Жеке диаграммалар тəсілі ірі аумақта кең тараған
құбылыстарды көрсету үшін қолданылады. Бұл əдіспен картаға
түсірілген қандайда бір құбылыстардың жер бетінің əртүрлі
нүктелеріндегі абсолют немесе салыстырмалы мəнін көрсету
үшін қолданылады[ 3.12-сурет].
3.12 сурет. Карталарда белгілі бір аумақтағы температураның таралуын
жеке диаграммамен кескіндеу
Құбылыстардың мөлшері белгілі бір шкаламен диаграм-
ма түрінде тұрғызылып, таңдап алынған нүктелердің үстіне
қойылады. Жеке диаграммамен барлық құбылыстардың таралуын
көрсетуге болады. Мысалы, жауын-шашынмен температураның,
атмосфералық қысымның, қардың қалыңдығын тағы басқаларды
көрсетуге болады.