9.2. Айналым жəне негізгі меншік капиталы
Меншікті капиталды қалыптастырудың негізгі мақсаттары:
МК есебінен айналымнан тыс активтердің (меншікті негізгі капиталдың МНК) қажетті көлемін жасау;
МК есебінен айналым активтерінің белгілі бір үлесін, яғни меншікті айналым капиталын (МАК) қалыптастыру.
Меншікті негізгі капиталдың көлемі:
МНК = АТА – ҰМ формуласы бойынша анықталады.
Мұнда: АТА – тоқсанның, жылдың аяғындағы баланс бойынша айналымнан тыс активтер;
ҰМ – айналымнан тыс активтерді қаржыландыру үшін пайдаланылатын ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Меншікті айналым капиталының көлемі:
МАК = АА – ҰМ – ҚМ формуласы бойынша анықталады.
Мұнда: АА – айналым активтері;
ҰМ – айналым активтерін қаржыландыруға бағытталған ұзақ
мерзімді міндеттемелер;
ҚМ – айналым активтерін қаржыландыруға бағытталған қысқа
мерзімді міндеттемелер.
Меншікті капитал көлемінің айналымнан тыс активтердің көлемінен асып түсуі (ұзақ мерзімді міндеттемелерді есептемегенде) таза айналым капиталы болып табылады (ТАК):
ТАК=МК–АТА–ҰМ
Тазаайналымкапиталыесептікезеңдекорпорацияоңтайландыратын
бос ақшалай қаражаттардың сомасын көрсетеді. Меншікті капиталдың оңтайландыру коэффициенті
MK(Kì ñê ) = TAK
MK
Ұсынылған Кмск= 0,2 – 0,3 мəні меншікті капиталдың қай бөлігі айтарлықтай өтімді (икемді) екендігін анықтайды.
Меншікті капиталды қалыптастыру көздері ішкі жəне сыртқы бо-лып бөлінеді.
Ішкі көздер кіріктіреді:
бөлінбеген пайданы;
негізгі қаражатты қайта бағалау нəтижесінде пайда болған қаражатты;
сақтаудағы қорды;
басқа да ішкі көздерді.
Сыртқы көздерге:
қосымша капиталды жұмылдыру;
құрылтайшылардың компанияның жарғылық капиталына жарна төлеуі арқылы;
қосымша акционерлік капитал тарту, яғни қайталама эмиссия, ак-цияларды сату;
заңды тұлғалар мен мемлекеттің тегін қаржылай көмек көрсетуі;
129
инвестициялық мақсаттарға арналған мақсатты қаржыландыру қаражаты;
басқа да сыртқы көздер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |