Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


3.2 Жалпы географиялық жəне тақырыптық картада



Pdf көрінісі
бет115/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

131
3.2 Жалпы географиялық жəне тақырыптық картада 
қолданатын картографиялық кескіндеу тəсілдері
Тақырыптық карталардың мазмұнының элементтері. 
Картаның барлық элементтерін 
мазмұны
дейміз. Масштабы мен 
қызметіне сай картаның мазмұны алуан түрлі болады. Карта 
мазмұнының элементтерінің құрамына географиялық ландшаф-
тар (жер бедері, гидрография, өсімдіктер мен топырақ жамыл-
ғысы) мен əлеуметтік-экономикалық нысандар (елді мекендер, 
жол, өнеркəсіп жəне ауылшаруашылық кəсіпорындары) кіреді.
Ұсақ масштабты карталардың мазмұны аз ғана табиғи жəне 
əлеуметтік-экономикалық нысандарды кескіндеумен шектеледі.
Жалпы географиялық шолу карталардың мазмұны алуан 
түрлі, мұндай карталарды оқу арқылы:
– кескінделген аумақтың географиялық орны мен оның 
жеке бөліктерінің кеңістікте өзара орналасуының, сонымен 
қатар, құрылықтағы судың түрлері мен олардың таралуы мен жер 
бедерінің ірі пішіндерінің негізгі ерекшеліктерін;
– теңіздер мен құрлықтың аудандарының ара салмағымен 
материктердің жағалау сызықтарының тілімделу дəрежесін; 
– Жер бедері мен судың арасындағы байланыс жөнінде 
маңызды ақпараттар алуға болады. 
Көп мөлшердегі жалпы географиялық карталар атластар-
да жинақталады. Тақырыптық карталарда бір немесе бірнеше 
табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құбылыстар кескінделіп, 
олардың мазмұнын ашуға баса назар аударылады. Тақырыптық 
карталардың мазмұны шартты түрде екі бөлімнен тұрады. Бірінші 
негізгі бөліміне картаның тақырыбын айқындайтын құбылыстар 
кіреді. Бұл бөлімді картаның арнайы мазмұны деп атайды. Мы-
салы, 8 сыныпқа арналған география оқулығымен атластағы 
геологиялық картаның арнайы мазмұнын əртүрлі геологиялық 
жастағы тау жыныстарының формациялары мен тектоникалық 
байланыстары мен жарылыстардың сызықтары құрайды.
Кейбір тақырыптық карталарда географиялық негіз ретінде 
теңіздер мен көлдердің жағалау сызықтары, əкімшілік-аумақтық 
бөлінулердің шекаралары, қатынас жолдары, елді мекендер 
кескінделеді.


132
Тақырыптық карталардың 
географиялық негіздері
тақырып-
тық картаның арнайы мазмұнына кіретін құбылыстар мен 
нысандардың орналасуын бағдарлау қызметін атқарды. Тақы-
рып 
тық карталардың географиялық негізінің элементтерін 
таң 
дағанда олардың тақырыптың арнайы мазмұныны 
құрайтын құбы 
лыстармен байланысы ескеріледі. Сондықтан 
климат картала 
рында географиялық негізге жер бедері, 
геоморфологиялық карталарда төрттік мұзбасулардың шекара-
сы кіреді. 
Тақырыптық карталарда құбылыстардың абсолюттік жəне 
салыстырмалы өлшем бірліктері беріледі. Абсолюттік өл-
шем бірліктеріне ауылшаруашылығына жарамды жерлер 
дің 
га есебімен алынған ауданы, үй жануарларының саны, ақша 
бірлігіне шаққандағы өндірілген өнеркəсіп пен ауыл 
шаруа-
шылық өнімде рі, жауын-шашынның мм есебімен алын ған 
мөл шері жатады. 
Тақырыптық карталарда көрсетілетін салыстырмалы шама-
лар ға ел аумағындағы ауылшаруашылығына пайдаланылатын 
жерлердің үлес салмағы, бір жылда өндірілген белгілі бір өнер-
кəсіп өнімінің елімізде өндірілген барлық өнеркəсіп өнім дері-
не қатысты үлес салмағы жатады. Тақырыптық картаның маз-
мұнын ашу үшін 
ареал, сапалық түс, нүктелік, изосызықтар, 
бел 
гілеу, жеке диаграмма, картограмма, картодиаграмма, 
қоз ғалыс белгілері 
əдістері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет