Өзгермелі шығындар – фирма өндірісінің көлеміне байланысты шығындардың мөлшері.
Өндіріс – қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экономикалық игіліктерді құру үрдісі.
Өндірістік əлеует (өндірістік қуаттар)– кəсіпорынның белгілі уақыт ішінде қажетті өнімнің сапасы мен ассортимент мөлшерін өндіру қабілеттілігі.
Өндірістік тұтқа –фирма түсімі өзгерісінің, оның пайдасының өзгерісіне ықпал етуі.
Өсу қарқыны – 100-ге көбейтілген өсу коэффициентіне тең көрсеткіш
Өсім қарқыны– 100-ді шегергендегі өсу қарқынына тең көрсеткіш
302
Өтімділік дағдарысы – кредиттік ұйымдар өздерінің ағымдағы міндеттемелерін атқара алмайтын жағдай.
Өтімділік тұзағы –айналыстағы ақшаның мөлшері өсетін макроэкономикалық жағдай (өтімді нысанда), бірақ пайыздық (есептік) мөлшерлеме төмендемейді, өйткені ол өте төмен деңгейде орналаса-ды. Оның нəтижесінде ешкім банкте қаражатты сақтағысы келмейді, соның салдарынан жинақтар инвестицияларға айналмайды.