Жеделдетілген амортизация – амортизациялық аударымдардың нормаларын арттыру есебінен өндірілетін тауарлар мен қызметтерге жеделдетілген түрде еңбек құралдарының құнын аудару болып табыла-тын экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы.
295
Жеке кəсіпкер –заңды тұлға нысанынсыз кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азамат.
Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы – жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы, əдетте прогрессивті болады (Прогрессивтік салық салуды қара).
Жекешелендіру –жеке немесе ұжымдық шаруашылық субъектілерге мемлекеттік немесе муниципалды меншіктің əртүрлі шарттарының негізінде сату немесе табыстау жолымен болатын меншік қатынастарының қайта құрылуы.
Жинақ –тұтынуға қолданылатын табыстың бір бөлігі.
Жобалық талдау – нарыктық экономикасы бар мемлекеттерде инвестициялық жобалар негізінде жатқан жəне инвестициялық жобаға жұмсалатын шығындарды салыстыру мен ол жобадан алынатын пай-даны салыстыруға негізделген тұжырымдама
Жобалық цикл– инвестициялық жобаны əзірлеу мен жүзеге асырудың уақытша сатылары