Ареал əдісі (area) – (латын тілінде аудан, кеңістік) карта-
да кескінделетін құбылыстар: пайдалы қазбалардың алаптары,
өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерінің таралған аумағы,
ауылшаруашылық дақылдарының өсірілетін аудандарының шека-
расы айқындалып ерекше шартты белгілермен кескінделеді. Аре-
ал жəне сапалық түс əдістері тақырыптық карталарда кескінделген
құбылыстардың кеңістіктік таралуымен қамтылған аумағын
сипаттайды. Ареал жəне сапалық түс əдісінде құбылыстардың
сандық сипаты ескерілмейді.
Белгілі бір құбылыстың таралған шектеулі ареалы
сызықтармен, пунктирлермен немесе нүктелермен көрсетіледі.
Егер ареалдың нақты шекарасы көрсетілмесе құбылыстың аты
жазумен жазылып, болмаса, бейнелі геометриялық шартты
белгімен немесе əріппен белгіленеді.
Бір-бірінен қашықта немесе бір-бірімен жалғасып, белгілі бір
құбылыстардың сандық көрсеткіштерін айқындайтын сандық ареал-
дар да болады, оған жүк тасымалындағы белгілі бір жүк тасымалының
үлес салмағын көрсететін ареалдар мысал болады [3.7-сурет].