Зияткерлікменшік–зияткерлікөнімгеқатыстыменшік(зияткерлік өнімді қара)
И
Инвестициялық жеңілдіктер – капитал салымдары мемлекеттік экономикалық бағдарламалардың мақсаттары мен шарттарына сəйкес келетін жағдайда, инвесторлардың салық төлеу мерзімін ұзарту мен төмендету, субсидиялар түрінде ұсынылатын жеңілдіктер
Инвестициялық климат– өздерінің капиталдарын шетел экономи-касына салатын, мемлекеттегі жағдайға қатысты шетел кəсіпкерлерінің көзқарасы
Институтционалды қайта құрулар– шаруашылық қызметтің ресми жəне бейресми жағдайларының өзгеруі
Инфляция – біртіндеп бағлардың көтерілуінде байқалатын ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі
К
Калькуляция – тауар бірлігін өндіру мен өткізуге жұмсалатын шығындардың есебі. Толық өзіндік құнды калькуляциялау əдісі – бұл əдіс тауардың (қызмет көрсету) бірлігін өндіру мен сатумен бай-ланысты, барлық шығындардың (тұрақты жəне өзгермелі) есебін қарастырады. Жабу мөлшері бойынша калькуляциялау əдісі тауардың (қызмет көрсету) бірлігін өндіру мен сатумен байланысты тек өзгермелі шығындарын қарастырады
Капитал– кəсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын, материалды, ақшалай жəне зияткерлік құралдардың сомасы ретінде анықталатын экономикалық ресурс