Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет127/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Қозғалыс белгілері
əртүрлі табиғи жəне экономикалық-
географиялық құбылыстардың қозғалыс бағыттарын көрсетеді. 
Физикалық географияда мұхит ағыстары мен желдің, ауа 
массаларының қозғалысын, экономикалық географияда жүк 
тасымалдарының бағытын кескіндейді [ 3.13-сурет].


143
3.13 сурет.
Ұсақ масштабты карталарда кескінделген қозғалыс белгілері
Картодиаграмма тəсілі.
Белгілі бір аумақтық бөліну шегіндегі 
қандайда бір құбылыстарды абсолют өлшемдерінің жиынтық 
көрсеткіштерін көрсету үшін картодиаграммаларды қолданады. 
«Картодиаграмма» термині картаға түсіру əдісі, сонымен қатар, 
осы тəсілмен құрылған картаны білдіреді. Бұл тəсілмен көбінесе 
əкімшілік-аумақтық бөлінудің шекарасы айқын бейнеленген 
жеке мемлекеттер мен олардың ірі бөліктерінің, материктер мен 
аймақтардың тақырыптық карталарында қолданылады. Əрбір 
аумақтық-əкімшілік бөлінудің ішіне осы аумаққа тəн құбылыстың 
абсолют көрсеткішінің жиынтық өлшемін айқындайтын бір 
диаграммалық орналастырылады. 
Бұл тəсілді біршама ірі аумаққа жаппай таралған (егіс 
алқаптарының ауданы, ормандағы ағаштардың жалпы қоры 
т.б.) немесе жекелеген елдімекендерде шоғырланған (тұрғындар 
саны, өндірілген өнеркəсіп өнімдерінің, ауруханалардағы төсек 
санының т.б. сандық көрсеткіштері) орналасу сипаты əртүрлі 
көптеген құбылыстарды картаға түсіру барысында қолдануға 
болады [3.14-сурет].
Сонымен қатар, əрбір қабылдаған арасалмақ бойынша 
құбылыстың жиынтық өлшемінің бір бөлігін ғана көрсететін 
геометриялық немесе диаграммалық кескіндер қолданылады. 
Мысалы, əкімшілік аудан бойынша трактордың санын көрсету 


144
үшін бір нышан 100 тракторға сəйкес келетінін көрсететін 
трактордың суретін салады. Содан кейін біртекті трактордың 
суретін картадағы қажетті ауданға орналастырады. 
Картодиаграмма тəсілімен əрбір аумақтық бірлікке 
шаққандағы құбылыстардың абсолют көрсеткіштердің жиынтық 
өлшемдерін ғана емес, оның құрылымында көрсетуге болады. 
Құбылыстың құрамдас бөліктерінің арасалмағын көрсететін 
мұндай картодиаграммалар 
құрылымдық
деп аталады. Ол үшін 
картодиаграмманың белгісі əрбір құрамдас бөлігіне сəйкес 
келетін теңдей бөліктерге бөлінеді. Шартты белгінің бөліктерін 
əртүрлі бояулармен бояйды немесе штрихтайды да, олардың 
мəнін картаның түсініктемесіне жазады. 
Картодиаграммада бірнеше кескінді үйлестіру арқылы қан-
дай да бір уақыт аралығындағы құбылыстың сандық өзгерісте рін 
де көрсетуге болады. Əрбір кескін картаға түсірілетін құбылыстың 
белгілі бір уақытқа сəйкес келетін санын, уақытын білдіреді. Егер 
қандайда бір уақыт аралығындағы белгілі бір аумақтардағы бір-
бірімен өзара байланысқан бірнеше құбылыстардың өзгеруін 
кескіндеу қажет болса, картодиаграммаға кесте енгізеді. 
Картодиаграммаларды аумақтың жекелеген бөліктерінде 
таралған құбылыстардың сандық көрсеткіштерін салыстыруға 
мүмкіндік береді. Картодиаграммалардың шартты белгілерінің 
пішіні көбінесе, шаршы, тік төртбұрышты, дөңгелек немесе 
басқа геометриялық пішінде болады. Мұндай геометриялық 
пішінді кескінді белгілердің биіктігі құбылыстың ауданы, көлемі 
сияқты өлшемдерін көрсетеді. Жоғарыда аталған үш нұсқасы да 
үздіксіз немесе сатылы, абсолют немесе салыстырмалы шкалада 
құрылуы мүмкін.
Қозғалыс белгілері бағдар сызықтарының пішіні мен мөл-
ше рі не қарай ажыратылады. Құбылыстардың қозғалыстарының 
сипаты 
бір сызық, қос сызық, пунктир
немесе 
нүкте 
түрінде 
кескінделеді. Табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құбылыс-
тар 
дың мөлшері, ағынының əлеуеті (күші) бағдар сызықтың 
қалыңдығы, ұзындығы арқылы беріледі [3.14-сурет].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет