57
Географиялық карталарда Жер беті тұтас немесе оның
белгілі бір бөлігінің аумағы кескінделеді. Кескінделетін аумақ
пен картадағы бұрмалану шамасының арасында тікелей
тəуелділік бар. Теориялық тұрғыдан элипсоидтың шектеусіз
шағын бөлігін жазықтықта кескіндеу мүмкіндігі
шектеулі бола-
ды. Бұрмаланудың сипаты проекцияны таңдауға, элипсоидтың
бетін жазықтықта кескіндеу əдістеріне тікелей тəуелді болады.
Глобустан жазықтыққа көшіргенде жер бетінің пішінінің, ауда-
ны мен көлденең бұрыштарының, ұзындықтарының ауытқуын
картографиялық бұрмалану
дейміз.
2.1-суретте көрсетілгендей элипсоидтың бетінен жазықтыққа
өту барысында градус торлары
бір-бірінен ажырап немесе
сығылуына байланысты жер бетіндегі нысандардың пішіні мен
ауданы көлденең бұрыштары өзгеріп бұрмаланады [2.2-сурет].
Оларды жою үшін сəйкес келетіндей мөлшерде созу немесе
сығу қажет. Сондықтан географиялық карталардың жекелеген
бөліктерінің масштабы əр түрлі болуымен ерекшеленеді. Жер
бетінің белгілі бір масштабта кішірейтіліп алынған үлгісі болып
табылатын тек глобустың ғана барлық бөлігінің масштабы бірдей
болады. Осыған орай картадағы шектеулі шағын нүктелердің
өзінің жеке масштабы болады. Цилиндрлі, жалған цилиндрлі
жəне көп конусты проекциямен құрылған дүние жүзінің картала-
рында бұрмалану экваторда ғана болмайды.
2.2-сурет.
Жердің сфералық бетін жазықтыққа
көшіргенде жыртылуына,
сығылып созылуына байланысты жер бетіндегі нысандардың пішіні мен
ауданының көлденең бұрыштары өзгеруі
Глобустан жазықтыққа көшіргенде болатын созылулар мен
сығылулардың нəтижесінде ұсақ масштабты шолу карталарының
58
жеке бөліктерінің масштабы өзгереді. Нəтижесінде қосалқы
геометриялық жазықтықтың глобуспен жанасатын экватор
мен орталық меридианның қилысында масштаб өзгермей сол
қалпында сақталады [2.3-сурет].
2.3 суретте көрсетілген тропик
сызығының бойындағы АВ
қимасында ВВ’ шамасында созғанда, глобустағы ұзындықтан
үштен бірге артады. Ал поляр шеңбері маңындағы СD
қиындысында созылулардың шамасы
глобустағы ұзындықтан екі
есе артады.
3.3 суретте көрсетілген тропик сызығының бойындағы АВ
қимасында, ВВ’ шамасында созғанда глобустағы ұзындықтан
үштен бірге артады. Ал поляр шеңбері маңындағы СD
қиындысында созылулардың шамасы глобустағы ұзындықтан екі
есе артады.
Бұл дүние жүзінің карталарында параллельдер экватордан
алыстаған сайын созылулардың артуына байланысты ұзындық
масштабы ірі болады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік
береді. Картографиялық бұрмалануға байланысты ұсақ масштаб-
ты шолу карталарының əр түрлі бөлігінің ұзындық масштабы да
əртүрлі болады.
Жоғарыда көрсетілген суреттегі
С
нүктесінің маңында
меридиандарға қарағанда параллельдердің масштабы ұзын бола-
ды. Мысалы, осы
С
нүктесінен
В
нүктесіне
бағытталғанда бағыт
өзгерген сайын масштаб та үздіксіз өзгеретіні байқалатындықтан
алдында қарастырылған екі масштабқа қарағанда оның
айырмашылығы болады. Тіпті əр түрлі созылу аймағында
орналасқан таңдап алған бір бағыттың бойында орналасқан
СВ
нүктелерінің өзінде ұзындық масштаб өзгеріссіз қалмайды. Ал
біршама қысқа
АВ
нүктелерінің арасында масштабының айырма-
сы шамалы болады.
Көлденең цилиндрлі проекциямен кескінделген картаның
шектеусіз шағын бөлігінің ұзындығының
жердің физикалық
бетіндегі ұзындыққа сай келуін
ұзындық масштабы
дейміз.
Жоғарыда берілген мысалдар картаны құру барысында бас мас-
штаб бірқатар бағыттың бойында сақталатынын көрсетеді.