204
Фотосұлбалар (пландар) жергілікті жерде тексеріледі.
Сұлбадағы жергілікті жердегі нысандар кескіндерінің орнының
ауытқуы 0,5 -1 мм аспауы тиіс.
Буссоль тілінің магниттік ауытқуын құрылатын карта бетінде
тең мөлшерде таралған 10-15 нүктеден анықтайды да ортақ
мəнін оның бетіне жазады. Технологияға
байланысты картаның
түпнұсқасы картаны бастыруға дайындау цехында рəсімделеді.
Компьютерлік технология қолданғанда, одан əрі көбейтіп басты-
ру үшін сандық деректер алынады.
Картаның түпнұсқасын дайындаудың барлық кезеңдерінде
құрылған картаның дəлдігі сараланып,
сондай масштабта
құрылған сол аумақты қамтыған карталар мазмұнымен мұқият
салыстырылып тексеріледі.
Кейде географиялық мақсатта фотосұлбамен үйлестірілген
топографиялық картаның түпнұсқасы шығарлады. Олар
фото-
карталар
деп аталады. Фотокарталарда топографиялық картаның
кестетік салмағын сызықтық жəне масштабтан тыс элементтері,
жергілікті жердің фотобейнесі болады. Елдімекендердің атаула-
ры ғана жазылады. Олар топографиялық
картадан көрнекілігімен
ғана ажыратылады жəне жыл маусымдарындағы жергілікті
жердің сыртқы ерекшеліктерін көрсетеді.
Сондықтан фотокарталарды тундра, орман, дала жəне шөл
аймақтарында орналасқан аудандардың табиғатын оқып-үйрену
мақсатында кеңінен қолданады. Олар географиялық топырақ,
өсімдік, геологиялық карталарды құру барысында құбылыстар
таралған аумақтың кескінін тексеруді жеңілдетуі мүмкін.
Бірақ топографиялық картамен
салыстырғанда оны пайда-
лануды шектейтін көптеген кемшіліктер бар. Басқа нысанның
көлеңкесі жауып қалатындықтан фотобейненің біраз бөлігі
көрінбейтіндіктен олар арнайы анықтауды қажет етеді. Соны-
мен қатар суреттің тығыздығы қосымша салмақ түсіруге кедергі
келтіреді.
Фотокартаны дайындау мерзімі топографиялық картаға
қарағанда əлдеқайда қысқа. Қазіргі кезеңде ғарыштық түсірулер
негізінде қолданып құрылған фотокарталар
кеңінен қолданылып
жүр. Олар түрлі-түсті жəне ақ-қара нұсқада шығарылуы мүмкін.