96
есептеп шығарып, олардың жеке көрсеткіштері мен деректерін
есептелінген кестеге енгізу біршама күрделі болуымен
ерекшеленеді. Кестелер картаны құру барысында əртүрлі іс-
əрекеттерді жылдам əрі дұрыс орындауға,
құру заңдылықтарын
анықтап оның ретін бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, 5º
доғаның экватордағы өлшемі-556605,0 м, ал картаның мас-
штабындағы көршілес параллельдердің аралығы 5,57 см-ге
тең.
Қағаз бетіне картографиялық торларды құру жəне
олардың аралықтарын есептеу.
Бастапқы деректер бар кестені
дайындағаннан кейін картографиялық торды төмендегі ретпен
құрады: қарындашпен бір-біріне перпендикуляр түзу
сызық
орталық меридиан мен экваторды жүргізеді. Экватордың бойын-
да аралықтары 5,57 см-ге болатын орталық меридианға бағыттас
меридиандар доғасын жүргізеді. 3.5-кестеде көрсетілген
өлшемдерге сəйкес аралықтары бірдей емес орталық меридианға
перпендикуляр параллельдер жүргізеді.
Бұрыштамаларын сызып
меридиандар мен параллельдердің градус сандарын белгілейді
[2.5 кесте].
Картаны құру жəне монтаждау.
Көбінесе географиялық
карта суретке түсіру жолымен масштабы қажетті мөлшерге
дейін кішірейтілген біршама ірі масштабты карталар
негізінде құрылады. Сəйкес келетін нүктелері
белгіленген
картографиялық негізі дайындалғаннан кейін алдымен ватман
қағаздың бетінде кішірейтілген көк жарық көшірмесі жасала-
ды. Сапалық монтаждау жүргізгеннен кейін əр түрлі масштаб-
ты карталарды құру ережелеріне сəйкес көк көшірме бойын-
ша карта мазмұнының барлық
құрамдасбөліктері бар жарық
көшірмені құрады. Жоғарыда жанасатын параллель ретінде
экватор таңдап алынған ортасында бұрмалану көрсеткіші 1-ге
тең болатын жанасатын цилиндрдегі Меркатордың проекция-
сы қарастырылды. Меркатордың проекциясын көбінесе қиып
өтетін қалыпты цилиндрде жиі қолданады. Бұл жағдайда ци-
линдрмен жанасатын нөлдік бұрмалану
сызығы екі жағында
орналасатындықтан, экватордағы ұзындық масштабы
п<
1,
аумақтың екі шеткі ендіктерінде
п
2
=
п
1
=1 жағдайына ие болады.