Қабатты бояулар əдісі жер бедерінің ірі пішіндерінің алып
жатқан ауданын, созылған бағытын, биіктігін, тау беткейінің
көлбеулігін анықтауға мүмкіндік береді. Гидрографиялық нысан-
дар мұхиттар, теңіздер мен көлдер кескіні жағалау сызықтарымен
шектеліп көгілдір бояулармен боялады.
Су нысандарының тереңдігі
изобаттармен көрсетіліп,
көршілес жатқан изобаттардың аралығы қоюлығы əртүрлі
көгілдір түстермен боялады. Табиғи су қоймаларының
тереңдіктері тереңдік шкалаларында көрсетіледі. Табиғи
су қоймаларының тереңдік белгілері мұхит асты бедерін
гипсометриялық əдіспен кескінделуін толықтырады [3.5-су-
рет]. Мысалы, Қара теңізіңің терең жері 2210 метр, Тынық
мұхитындағы Курил-Камчатка шұңғымасының тереңдігі 9717
м. Шығанақтар мен мұхит асты тауларының төбесі болып та-
былатын банкалардың ең саяз жері де көрсетіледі. Теңіздің
жағалау сызықтарының кескінделуіне де ерекше көңіл бөлінеді.
Ұсақ масштабты карталарда өзен жүйелерінің жалпы кескіні,
симметриялылығы мен ассимметриялылығы, басты өзеннің
төменгі, орта жəне жоғарғы ағыстары, өзен алаптарының су
айырықтары беріледі.
Өзендердің кеме қатынасына қолданылатын бөліктері қос
сызықпен кескінделеді.