Ультракүлгін жəне инфрақызыл спектроскопия.
Мұндай
оптикалық спектроскопиялық əдістерге негіз болатын нəрсе – затпен
жұтылған жарықтың интенсивтілігі немесе толқын ұзындығын
өлшеу. Оптикалық спектроскопия əдісінде жарықтың инфрақызыл,
көрінетін жəне ультракүлгін аймақтарындағы спектрлерін зерттейді.
Ең маңыздысы 5000-200 см
1
жиілік аралығында инфрақызыл
спектрлері жəне 220-800 нанометр аралығында ультракүлгін
спектрлері жатады. Зерттелетін заттың оптикалық спектрлерін түсіру
аса оңай. Мысалы, зат қабаты арқылы монохроматты сəуле шоқтары
жіберіледі, толқын ұзындығы монохроматтар деп аталатын арнайы
қондырғымен өлшенеді. Интенсивтілікті ординат осіне тұрғызып, ал
164
абсциссада – толқын ұзындығы немесе жиілікті көрсетеді. Мысалы,
Бекман ИҚ – спектрометрлерінде бұл тəуелділіктер жазғыш арқылы
сызылып шығады. УК – спектрлерді алғанда арнайы кварцтан жа-
саған кюветтерді қолданса, ИҚ – спектрлерде NaCI, KBr немесе LiF
тұздары қолданылады. Сөйтіп, бензолдық сақинаның спектрлері
немесе метил тобының, қос байланыс, үш еселенген байланыстардың
спектрлері арқылы мұнай құрамындағы парафиндер, нафтендер жəне
арендер туралы тұжырымдар жасалады.
Ядролы магнитті резонанс (ЯМР).
Бұл əдіс басқа да оптикалық
əдістермен бірге, мұнай өнімдерін анықтауда қолданылады. Ол
үшін сынаманы біртекті магниттік өріске орналастырып, қозған
күйге жеткізеді. Протондардың химиялық қозғалуы арқылы спектро-
граммаларын сызып, нəтижесінде зерттелетін ерітіндінің струк-
туралық құрамы анықталады. Бұл əдіс, көбінесе мұнайдың жоғары
температурада қайнайтын фракциясын зерттеу үшін қолданылады.
165
IX тарау
Мұнайды өңдеудің химиялық процестерінің теориялық
Достарыңызбен бөлісу: |