Сандық жəне сапалық жинақтау. Картаны құру кезінде
сандық жəне сапалық жинақтаулар қолданылады. Картаның мас-
штабына, мазмұнына, қамтылатын аумақтардың ерекшелігіне сай
географиялық нысандарды іріктеп санын азайту мақсатындағы
картографиялық жинақтауды
сандық жинақта у дейміз.
Сандық жинақтауға төмендегі құбылыстар мен нысандар жа-
туы мүмкін:
1. Тақырыптық жəне жалпы географиялық карталарды құру
кезінде мазмұнының негізгі элементтері болып табылатын
табиғи жəне əлеуметтік-географиялық құбылыстар іріктеп алы-
нады. Мұндай жинақтау кезінде бір табиғи немесе əлеуметтік-
экономикалық компоненттер кескінделеді.
2. Картаның мазмұнын ашатын географиялық нысандар.
Мысалы, көлдердің ішінен ең қажетті ірілері таңдалып алына-
ды. Бір текті нысандардың ішіндегі ең ірілері мен маңыздылары
іріктелінеді. Мысалы, Қалалардың ішінен астаналар, қатынас
жолдарынан – магистральды темір жəне автомобиль жолдары,
өзендерден : кеме жүзе алатын өзендер, тағы да басқалар таңдап
алынады.
Бір текті нысандарды іріктегенде, картаға түсіру үшін жер
бетінің əртүрлі аймақтарындағы географиялық нысандардың
картаның беткі ауданында қамтылатын сандық көрсеткішін мате-
ма
ти
калық формуламен анықтайтын нормативтік əдістер қол-
данылады.