109
Өткен жұмыстың соңы уақыты бойынша кейінгі жұмыстың басы-
мен үйлесетін жұмыстың реті жол деп аталады. Осы мысал үшін
ықтимал жолдар мен олардың ұзақтығы 5.6-кестеде көрсетілген.
Ең ұзақ жол қашық деп аталады. Мысалда 5.2-суретте жуан сызық-
пен белгіленген 2-жол қашық жол болып табылады.
5.6-кесте
Жол
Қандай
жұмыстар кіреді
Ұзақтығы
1
(1-2), (2-4)
1+3=4
2
(1-2), (2-3), (3-4)
1+4+6=11
3
(1-3), (3-4)
2+6=8
5.2-сурет. Ықтимал жолдар
Қашық жолда 1-2, 2-3, 3-4 жұмыстар орналасқан.
Осы жұмыстар
үздіксіз, бірінен кейін бірі орындалады. Қашық жолдағы жұмыстарды
орындаудың ұзақтығы арттырылған
жағдайда соңғы оқиға туын-
дауы кешеуілдейді. Қашық жолдағы
емес жұмыстар кейін басталып,
кешірек аяқталуы мүмкін, сондай-ақ
барлық жұмыстардың аяқталу
мерзімі өзгермегенімен, олар ұзаққа созылуы мүмкін. Осы жұмыстарды
орындаудың ұзақтығын соңғы оқиға
туындайтын уақытты арттыр-
май, арттыруға болатын мөлшер резерв деп аталады.
Қашық жолда
орналаспаған жұмыстарды орындаудың ұзақтығын резервтен аспайтын
110
мөлшерге арттыру соңғы оқиғаның кешірек
туындауына әкеп соқты-
рады. Біздің мысалда 1-3 және 2-4 жұмыстар қашық жолда орналаспаған.
Егер басшы барлық жұмыстардың
мерзімінде орындалуының
қамтамасыз етілуін қадағаласа, онда ол қай жұмыстардың қашық жол-
да орналасқанын білуге тиіс. Кез келген, қашық жолда орналасқан ұсақ
жұмыстың кешігуі барлық жұмыстардың аяқталу мерзімін ұзартады.
Сонымен бірге егер жұмыс қашық жолда орналаспаса, онда оның ре-
зерв шегінде кешіктірілуіне жол беріледі.
Енді желілік кесте графигін құрудың басқа мысалын қарастырайық.
Ол үшін бұрын қарастырылған жағдайды − көшеде сату үшін самса жа-
сауды алайық (5.3-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: