Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Компрессорлық немесе газлифт əдісі



Pdf көрінісі
бет24/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150
Байланысты:
munai

Компрессорлық немесе газлифт əдісі. 
Бұл əдіс қаттағы қысым-
ның шамасы төмен болғанда, мұнай сыртқа атқылай алмайтын 
жағдайда қолданылады. Бұл кезде сырттан берілетін энергия пай-
даланылады. Компрессорлық əдісте сорғыш арқылы ұңғымаға сы-
ғылған газ жіберіледі де, мұнаймен араласады. Соның нəтижесінде 
мұнайдың тығыздығы кемиді, сағалық қысым қат қысымынан төмен 
бола бастайды. Бұның өзі ұңғымадағы сұйықтың жоғары көтерілуін 
қамтамасыз етеді.
Кейде ұңғымаға құбырлар арасындағы айналмалы кеңістік арқылы, 
5 МПа дейін қысыммен табиғи газ жіберіледі. Газ ұңғыма бойында 
мұнаймен араласады да, ондағы процестерді жеңілдетеді.
Терең сорапты əдіс.
Терең сорапты əдіс кең тараған мұнай өндіру 
əдісі болып саналады. Бұл əдіс терең ұңғымаларды пайдаланғанда 
жəне қаттағы қысым күрт азайғанда қолданылады. Осы əдіспен мұнай 
өндіргенде, ұңғыманың белгілі бір тереңдігіне дейін сорапты түсіріп 
орналастырады да, оны əртүрлі əдіспен берілетін энергия арқылы 
іске қосады. 
Мұнайды көптеп өндіруге бағытталған əдістердің бірі – мұнай 
қабатына əртүрлі химиялық реагенттер, беттік-белсенді заттарды ен-
гізу, қабатқа жылумен əсер ету жəне т.б.
Мұнайды газлифттік жəне компрессорлық өндіру тəсілінде 
ұңғымаға берілетін химиялық реагенттер, газлифттік көтергіштің 
пайдалы əсер коэффициентін (ПЭК) жоғарылатады. Жұмыстық газ 
тəрізді реагенттің ең төмен меншікті шығынын қамтамасыз ететін 
құрылымдар, көтергіштің ПЭК жоғарылағанда, газ өндірілетін 
мұ 
най ағынында механикалық диспергирлеумен жасалынады. 
Осын 
дай диспергирленген жүйелердің тұрақтылығы, көбік түзуші 
беттік-белсенділік заттарды қосумен артады. Олар беттік керілу 
құбылысының аз мəнінде айтарлықтай берік газ-мұнай бөліну шека-
расын қалыптастырады. 


47
Бұл əдісті тек сусыз жəне аз суланған ұңғымаларда немесе 
керісінше, өте күшті суланған газлифттік ұңғымаларда қолдануға бо-
лады. Химиялық реагенттер беру орнын таңдау, қазу кезінде өзгеріп 
отыратын нақты мəселелермен жəне ұңғыманы пайдалану тəсіліне, 
өнімдердің қасиеттеріне, термодинамикалық жағдайларға жəне т.б. 
байланысты анықталады. 
Қазіргі кезде біздің елімізде, сондай-ақ əлемнің көптеген мұнай 
кенорындарында аспалы сораптар қолданылады. Поршеньді сорап 
ұңғымаға түсіріледі. Олар аспалы бағаны арқылы тербелуші станокпен 
қосылады. Теңгеруші-тербелуші станок электр қозғалтқышымен іске 
қосылады. Сорап үздіксіз жұмыс істейді, нəтижесінде мұнай жер 
бетіне айдалады.
3-сурет. 
Аспалы терең – сорапты 
қондырғы. 
1 – сорғы қақпақша; 
2 – сығу қақпақшасы; 3 – сорғыш аспа; 
4 – үштік; 5 – сальник; 6 – балансир; 
7, 8 – шатунды механизм; 
9 – қозғалтқыш.
Мұнайды өңдірудің аспасыз сораптар 
қолданып іске асырылатын да əдістері бар. 
Мұндай жағдайда сорапқа электр энергиясын 
ұңғыма бойымен арнайы кабельмен немесе 
энергия көзі болып табылатын сұйық ағынын (сығылғын газ, жылу 
көзі) пайдалану арқылы қосады. Мұнай қабаттарының мұнай беру 
мүмкіншілігін арттыру бағытында, жаңа технологияларды іздестіру 
көптен жүргізілуде. 
4-сурет. 
Сыртқа тепкіш электр сораптармен 
жұмыс істейтін қондырғы. 
1 – электр қозғалтқыш; 2 – протектор; 
3 – торлы сүзгі; 4 – тиемелі сорап, 
5 – кабель; 6 – бағыттаушы дөңгелек
7 – кабельді барабан; 8 – трансформатор; 
9 – басқару станциясы.


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет