Еркін сауда аймағы – қатысушы мемлекеттердің арасында сау-да шектеулері, ең бастысы кеден баждары жойылатын экономикалық интеграцияның нысаны.
Еркін экономикалық аймақ – салық жəне басқа да жеңілдіктерді қолданатын, аймақтың мəртебесімен түсіндірілетін, шет ел жəне отандық фирмалардың қызметі жүзеге асырылатын аймақ.
Есептік рынок– қазыналық жəне коммерциялық векселдер, қысқамерзімді міндеттемелердің басқа да түрлерінің рыногы.
Есептік саясат – кредит операцияларына ықпал ету мақсатында орталық банкпен коммерциялық банктерге ұсынылатын кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі.