Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78



Pdf көрінісі
бет75/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

туралы негізгі заңдары
Денсаулық сақтау саласының нормативті құқықтық актілері Респу-
блика Президентінің жарлығы, парламенттік заң, үкіметтің қаулысы 
жəне денсаулық сақтау министрінің бұйрығы немесе үкімі ретінде 
берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының 
жұмысын реттеу, қайта құру, оңтайлау жəне одан ары дамыту
тұрғындардың денсаулығын қорғау шараларын қүшейту, медициналық 
көмек сапасын арттыру мақсатында қабылданған заңды құжаттар 


225
республикада тəуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан əлеуметтік-
экономикалық жəне саяси жағдайдың айнасы деуге болады.
Соңғы 20 жылда қабылданған ең маңызды заңдық актілердің 
қатарына жататындар:
1. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Респуб-
ликасының Конститутциясының 29 бабында азаматтарға өз денсаулы-
ғын қорғауға мемлекеттік кепілдік берілетіндігі баса көрсетілген. Ал 
кейінгі кезеңдерде қабылданған заңды құжаттардың барлығы осы 
баптың шешімін орындауға бағытталған шаралардан тұрады деуге бо-
лады.
2. 1992 жылы «Денсаулық сақтау саласын оңтайлау концепциясы» 
жасалып, оны жүзеге асыру туралы Президенттің нұсқауы жария-
ланды. Бұл концепцияда Республикалық денсаулық сақтау саласын-
да медициналық сақтандыру жүйесін ендіру жəне оны жүзеге асыру 
механизмі қарастырылған. Шетелдердегі медициналық сақтандыру 
тəжірибесі зерттеліп, оны сынақтан өткізетін пилоттық аудандар 
белгіленеді.
3. «Республикалық бюджеттер туралы» заңда (1994 ж) тек денсау-
лық сақтау саласының негізгі қызметтерін қаржыландыру қарастыры-
лып қоймайды, сонымен қатар жоспарлы қайта құру, оңтайлау 
үдерістерінде қаржыландыру мəселелері есепке алынады.
4. «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық бақуаттылығы 
туралы» заң (1994 жыл) еліміздің егемендігінен кейін қалыптасқан 
жалпы əлеуметтік-гигиеналық жəне экономикалық қатынастардың 
өзгерістеріне сай санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңадан 
құру сұрақтарын шешуге бағытталды.
5. «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» 1995 жылғы 
Президенттің жарлығы денсаулық сақтау саласын жəне тұрғындарға 
көрсетілетін медициналық көмекті қаржыландыруды нарықтық 
қатынасқа сай жаңа тиімді жүйеде ұйымдастыру арқылы медицинада 
бəсекелестік жəне сапа менеджментін қалыптастыруға бет бұру деуге 
болады.
6. «Фармацевтика өндірісінің дамуын қолдау туралы» 1996 жылғы 
Президенттің жарлығы бұл өндірістің құлдырауын тоқтатуға жəне 
оның құлдырауын тоқтатуға жəне оның жаңа бағыттарда дамуына жол 
ашты.
7. «Психиатриялық көмек жəне оны алу барысында азамат-
тар құқығының сақталуына кепіл беру туралы» 1996 жылғы Пре-
зиденттің жарлығы бұл саладағы Кеңестер дəуіріндегі жіберілген 
заңсыздықтарды болдырмау жəне психиатриялық көмекті дамытуды 
ұйымдастырушылық жəне экономикалық тұрғыда жақсарту жолдары 
қарастырылған.
8. «Инфекцияларға қарсы күрестің қосымша шаралары туралы» 
Президенттің (1996 жылғы) жарлығы елімізде қалыптасқан санитар-
15–7438


226
лық-гигиеналық жəне эпидемиологиялық келеңсіздіктерден инфек-
циялық аурулардың өршуіне қарсы шараларды тиімді ұйымдастыру 
жолдары көрсетілген жəне жауапты тұлғалар анықталған.
9. «ЖИТС ауруының профилактикасы туралы» 1996 жылы жарық 
көрген Президент жарлығында, елімізде үдеп кеткен жүре пайда болған 
иммундық тапшылық синдромының профилактикасын күшейту шара-
лары қарастырылған.
10. «Қазақстан 2030» (1997 жыл) атты Президенттің жолдауын-
да денсаулық сақтау саласын жетілдіру жəне медициналық көмектің 
сапасын арттыруға қарай 8 қадам ұсынылды. Оның ішінде салауат-
ты өмір салтын қалыптастыру аса маңызды əлеуметтік-медициналық 
бағыт ретінде көрсетілген.
11. Президенттің 1997 жылғы «Міндетті медициналық сақтандыру 
қорын қайта ұйымдастыру туралы» № 1387 жарлығы бұл қордың орнына 
медицина көмекті төлеу орталықтарын ашу жолдары қарастырылған.
12. «Отбасылық медициналық қызмет туралы» заң (1998 жыл) 
бұл қызметті ұйымдастыру жəне мамандарын даярлау жолдарын 
көрсетеді.
13. Президенттің 1998 жылғы «Қазақстан Республикасы 
азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірінші 
кезектегі шаралар туралы» жарлығы денсаулық сақтау саласында 
жедел қолға алуды қажет ететін шаралар көрсетілген. Бұл жарлықта 
балалар мен аналардың өлімін азайту, əлеуметтік маңызы үлкен 
аурулардың профилактикасын күшейту мəселелері басым бағыттар 
ретінде көрсетілген.
14. Президенттің 1999 жылғы «Кепілдендірілген қызмет тізбесі» 
туралы № 70 жарлығы тегін кепілдендірілген медициналық көмекті 
көрсету ауқымын реттеуге бағытталған.
15. «Халық денсаулығы жəне денсаулығы денсаулық сақтау жүйесі 
туралы» Кодекс денсаулық сақтау саласын жəне медициналық көмек 
қызметін одан ары жақсартуға арналған Заңнамаларды жетілдіруге 
арналған.
16. Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау ісін реформа-
лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға жəне 2010-2015 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламалары денсаулық сақтау жүйесіндегі 
реформаларды сапалы да тиімді ұйымдастыру шараларына арналған. 
Осының барлығы елімізде денсаулық сақтаудың Бірыңғай Ұлттық 
жүйесін ендіруге жəне тұрғындардың сапалы медициналық көмекке 
сұранысын барынша толыққанды қамтамасыз етуге бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет