Ең аз шығындар– ақшалай өлшемде бағалануы қиын, жобадан алынатын пайда алдын ала белгіленген жағдайларда қолданылатын жобалық талдаудағы тəсіл.
Еңбекбиржасы–жұмыскүшініңрыногындаазаматтардыжұмысқа
294
орналастыру бойынша мамандандырылған қызметтерді көрсететін ме-кеме.
Еңбек қатынастары– еңбекақыны төлем мен еңбек жағдайлары бойынша жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскердің арасындағы қатынастары.
Еңбек өнімділігі – еңбек ресурстарын қолдану тиімділігінің көрсеткіші. Өнімнің құндық көлемі немесе жұмыспен қамтылған орта-ша жылдық санымен (жылдық еңбек өнімділігі) немесе өңделген адам/ сағат (сағат негізіндегі еңбек өнімділігі) санының ара қатынасының түрінде айқындалады.
Еңбек нарығы– жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының арақатынасы.
Еңбекақы – əртүрлі мамандықтардың жалдамалы жұмыскерлеріне еңбек қызметтері үшін төлем жүргізуі.