Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет175/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Карта бағдарламаларының
рөлі
. Картаны жобалау бары-
сында картаның бағдарламасын (саралау жоспарын) құруға баса 
назар аударылады. Кез-келген картаның бағдарламасы оның 
атын, атқаратын қызметін, түрін, математикалық негіздерінің 
элементтерін, картаға түсірілетін материалдардың мазмұнын 
жəне оның рəсімделуін, жинақталу қағидалары мен дəрежелерін, 
географиялық құбылыстар мен нысандарды картада көрсететін 
бейнелеу əдістері мен кестетік нышандарын, картаны құруға 
қолданылатын негізгі дерек көздерінің тізімін, фототеруге қажетті 
жазулар дың көшірмесін, картаны жасаудың технолгиялық үрдіс-
те рін қамтиды.
Картаның кез-келген бағдарламасының маңызды құрамдас 
бөлігі болып табылатын кестелік қосымшалар төменде көрсетіл-
ген құрамдас бөліктерді қамтиды:


201
– картаның негізгі бөліктерінің картографиялық кескінделуін, 
жабдықтаушы элементтерін, қосмша карталарды, көлденең қима-
сызбалар мен диаграммалардың өзара орналасуын көрсететін 
құрастыру макеті;
– маңызды репрезентивті телімдердегі картаның үлгілері;
– əртүрлі аудандар үшін географиялық аудандастыру тəсілдері 
мен жинақтау үлгілері;
– картаның мазмұнының барлық элементтеріне арналған 
шартты белгілердің үлгілері; 
– барлық элементтерінің жазу үлгілері. 
Бағдарламада бұдан басқа картаның мазмұнын ашуды 
қолдайтын пайдаланылатын барлық картографилық материал-
дар мен дерек көздерінің, географиялық нысандардың (өзен, көл, 
елдімекендер жəне тағы да басқалар), тізімі беріледі. 
Тақырыптық карталарды құру бағдарламасын жасауға карто-
графтар мен қатар картаның тақырыбы мен түсірілетін аумаққа
сəйкес географтар мен басқада мамандар қатысады. Мұндай 
мазмұн бағдарлама сапасының жоғары болуын, сонымен қатар, 
картаның дұрыс құрылып іс жүзінде кеңінен қолданысқа берілуін 
қамтамасыз етеді. Жетекші инженер-картограф бағдарламаны 
жүзеге асырудың барлық үдерістеріне жəне оның мазмұнының 
картада дұрыс енгізілуіне жауап беретін саралаушы болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет