Жобамен бірге – жобасыз – екі балама негізінде фирманың болашақ табыстылығын салыстыруға негізделген жобалық талдаудағы тəсіл: а) фирма жобаны жүзеге асырады; ə) фирма бұл жобаны жүзеге асырмайды
Жобаның рентабельділігі– инвестициялық жобадан түсетін барлық дисконтталған табыстар мен ол бойынша барлық дисконтталған шығындар арасындағы ара қатынасы
Жұмыс күшінің құрылымы –салалық, кəсіптік, білікті жəне демографиялық сипаттары бойынша жұмыс күшінің құрамы
Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс күшінің (экономика-лық белсенді халық) бір бөлігінің жұмыссыз болғандағы əлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық бірнеше түрлерге ажыраты-лады: құрылымдық, циклдық, фрикциондық, мауысымдық, бөлшекті, жабық, тоқырау, технологиялық.