Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет124/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Белгілеу тəсілі.
Картаның масштабы ескерілмейтін 
құбылыстардың географиялық орнын анықтауға қолданылатын 
масштабтан тыс шартты белгілерді 
белгілеу 
дейміз. Белгілердің 
мөлшері картада кескінделетін құбылыстардың көлемін 
айқындайды. Географиялық карталарда 
геометриялық, көркем 
бейнелі жəне əріптік 
белгілелер қолданылады. 
Үшбұрыш, төртбұрыш дөңгелек түрінде қолданылатын 
белгілер 
қарапайым
жəне 
құрылымдық 
болып бөлінеді. Құры-
лым дық геометриялық шартты белгілер экономикалық карталар-
да ірі өндіріс орталықтарындағы жеке өнеркəсіп салалары ның 
үлес салмақтарын көрсетеді. Əріптер мен өнеркəсіп салалары, 
химиялық символдармен пайдалы қазбалардың жеке түрлері 
кескінделеді [3.9-сурет]. 
Құбылыстың абсолют шамасы белгінің сызықтық 
өлшемімен, оның ауданымен, көлемімен анықталады. Бұл 
айырмашылықтарды картадан сызғышпен немесе өлшегішпен 
өлшеу арқылы табуға болады. Бұл нұсқада бөліп көрсетілген 
аумақтағы көрсеткіштердің шамасы шартты белгінің өлшеміне 
сəйкес келеді. Солардың ішіндегі ең қарапайымы тік төртбұрыш. 
3.9-сурет. 
Географиялық карталарда қолданылатын геометриялық 
белгілердің түрлері


139
Картаға түсірілетін көрсеткіштердің шеткі мəндерінің 
өлшемдері күшті айырма жасаған жағдайда құбылыстардың 
арасындағы сызықтық тəуелділік пен шартты белгінің ең 
үлкен жəне ең кіші өлшемдерінің айырмашылығы жоғары 
болатындықтан, оны пайдалану тиімсіз болады. Бұл жағдайдан 
өлшемі биіктігімен емес, ауданымен өлшенетін шартты белгілерді 
қолдану арқылы шығуға болады.
Мұндай кескіндер биіктігі жағынан емес, шаршының ау-
даны жағынан айырма жасайды. Картада кескінделінетін 
құбылыстардың шеткі өлшемдері өте жоғары болған жағдайда 
текше сияқты көлемді белгілер қолданылады. Мұнда белгінің 
сызықтық өлшемдері көлемнің шамасының өлшеміне сəйкес 
текшенің түбірімен алынатындықтан шартты белгінің өлшемі 
тіптен кішірейеді. 
Картадағы əртүрлі қосындарда кескінделген құбылыстар 
өлшемдері түрлерінің өлшемдері арқылы ажыратылады. Бұл 
өлшемдер төмендейтін немесе көтерілетін ретпен көрсетілетін 
белгілі бір түрдің шкаласымен беріледі. Шкалалар 
үздіксіз 
неме-
се 
сатылы 
болуы мүмкін.
Үздіксіз шкалада көршілес əр бір жұп белгілер бір-бірінен 
онша үлкен емес шамада айырма жасайтындықтан, белгілі 
бір өлшемдегі шартты белгі құбылыстың біртекті шамасына 
сəйкес келеді. Басқаша айтқанда, үздіксіз шкалада құбылыстар 
санындағы өзгерістер шартты белгі өлшемдерін арттырады неме-
се кемітеді. Үздіксіз шкаланы қолданғанда картада кескіндейтін 
аумақтағы барлық қосындарда болатын əртүрлі құбылыстар са-
нын көрсететін өлшемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар 
көптеген белгілер пайда болады. 
Картаның түсініктемесінде белгінің шамасы мен құбылыс-
тардың өлшеміне сəйкес үздіксіз шкала сөзбен жəне кесте 
түрінде жазылады. Мысалы, халықтың жұмыспен қамтамасыз 
етілу картасында Белгілеу аумағының 1мм
2
ауданы 200 мың 
адамға сəйкес келеді. Үздіксіз шкалалар 
абсолютті 
жəне 
шартты
болып екіге бөлінеді [3.10-сурет].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет