Ақшалай табыстар – еңбекақы түрінде, кəсіпкерлік қызметтен алынатын табыс, зейнетақы, стипендия түрінде, меншік есебінен та-быстар түрінде алынатын қаражат (пайыздар, дивидендтер, жылжы-майтын мүлікті сатудан түскен табыс, ауылшаруашылық өнімді сату-дан түскен табыс, əртүрлі қызмет көрсетуден түсетін табыс).
Ақшалай түсімдер (ақша ағыны)– фирманың коммерциялық қызметінің таза (нетто) ақшалай нəтижесі.
Аралас кəсіпорындар – меншіктің əртүрлі нысандарының үйлесіміне негізделген кəсіпорындар.
Ауқымның жағымды əсері –кəсіпорын мөлшерінің ұлғаюына қарай өндірістің орташа жалпы шығындарының төмендеуі.
Ашық рыноктағы операциялар – нарықтық немесе алдын ала жарияланған бағам бойынша орталық банктің коммерциялық банктер-ден мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы немесе сатуы.
Ашық экономика– əлемдік шаруашылық байланыстарға енудің жоғары деңгейі бар мемлекеттің экономикасы (халықаралық экономикалық қатынастар).
Ə