53
басқа мəселелерді шешу мақсатында қолданылады. Бұл бағытта
пайдалану глобустың градус торларының қасиеттерін толық
қарастыруды қажет етеді.
Глобустың меридиандары мен параллельдерінің пішіні, өзара
орналасуы Жердің градус торларының нақты пішініне сəйкес
келеді.
Жердің кішірейтіліп алған үлгісі
болғандықтан, ұзындық мас-
штабы глобустың кез-келген бөлігінде бірдей болады. Мұндай
ерекшелікті
теңаралық қасиет
дейміз. Егер глобустың масшта-
бы 1:50 000 000 болса, жердің радиусы мен кез-келген бөлігіндегі
арақашықтық 50000000 есе кішірейтіледі.
Теңаралық қасиетіне байланысты Жер беті мен глобустағы
меридиандардың ұзындығы бірдей болады. Барлық меридиан-
дар полюсте түйісетіндіктен параллельдердің
бойлық бойынша
ұзындығы экватордан алыстаған сайын біртіндеп қысқарады.
Көршілес жатқан меридиандар доғасы мен олар қилысатын
параллельдердің ара-қашықтығы глобустың барлық бөлігінде тең
болуымен ерекшеленеді.
Глобустың барлық бөліктерінде ұзындық масштабы тең болған
жағдайда, барлық бағыттарда ауданның масштабы да тең болады.
Жердің кішірейтіліп алынған үлгісіне тəн мұндай ерекшелікті
глобустың
тең ауданды қасиеті
дейміз. Көршілес жатқан мери-
диандар мен параллельдердің қиылысуынан түзілетін
бір ендікте
жатқан сфералық трапециялардың ауданы жер элипсоидында да,
глобуста да тең болады. Тең ауданды қасиетке сəйкес глобустың
кез-келген бөлігіндегі барлық нысандардың ауданы тең болады.
Теңаралық жəне тең ауданды қасиетіне сай глобустағы барлық
нүктелердің бұрыштары да тең болады. Глобустың бұл қасиетін
тең бұрышты
дейміз.Тең бұрыштық қасиетке сəйкес глобусқа
көшіргенде жер элипсоидының кез келген екі бағытының
көлденең бұрыштары өзгермейді.
Қорыта
айтқанда, барлық картографиялық өнімдердің ішінде
тек глобус қана теңаралық, тең ауданды жəне тең бұрышты
қасиетке ие болады. Жер бетінің жазықтықтағы кескіні
болғандықтан, ешбір географиялық карта аталған үш қасиетке
бірдей ие болмайды. Сондықтан глобус жер шарымен жалпы
танысу,
оның қозғалысын, жер бетінің негізгі ерекшеліктерін,
54
градус торлары мен координаттар жүйелерін оқып-үйрену,
нысандардың географиялық орындарын анықтау жəне тағы басқа
мəселелерді қарастыру барысында қолданылады.
Глобусты орта мектеп географиясымен қатар теңіз жəне əуе
навигациясында, космонавтикада пайдаланады. Мысалы, ұшақ
бір қаладан екінші қалаға ұшып бару үшін ұшудың қысқа жолын
глобусқа белгілеп, жанармайды аз жұмсап, аз уақыт ішінде жетуді
қамтамасыз етеді Екі нүктенің
арасындағы қысқа жол шардың
бетінде үлкен шеңбердің доғасы, басқаша айтқанда, шардың
жазықтықпен қилысында түзілетін жəне орталығы арқылы өтетін
екі нүктені қосатын сызық түрінде болады [3.1-сурет].
Достарыңызбен бөлісу: