Мақсатты бюджеттік қорлар – мемлекеттік бюджеттің құрамдас бөлігі.
Маркетинг – өнімді өткізу үшін нарықты қамтамасыз ету мен құру саласында ғылыми негізделген əзірлеме мен шешімдерді енгізу бойын-ша қызметтер.
Материал сыйымдылығы –шикізат, отын, энергия, материалдар мен жартылай фабрикаттарды қолдану құнының шығарылған өнімнің құнына қатынасы.
Мемлекет иелігінен алу – меншіктің сипатын өзгертусіз кəсіпорынның деңгейіне тиісті өкілеттікті табыстау жолымен эконо-миканы тікелей мемлекеттік басқару механизмдерін жою.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар –бюджетке кірмейтін жəне мақсатты бағыты бар мемлекеттің ақшалай қаражаты.
Мемлекеттік қарыз – мемлекеттік органдардың жинақталған қарызы.