94
мен қатар, жекелеген шығанақтар мен бұ ғаз дар айдындарының
карталарын құруға қолданылады.
Оған Мер ка тордың проекция-
сымен құрылған картаграфиялық торлар дың бағалы қасиеттерінің
бірі кезкелген бағыттың қысқа жолы лок со доромияның түзу
сызықпен кескіндеуі əсер етеді [2.31-сурет].
2.30-сурет.
Меркатордың қалыпты цилиндрдегі тең бұрышты цилиндрлі
проекциясының градус торлары
Жер бетіндегі кез-келген нүктенің
арасында тұрақты румб
түзетін түзу сызықты
лаксодромия
дейміз. Меркатордың проек-
циясымен құрылған карталарды пайдаланып,
теңіз кемелерінің
штурмандары бағытын локсодромия арқылы жеңіл табады. Ол
үшін шығатын жəне баратын порттардың аралығын қосатын
түзу сызық жүргізу жеткілікті.
2.31-сурет.
Ортодромия мен локсодромия кескінделген Меркатордың
қалыпты цилиндрдегі тең бұрышты цилиндрлі проекциясы
95
Жер шарының бетіндегі қысқа
жол ортодромия бойынша
анықтауға негізделетіні белгілі (3.1 тақырыпты қара). Бірақ орто-
дромиямен қозғалу кеменің курсын (бағытын) тұрақты түрде
өзгертіп отыруды қажет етеді. Сондықтан ортодромиямен есеп-
телген жол жеке телімдерге бөлініп, олардың əрқайсысында кеме
локсодромия бойынша қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: