91
ГАжКОҒЗИ Еуразия карталарына арналған шартты про-
екциясы (І нұсқасы).
Аталған
проекцияның картографиялық
торы төменде көрсетілген шарттарды қанағаттандыруы тиіс: а)
парал лельдерінің пішіні қисық сызықты; ə)
материктің Азиялық
бөлі гіне қарағанда, Еуропаның шегінде
ауданның масштабы ірі-
леу, бірақ тұтас алғанда, ауданның бұрмалануы онша үлкен бол-
ма уы тиіс.
2.28-сурет
.
Ауданның
изокалдары бар
ГАжКОҒЗИ Еуразия карталарына
арналған шартты проекциясы (І нұсқасы)
Бұл шартты қанағаттандыратын
алынған торда парал-
лельдер мен меридиандар қисық сызықты. Картаның барыс
бөлігіндегі көршілес меридиандардың
аралықтары шығысына
қарағанда үлкен болатындықтан картографиялық торы орталық
меридианға қатысты алғанда симметриялы емес.
Еуразияның
материктік бөлігінде ауданның бұрмалануы шамалы. Тек
солтүстік-батыс бөлігінде бас масштабтың оннан бір бөлігіне
сəйкес келетіндей біршама ірілеу [2.28-сурет].
Бұрыштың
бұрмалануы материктің қиыр солтүстігінде байқалады.
1969 жылы Л. С. Ледовская құрған бұл проекция
7 сыныптың географиялық атласындағы
Еуразияның картасы
үшін əлі күнге дейін қолданылады.