Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Геометриялық нивелирлеуге арналған приборлар мен



Pdf көрінісі
бет346/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Геометриялық нивелирлеуге арналған приборлар мен 
құралдар. 
Түсіру кезіндегі жердің шартты (салыстырмалы) 
деңгейінің жағдайын геодезиялық прибор нивелирдің көру 
түтігінен көлденең бағытталған нысаналық сəуле арқылы 
анықтайды. 
а 
мен 
b
қиындысының шамасын биіктігі белгілі 
жəне биіктігін анықтайтын нүктелерді тіктеп түзу орнатылған 
нивелирлік тақтайша арқылы анықтайды.
Нивелирді А жəне В нүктелерінің ортасына орналастырады 
да, көру түтігін алдымен артқы А нүктесіндегі тақтайшаға бағыт-
тап есебін алады. Содан соң В нүктесіндегі тақтайшаға бағыттап, 
алдыңғы есепті алады. Қима биіктік h анықтайтын арт қы А нүкте-
сіндегі тақтайшаны 
пикетті нүкте
дейді (ПК). осы дан төмен дегі 
формуламен екі нүктенің биіктік айырмасы (h) анық талады: 
b
a
h

=
,
ол үшін артқы тақтайшаның көрсеткішінен (
а
) алдыңғы тақтайша-
ның көрсеткішін (
b
) аламыз.


403
Жергілікті жердегі пикеттерді саны көрсетілген жердің беткі 
деңгейіне дейінгі нүктелік қазықтармен белгілейді.
Нивелирлік түсіру жұмыстарын жүргізу үшін əртүрлі конструк-
циядағы нивелирлер мен оны орнататын үш аяқты штатив, екі 
нивелирлік жолақты тақтайша жəне нивелирлік табандар қажет. 
Қазіргі нивелирлер конструкциясының ерекшеліктеріне қарай 
екі топқа бөлінеді. Олар цилиндрлі деңгейлі жəне қозғалмалы 
призмалардың көмегімен нысананы автоматты түрде көлденең 
түзу жағдайға келтіретін компенсаторлы нивелирлер.
Цилиндрлі деңгейлілер тобына бітеу НВ-1 техникалық 
нивелирі жатады. Оның көру түтігі мен цилиндрлі деңгейі бір-
бірімен бітеу бекітілген. Екінші тобына көлбеу бұрыштардың 
компенсаторы мен лимбасы бар Н-10КЛ нивелирлері жатады.
Нивелирлер негізінен жолақты өлшегіш тақтайшадан өлшеп 
алуды қамтамасыз ететін жіп торлары бар көру түтігінен (3), 
көлденең түзу жағдайға келтіретін цилиндрлі деңгейден (8), 
көтергіш винттері бар бекіткіш столдан (4), жəне үш аяқты шта-
тивтен тұрады. Көру түтігі бекіткіш столдың втулкасына тік білік-
те орнатылғандықтан , кез келген бағытқа еркін қозғала алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет