129
өзеннің иректілігі, теңіздер мен көлдердің жағалау сызықта рын-
дағы шығанақтар мен мүйістер азайады. Картаға түсірілетін ны -
сандардың кескінінің санын азайту барысында бір-біріне жа қын
орналасқан біртекті нысандар бір ірі нысандар: арал, көл, бат пақ,
ауылшаруашылығына жарамды жерлер ретінде көрсеті ле ді.
Картада қамтылатын аумақтың сандық сипатын іріктеу нəти-
жесінде кескінделу аралығы артуына байланысты жеке нысан-
дардың сандық көрсеткіштері көрсетілмейді. Жинақтаудың бұл
бағытында нысандардың жеке айырмашылықтары көрсетіл меуі-
не байланысты біртекті нысандарды картада кескіндеуге ор тақ
бір шартты белгі қолданылады.
Масштабы кішірейген сайын қамтылатын аумақтың ауда-
нының артуына байланысты картаның дəлдігіне қойылатын та-
лаптар азайып, біртекті нысандардың шекарасы да кеңейеді.
Мұғалімдерге арналған атластың 1:1 000 000, 1:10 000 000
масштабты карталарында халқының саны 100000-нан асатын
қалалар үш топқа бөлінген. Əр топқа жататын қалалар халқының
саны жағынан 400-500 мыңға айырма жасайтын пунсондармен
белгіленсе, мектеп оқушыларына арналған географиялық атлас-
тарда халқының саны 100000 асатын тқалалар масштабының
кішіреюіне байланысты екі топқа біріктірілген.
Достарыңызбен бөлісу: