105
орталық меридиан мен параллельдердің аралықтары өлшемін
алып, көрсетілген ретпен қағаз бетіне түсіреді. Меридиандардың
қисық сызықтарын параллельдердің бөліну нүктесі арқылы көз
мөлшерімен немесе лекал бойынша сызады [2.35-сурет].
2.35 сурет.
Дүниежүзінің карталарына арналған Сансонның тең ауданды
жалған цилиндрлі проекциясының картографиялық торлары
Торды құру үшін экватордың, меридиандар мен параллель-
дердің өлшемдерін мұғалімдерге арналған атластағы кестеден де
алу ға болады.
Француз географы Сансон өз проекциясын ХVІІ ғасырда
ұсынған. Ол оңтүстік материктері Африка, Оңтүстік Америка
жəне Аустралияны, сонымен қатар бұрынғы КСРО-ның солтүстік-
тен оңтүстікке созылып жатқан аймақтарын кескіндеуге қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: