Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет74/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Азимутты проекциялар
. Глобустың градус торларын жана-
сатын жазықтықта жобалау арқылы құрылатын картографиялық 
торлардың барлығын
азимутты проекциялар
дейміз. Қалыпты 
азимутты картографиялық тор жазықтықты глобустың полю-
сында, ал көлденең азимуттыны экваторда, көлбеу азимуттыны 
глобустың кез-келген бөлігінде жанастырып жобалау нəтижесінде 
құрылады [2.16-сурет]. 


78
2.16-сурет.
Азимутты проекцияның түрлері: А – қалыпты, Ə – көлденең
Б – көлбеу.
Бұл топтағы проекциялардың аты осы проекциямен 
құрылған картографиялық торлардың жазықтық пен глобус 
жанасқан бұрынғы нүктесінде (нөлдік бұрмалану нүктесінде) 
барлық бағыттардың азимуты өзгеріссіз қалуына байланысты 
қойылған.
Көп конусты проекциялар
.
 
Көп конусты проекцияның 
 
картографиялық торларын глобустың градус торларының 
бөліктерін бірнеше жанасатын конустарда жобалап, ко-
нус жолақтарының бетінде түзілген кескіндерді біріктіріп 
жазықтыққа көшіру арқылы құрады [2.17-сурет]. Көп кону-
сты проекциямен картографиялық торды жобалаудың жалпы
қағидалары 3.19-суретте көрсетілген. 
2.17 А суретте конустың шыңы белгіленген. Сəйкес келетін 
конустың əр жолағында глобуспен жанасқан ендіктер телімдері 
жобаланады. Конустарды жазғанда сол телімдердің жолақтары 
алынады да, олар орталық меридианда бір-бірімен жанстырып 
жиналады. Содан кейін аралықтарындағы жыртылулар жойы-
лып картографиялық тордың ең соңғы нұсқасы құрылады. 
Көп конусты проекциямен құрылған картографиялық 
тордың меридиандары қисық, орталық меридианы мен эква-
тор түзу, параллельдері эксцентрлі доға тəрізді болады. Көп 
конусты проекциялар дүниежүзінің карталарын құру үшін 
қолданылады. Экватор маңы телімдері жанасатын цилиндрде 
жобаланатындықтан алынған тордың экваторы түзу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет