы – ұйықтау алдында 20–30 минут серуендеп келген жақсы. Түнге 
қарай шоколад жеп, кофе және қою шай ішпеген дұрыс. Үй-жайдағы 
салқындау  таза  ауа  тезірек  ұйықтауға  әсер  етеді.  Жатын  бөлмесін 
желдетіп алған дұрыс. Жатын бөлмесіндегі ең жақсы температура – 
15–16°С.
Жұмысқа қабілеттілік, қажу, әуес іс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет