Валюталық бағам – бір елдің ақша өлшемінің екінші бір елдің ақша өлшеміне көрсетілген бағасы, салыстырмалы арақатынас құнының өлшемі.
Валюталық жүйе – ішкі ақшалай-кредит қатынастары мен халықаралық есеп айырысуларды қамтитын ақшалай қатынастарды ұйымдастыру нысаны; ұлттық экономикасының базасында құрылады жəне халықаралық экономикалық қатынастардың дамуымен əлемдік валюталық жүйеге айналады.
293
Валюталық қоржын –жекелеген валюталардың орташа өлшенген бағамын өлшеу үшін қолданылатын, белгілі əдіспен анықталған валюталардың тіркелген жиынтығы. Халықаралық шоттық бірліктерін құруда, сауда жəне кредит қатынастарының саласындағы сақтандыру мен валюталық тəуекелдер, сонымен қатар бірқатар мемлекеттерде ұлттық валюта бағамын орнату кезінде қолданылады.
Валюталық ресурстарды сақтандыру– келісімшартқа отыру кезеңі мен оны орындау кезеңінде валюта бағамдарының мүмкін бола-тын өзгерістермен байланысты валюталық, кредит, сыртқы сауда опе-рацияларын жүргізуде валюталық жоғалтулардың тəуекелін алдын алу мақсатымен байланысты операциялар.