9.2. Айналым жəне негізгі меншік капиталы
9.3. МҚР саясатының қалыптасуы жəне оны бағалау
9.4. Меншікті капиталдың құны
9.5. Меншікті капиталдың тиімділігін өлшеу критерийлері
9.1. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымы жəне қалыптасу саясаты
Негізгі (меншікті) капитал:
мақсатты қаржыландыру қаражатын қамтиды.
Жарғылық капитал – кредиторының мүддесін кепілдендіретін мүліктің ең аз көлемі. Жарғылық капитал – оның құрылтайшылары мен акционерлері корпорацияға құрылтай құжаттарымен анықталған үлестеріне үйлесімді салған негізгі қаражаттың, материалдық емес активтердің, сондай-ақ ақшалай бағаланатын мүліктік құқықтардың жиынтығы. Жарғылық капиталдың қалыптасуы Қазақстан Республи-касы Азаматтық кодексінің ережелерімен жəне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Қоғамның жарғылық капиталы акциялардың атаулы құнын арттыру, олардың қосымша мөлшерін орналастыру арқылы ұлғайтылуы мүмкін.
Қоғамның жарғылық капиталы акциялардың атаулы құнын төмендету немесе акциялардың жалпы санын жəне оларды кейін өтеуді қысқарту арқылы азайтылуы мүмкін. Қоғамның жарғылық капиталын Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерінен аз көлемде азайтуға құқығы жоқ.
Акционерлік Қоғамның резервтегі капиталы оның мөлшеріне жету үшін таза пайдадан жыл сайынғы аударымдар арқылы Акционерлік Қоғамның жарлықтарында қарастырылып, бекітілген көлемде құрылады. Резервтегі капитал залалдарды жабуға, Акционерлік Қоғамның облигацияларын өтеуге, басқадай ақшалай қаражат болмаған жағдайда акцияларды сатып алуға, сондай-ақ артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуге арналған.
Үстеме капитал мүліктерді қайта бағалау кезінде оның құнының өскенін, эмиссиялық табыстың, тегін алынған құндылықтар мен басқа да түсімдердің артқанын көрсетеді.
Үстеме капиталдың құрамы келесі элементтерден тұрады:
айналымнан тыс активтерді бағалаудан түскен сомадан;
акцияларды сату бойынша шығындарды шегергендегі акцияның атаулы құнынан артық алынған сомадан;
басқа ұйымдардан тегін алынған мүлік;
мақсатты қаржыландыруға арналған қаражаттың инвестициялық ресурстар немесе басқа да түсімдер түрінде түсуі.
Бөлінбеген пайда Акционерлік Қоғамның меншікті капиталын қалыптастырудың маңызды көзі болып табылады. Ол мыналарды қамтиды:
а) өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын (залалын); ə) есепті жылдағы бөлінбеген пайданы (залалды).
«Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы» бабы бойынша өткен жылдардағы жұмыс нəтижесі бойынша акционерлік қоғамның иелігіне түскен пайда қалдығын көрсетеді.
Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын пайдалану оның сомала-рын келесі мақсаттарға жұмсау:
– резервтік капиталды толықтыру;
– жарғылық капиталды ұлғайту;
– үстеме капиталды ұлғайту;
– АҚ құрылтайшыларына табыстарды төлеу арқылы жүзеге асы-рылады.
«Мақсатты қаржыландыру» бабының құрамына мақсатты қолданыстағы шараларды жүзеге асыруға арналған ақшалай қаражат, яғни күрделі қаржы жұмсалымдары мен ҒЗТКЖ-ға арналған заңды тұлғалардан жəне мемлекет бюджетінен бөлінген қаржы түріндегі түсімдер кіреді.
Меншікті капитал құрылымы оның жалпы көлеміндегі əрбір баптың үлес салмағын сипаттайды. Меншікті капитал құрылымына ішкі, сондай-ақ сыртқы факторлар ықпал етеді. Ішкі факторлар (менеджменттің, маркетингтің жай-күйі, қаржылық тұрақтылық) кор-порация басшылығының бақылауында болады. Сыртқы факторларды меншікті капиталдың мақсатты құрылымын қалыптастыру кезінде ескеру тиімді. Оларға, атап айтқанда, қаржы нарығының жай-күйін, мемлекеттің салықтық жəне ақша-кредит саясатын жатқызады.
Меншікті капитал құрылымын бірқатар есептік кезеңдер (тоқсан, жыл) бойынша зерттейді жəне зерттеу нəтижесі бойынша болашаққа болжам жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |