Нарық – институционалды нормалар мен ережелерге реттейтін негізде ықпал етуші бағалар қозғалысы арқылы жүзеге асырылатын өндіруші мен тұтынушылар, сатып алушылар мен сатушылардың өзара əрекеттерінің механизмі.
Нарықтың инфрақұрылымы– жекелеген рыноктарда шаруашылық байланыстардың қызмет етілуін орнату механизмі, мы-салы, тауарлы жəне қор биржалары, коммерциялық банктер жəне т.б.
Нақты пайыздық мөлшерлеме– инфляцияны ескергендегі пайыздық мөлшерлеме; инфляциядан тазартылған номиналды мөлшерлемеге тең.
Нақты сектор – ең бастысы өнеркəсіп, ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік жəне т.б.
Нақты табыстар– жеке азамат немесе жанұя белгілі уақыт кезеңінде өздерінің номиналды табыстарына тауарлар мен қызметтер мөлшерін сатып алуы.