Изосызықтар тəсілі белгілі бір құбылыстардың көрсеткіштері
бірдей нүктелерін қосатын қисық сызықты изосызықтар дейміз.
Изосызықтар тəсілін жер бедерін кескіндеуге, тақырыптық
карталарды құруға кеңінен қолданылады. Жер қыртысының
құрылысын сипаттайтын геологиялық карталарда
стратои- зогипстер құру арқылы шөгінді жыныстардың қандай да
бір қабатттарының қалыңдығын көрсетеді. Тереңдігі бірдей
нүктелерді қосатын сызықтар
изобаттар арқылы мұхит суының
тереңдігі мен бедерінің ерекшелігін анықтайды.
Климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер бетіндегі
температуралары бірдей нүктелерді қосатын
изотермалар мен жауыншашынның мөлшері бірдей нүктелерді қосатын
қисық сызық изогиеттер, атмосфералық қысымы бірдей
нүктелерді қосатын
изобарлар , құбылыстың бір датада түсетін
құбылыстарды қосатын қисық сызық изохрондар, жер бетіндегі
магниттік ауытқуы бірдей нүктелерді қосатын сызықты
изогон- дар , халықтың тығыздығы бірдей нүктелерді қосатын сызық
изо- дазалар кеңінен қолданылады [3.8-сурет].
3.8-сурет. Сапалық түс жəне изосызықтар тəсілдері қолданылған
Аустралияның климат картасы
138 Изосызықтарды қолданғанда картада кескіндеу үшін қандай
көрсеткіші негіз ретінде алынғанын, қандай өлшембірлікпен
өлшенетінін білудің маңызы зор.