Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет98/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg
33552 960345 14
161
8. ӨЗГЕРГІШТІК
Өзгергіштік барлық тірі ағзаларға тəн қасиет. 
Өзгергіштік
 деп 
жаңа белгілерге ие болу немесе бұрынғы белгілерінен айырылу 
қасиетін түсінеді. Өзгергіштік тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық 
қасиетімен тең басты ерекшеліктері. Төмендегі 18-кестеде 
өзгергіштік түрлері келтірілген.
18-кесте
Өзгергіштіктің түрлері
Өзгер-
гіштік
түрі
Түрі
Тобы
Топ тармағы
Мəні
1. Моди-
фика-
циялық
1. Геном-
дық 
Сыртқы ортаның 
жағдайының өзгеруіне 
белгілі бір генотиптің 
реакциясы
2. Гено-
типтік
Мута-
ция-
лық 
2. Хро-
мо-
сома лық
қайта
құрылу 
а) полипло-
идия
б) гетероплои-
дия
Хромосомалардың 
диплоидты жинағының 
бірнеше рет артуы (18, 36, 
54 – хризантема гүлінің 
хромосомалар жиынтығы)
Митоз немесе мейоздың 
хромосомалар саны га-
плоидты болмай қалуы
а) делеция 
(жетіспеу шілік)
б) дупли кация
(екі есе лену)
в) инверсия 
(бұрылу)
г) трансло кация 
(орнын ауыстыру)
Тізбектегі хромосома 
бөлігінің жоғалуы
Хромосоманың
дубльдеуші бөлігінің 
келіп қосылуы
Хромосома бөлігінің үзілу 
кезінде 180
0
 бұрылуы
Хромосома бөлігінің 
гомологты емес хромосо-
мага ауысуы
3. Гендік 
(нүк-
телік)
мута ция
Ген құрылымының өзгеруі
11–1156


162
3.Комби-
нативтік 
өзгер-
гіштік
1. Мейозда гомолог-
ты хромосомалардың  
тəуелсіз (кездейсоқ) 
таралуы
2.Ұрықтану барысын-
да хромосомалардың 
кездейсоқ үйлесуі
3.Кроссинговер 
нəтижесінде гендердің 
рекомбинациясы
Өзгергіштіктің үлкен биологиялық маңызы туралы алғашқы 
жүйелі ғылыми пікір айтқан Ч.Дарвин болды. Ол тұқым 
қуалаушылық, өзгергіштік жəне сұрыптау (табиғи немесе қолдан 
сұрыптау) органикалық дүние эволюциясының негізгі үш қозғаушы 
күші екенін толық дəлелдеді.  
Тұқым қуалайтын өзгергіштік ұрпақта ата-аналарының 
ерекшеліктерінің əртүрлі қисындасуына, яғни олардың жаңа ком-
бинация құруынан немесе жасушаның генетикалық аппаратының, 
геннің басқа да элементтерінің өзгеруінен кенеттен пайда болуы 
мүмкін. Осыған байланысты тұқым қуудың екі түрлі өзгергіштігі бо-
лады – ол 
комбинативтік
 (қисындасу), 
мутациялық
 (кенеттен пайда 
болған) жəне 
модификациялық 
немесе тұқым қуаламайтын сыртқы 
ортаның əсерінен туған өзгергішітк. Сонымен қатар коррелятивті 
өзгергіштік (өзара байланысты) маңызды орын алады. 
Комбинативтік
 
(лат. «комбинацис» – үйлесу, қисындасу) өзгер-
гіштік əр түрлі шағылыстыру, будандастыру арқылы алынған малдың, 
өсімдіктің ұрпақтарында байқалады. Бұл өзгергіштіктің салдарынан 
жаңа тұқым қуалау белгілері пайда болмайды, тек қана ата-анасының 
гендерінің алмасуы арқасында жаңа белгілер үйлесімі пайда болады.  
Комбинативтік өзгергіштіктің негізінде көптеген мал тұқымдары 
шығарылады. Мутациялық үрдістің қысымы комбинативтi 
өзгергiштiкке байланысты күшейедi. Пайда болған жеке мутациялар 
басқа мутациялармен көршiлес болады, жаңа генотиптер құрамына 
кiредi, яғни аллельдердiң көптеген үйлесiмдерi түзiледi. Кез келген 
дарабас генетикалық жағынан ерекше. Мысалы, егер гомологиялық 
хромосомалардың əр жұбында аллельдi гендердiң тек бiр жұбы бол-
са, онда хромосомалардың гаплоидты жиынтығы 23-ке тең адамда 
мүмкiн генотиптердiң саны 3-тi құрайды. Генотиптердiң мұндай 


163
көп мөлшерi жер бетiндегi барлық адамдар санынан 20 есе артық. 
Бiрақ iс жүзiнде гомологиялық хромосомалар бiрнеше гендер бой-
ынша ерекшеленедi жəне есептеуде айқастану құбылысы есеп-
телмеген. Сондықтан мүмкiн генотиптер мөлшерi астрономиялық 
санмен көрiнедi жəне сондықтан бiрдей екi адамның пайда болуы 
мүмкiн емес деп нақты айта аламыз. Сонымен, мейоздағы бiрiншi 
бөлiнудегi хромосома айқасуы нəтижесiнде гендердiң алмасуы мен 
жыныс үрдісінде гаметалардың кездейсоқ қосылуы – комбинативтi 
өзгергiштiктiң болуын қамтамасыз ететiн фактор.
Коррелятивтік
 
(өзара байланысты) 
өзгергіштік
. Тұқым қуа-
лау 
шылық пен ортаның əсерінен ағза біртұтас өсіп, дамиды. 
Сондықтан бір мүшенің немесе ұлпаның өзгеруі басқа мүшелер, 
ұлпалардың өзгеруіне əкеп соғуы мүмкін. Мысалы, гипофиздің 
алдыңғы бөлігінің жетілмеуі ағзаның бойының жəне жыныстың 
өсуін тоқтатады.
Генотиптік өзгергіштік.
 Ағзаның белгілері мен қасиеттерінің 
өзгеруіне геннің немесе жасушадағы генетикалық аппараттың басқа 
да элементтерінің өзгеруіне байланысты. Мұндай өзгергіштікті 
мутация
 деп атайды. Кейбір жыныс жасушаларында пайда бола-
тын мутация келесі ұрпақтарда да сақталады. Мысалы, гомози-
готалы ақ үй қояндарынан қара түсті ұрпақтарының өсіп жетілуі. 
Генотиптік өзгергіштік кейде гендердің арасында болатын əртүрлі 
комбинацияларға да байланысты. Яғни, гендер бір-бірімен орын 
алмастырғанда жаңа белгілер мен қасиеттер пайда болуы мүмкін. 
Мутациялық жəне комбинативтік өзгергіштік тек қана генотиптің 
өзгеруіне байланысты жəне ұрпаққа беріледі. Сондықтан оларды 
генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет