Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет21/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   150
Байланысты:
munai

3.3. Ұңғыманы бұрғылау кезеңі
Мұнай-газ кендерін іздеу мен барлау жұмыстары жүргізіліп, кен 
орнын тапқаннан кейін, мұнайлы алаңның көлемін анықтау, ондағы 
мұнай-газ қорының мөлшерін есептеу, қабаттарды ашу, кен орын-
дарының игеру жобаларын жасау мақсатында барлау-бұрғылау жұ-
мыстары жүргізіледі.
Одан əрі кен орындарын түгелдей барлау, бағдарлау үшін ұңғыма 
қазу əдістері белгіленеді.
Қабатты ашу тəсілі бойынша кен көздерін игеру көбінесе екі жол-
мен жүзеге асырылады:
терең ұңғымалар
көмегі жəне 
шахтылы
.
Шахтылы əдіс – қою газсыздалған мұнайлы кеніштерді игерген-
де жəне су қысымы болмаған жағдайда қолданылады. Мұнай өндіру 
про цесінде шахтылы өндіру əдісінің алатын көлемі өте аз. Қазіргі 
кез 
де мұнайлы қабаттары терең ұңғымалардың көмегімен ашып, 
сол арқылы мұнай жоғары жаққа, жер бетіне шығарылады. Мұнай 
ке ніш терін игеру жүйесі мұнайды ығыстырумен қатар, қабатқа əсер 
ету табиғатымен тікелей байланысты. Қабатқа əсер ету – екі бағытта 
жүзеге асырылады. Біріншісі – қабат қысымына сырттан əсер ет-
пеу. Екіншісі – қабат қысымын ұңғымаға су мен газды арнайы айдау 


42
арқылы көбейту. Соның салдарынан мұнай өндіру барысында кеніш 
қабатындағы қысым қанығу қысымынан жоғары болады.
Іздеу-барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін 
ұңғыманы бұрғылау
жұмыстары басталады.
Бұрғылаудың мақсаты – мұнай қабатын басып жатқан, мұнай 
өткізбейтін жыныс қабатын бұзу жəне оны ұңғымадан шығару. 
Ұңғыма деп
жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарының 
көмегімен қазылатын, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші ци-
линдр пішінді тау-кен құрылыс орны. Ұңғыманың басталатын жері 
– сағасы, цилиндрлі беті – қабырғасы, ең төменгі шегі – түбі деп ата-
лады. Сағасынан түбіне дейінгі арақашықтық ұңғыманың ұзынды ғы, 
ал ұңғыманың осі – проекциясына тіке аралық тереңдігі болып сана-
лады. Мұнай жəне газ ұңғымаларының бастапқы диаметрі – 16,5 см-
ден кем емес болуы қажет. 
Ұңғыма опырылып құламас үшін оған металды құбырдың «жа-
ғалатылған» тізбегін түсіреді жəне жер асты суын изоляциялау үшін 
ұңғыманы цементтейді
Терең ұңғымалар үшін мұнара биіктігі 41-53 м болады. Мұнара 
негізінде шығыр, қозғалтқыш, құбырлар үшін тіреуіштер, бақылау-
өлшегіш құралдар орналастырылады. Мұнараның еденінен 25 м биік-
тікте аспа тақтай орнатылады, оған құбырлар тізбегін көтеру жəне 
түсіру кезінде «жетекші» орналастырады, ол шамдарды қабылдау-
түсіру рөлін атқарады.
Бұрғылау айналмалы бұрғылау жəне құбырлы, электрлі бұрғылау 
болып бөлінеді. Айналмалы бұрғылау кезінде тек бұрғылау құрал-
дарын айналдырып қана қоймай, бүкіл бұрғылау тізбегін айналды-
рады. Құбырлы немесе электрлі бұрғылау кезінде тек қашау айна-
лады. Соңғы жылдары мұнай өндірісінде көбіне құбырлы бұрғылау 
қолданылуда жəне электрбұрғылау көмегімен енгізілуде.
Қазіргі кезде көбіне айналмалы бұрғылауды қолдануда. Жыныс 
арнайы құрал – қашау арқылы алынады, ол бұрғылау құбырлары 
көмегімен ұңғымаға түсіріледі.
Бұрғылау тізбегі – бұрғылау құбырларынан тұратын қондырғы, 
ол бұрғылау тізбегін көтеру жəне түсіру кезінде бұрау жəне ашу 
үшін қажет. Құбырлар тізбегінің ұзындығы мұнай жынысының жату 
тереңдігіне байланысты.
Бұрғылау құралдары тозғанда, ұңғымадан бұрғылау құбырлары-
ның тізбегін шығарады, шамдарын бұрап ашады да, «элеватор» 


43
көмегімен арнайы орынға қояды. Құралдар толық жаңартылған 
соң шамдарды ұңғымаға қайта түсіреді. Көтеру-түсіру жұмыстары 
бұрғылаушылардың жұмыс уақытының 20-35% алады, бұл жұмыстар 
механикаландырылмаған операцияларды атқарумен жəне ауыр зат-
тарды жылжытумен байланысты. Көтеру механизмдері арнайы 
бұрғылау мұнарасының шыңына орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет