Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз



Pdf көрінісі
бет91/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз:
 
тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы, кроссинговер, 


154
хромосомалардың айқасуы, аддитивтік, интерференция, хро-
мосомалардың генетикалық картасы, хиазмалар, хиазматипия.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы дегеніміз не?
2. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын кім, қашан ашты?
3. Гендер тіркесі деген не?
4. Кроссинговерге анықтама бер.
5. Хромосомалардың айқасуын қалай түсінесің?
6. Интерференцияға анықтама бер.
7. Хромосомалардың генетикалық картасы қалай құрылады?
8. Жыныспен тіркескен белгілер деп нені атайды?
9. Крис-кросс тұқым қуу дегеніміз не?
10. Жыныс хромосомалары жүйесіндегі ауытқулар қалай анықта-
лады?
11. Белгілердің толық тіркесуі дегеніміз не? 
12. Белгілердің толымсыз тіркесуі дегеніміз не? 
13. Кроссоверлік бірлік. Морганида. 
14. Гендердің хромосомада орналасуы. 
15. А жəне В гендері бойынша гетерозиготалы аналық жеміс шы-
бынын рецессивті аталықпен будандастырғанда, 8,2% рекомбинанттар, 
ал М жəне N гендері бойынша гетерозиготалы аналықты рецессивті 
аталықпен будандастырғанда 10,4% рекомбинанттар алынған. М жəне 
N гендерінің арақашықтығы А мен В гендерінің арақашықтығына 
қарағанда неше кроссинговер бірлігіне көп екенін анықтаңыздар. 
16. Егер осы гендер бойынша дигетерозиготалы дараны рецессивті 
гомозиготамен будандастырғанда, алынатын рекомбинанттардың 
мөлшері 6,4% тең болса, А жəне В гендерінің арақашықтығы қандай 
болады?
Тест сұрақтары
1. «Бір хромосомада орналасқан гендер бірге тұқым қуалайды», бұл 
тұжырым 
А) Т.Морганның тіркесе тұқым қуалау заңы
В) Г.Мендельдің ажырау заңы
С) Г.Мендельдің доминанттылық ережесі
D) Г.Мендельдің тəуелсіз тұқым қуалау заңы
E) Г.Мендельдің бірінші заңы
2. Ағзалардың құрылыс жəне даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру 
қасиетін ... деп атаймыз 
А) тұқым қуалайтын өзгергіштік
В) тұқым қуаламайтын өзгергіштік


155
С) 
өзгергіштік 
D) тұқым қуалаушылық
E) 
даму
3. ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу реті (белок 
молекуласындағы аминқышқылдарының орналасу ретін 
анықтайтын) қалай аталады? 
А) генетикалық код
В) 
ген
С) 
триплет
D) 
транскрипция
E) 
аллель
4. ДНҚ-ның бір полипептидтік орамы туралы ақпарат сақтайтын 
бөлігі
А) 
триплет
В) 
хромосома
С) 
ген
D) генетикалық код
E) 
аллель
5. Ядродан рибосомаларға ақпарат таситын молекулалар:
А) 
ДНҚ
В) 
иРНҚ
С) 
тРНҚ
D) 
көмірсу
E) 
ген
6. РНҚ-ға ДНҚ-дан ақпаратты көшіру үдерісі:
А) 
биосинтез
В) 
редупликация
С) 
трансляция
D) 
транскрипция
E) 
транслокация
7. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін 
салушы:
А) 
Г.Мендель
В) 
Т.Морган
С) 
У.Бетсон
D) 
Сэттон
E) Э. Чермак
8. Фенотиптік көрінісі тек бір жыныста ғана байқалатын гендер:
А) жыныспен тіркескен гендер
В) жыныспен шектелген гендер
С) тіркескен гендер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет