Тақырыптық карталарда құбылыстарды кескіндеу тəсілдері. Кескінлеу тəсілдерін таңдау. Кескіндеу
тəсілдерін
таңдауда кескінделетін нысандардың сандық жəне сапалық си-
паттамаларын, кеңістіктікте орналасуын, динамикасын жəне
тағы басқа барлық мəліметтер жинағы ескеруді қажет етеді.
Картаның мазмұны мен типі де əсер етеді. Сондықтан ғылыми-
анықтамалық, анықтамалық жəне жедел карталарға нақты жəне
дəл кескіндеу үшін белгілеу, сапалық түс, сызықтық белгілер,
қозғалыс белгілері жəне тағы басқа тəсілдерді таңдау қажет. Ал,
жалпы танымдық жəне ғылыми-тұғырнамалық бағыттағы карта-
ларда жалған сызықтар, изосызықтар, ареалдар жəне тағы басқа
жалпы географиялық кескіндеу тəсілдерін қолданған тиімді.
Кескіндеу тəсілдерін таңдауға елеулі түрде, əсіресе, есептік-
статистикалық материалдардың нақтылығы мен дəлдігі де əсер
136 ететіндіктен кескінделенетін құбылыстардың географиялық
мəліметтерінің сəйкестігін нақтылау керек.